Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Дәрілік өсімдіктерінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері

No description
by

ALMAGUL UVALIEVA

on 25 April 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Дәрілік өсімдіктерінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері

Дәрілік өсімдіктерінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері
Увалиев И.К.
Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі


Мақсаты:өсімдіктердің пайдасы жайлы мағлұмат беру.
Дәрілік өсімдіктер,шипалы өсімдіктер-медицинада емдеу және
аурудың алдын алу мақсатында қолданатын өсімдіктер.
Дәріні көбінесе жабайы және үй өсімдіктерден алады.
Міндеті:
1. Өсімдіктер жайлы негізгі түсінік беру
2.Шипалы өсімдіктердің пайдалану жолына
қарай жіктеу
Өзектілігі:
пайдалы өсімдіктер екеніне көз
жеткізу болды.
Күтілетін нәтиже:
Өсімдікке биологиялық
сипаттама беру
Дәрілік өсімдіктерді дайындау үшін шикізат
ретінде пайдаланылатын дәрілік
өсімдіктердің бөлек іріктелуі туралы зерттеу.
Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері
бар екенің зерттеу туралы және
оны пайдалану жолдары туралы зерттеу.

Дәрілік шөптер –
денсаулық кепілі .

«Мың теңге тұратын дәрі
шарбағыңның
дәл түбінде өсіп тұр»
Халық даналығы

Дәрілік шөптер –
денсаулық кепілі .

«Мың теңге тұратын дәрі
шарбағыңның
дәл түбінде өсіп тұр»
Халық даналығы

жүрек ауруларын емдеуге - 70%,
ішек – қарын, бауыр дәрілерінің 75%,
жатыр ауруларының
шипалы дәрі –дәрмектерінің 80%,
қақырық түсіретін дәрілердің 80%,
қан тоқтатын дәрілердің 65%
тек өсімдіктен алынады.

Елімізде өсетін 20 мыңнан астам түрлерінің
2500 – інің шипалық маңызы бар.Бұның 600-ге жуық түрінен дәрі дайындауға шикізат ретінде пайдалануға болады.
Алайда медицинаға 200-ге жуық дәрілік өсімдіктер түрі белгілі. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдіктің түрінің
500-і дәрілік өсімдіктерге жатады.

Алоэ — үй гүлдерінің королі

Отаны-Оңтүстік Африка.
Таралуы:
Африка мен Индияның жартылай
шөл далаларында,
Мадагаскарда кездеседі.
Алоэ-асфоделовтар тұқымдасының
суккулентті өсімдіктер туысы,
400 түрі бар. Олар мәңгі жасыл немесе
алабажақ, шөптесін, бұта,
ағаштектес көпжылдық өсімдік.
Суккулентті, жапырағының
жиектері тегіс немесе ара тісті.

Алоэ өсімдігін өсіру орыны
Қыста жарық жерде,
ауа температурасы
+10°C деңгейінде болатын
орында ұстауға болады.

Тыңайту: жазда айына бір
рет кактустарға арналған
тыңайтқыш арқылы топырағын
құнарландыруға болады.
Суару: жаз уақытындағы вегетация кезеңінде (өсу кезеңі) алоэнің
су сақтағыш ұлпалары (суккуленттері) ылғалдылықты
көп қажет етпейді. Сондықтан, әр бір суарудан соң
топырақтың кебуі (құрғауы) керек. Қыста салқын жерде
тұратын болса, көп суарудың қажеті жоқ.
Дұрыс суармаудың нәтижесі алоэнің ауруына
әкеліп соғады. Крандағы салқын суды бірден
құюға болмайды. Суды тек топырақ құрғаған
кезде ғана құйған абзал.

Алоэ өсімдігін қолдану ерекшелігі

Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жапырағын кесерден
2 апта бұрын суармау керек. Емдік мақсатқа
3-5 жылдан асқан алоэ ғана жарайды.
Жинау уақыты: жыл бойы.
Қасиеті: кермек дәмді, усыз келеді.

-өт жолдары аурулары
- бүйрек, бауыр аурулары
- гипертония
-гемморой
-жүктілік мерзімі

Алоэның қарсы көрсетілімдері

Алоэның пайдасы

Өкпе туберкулезі

Тәбет ашады
Ангина
Күйік
Жараларды жазу
Ағзаның жалпы жағдайын жақсарту

Рак жасушаларының
өсуіне тосқауыл жасайды
Суық тию
Жөтел

Иммунитет
Алоэның қолданылуы және басты ем болатын
аурулары және дайындау әдістері
1. Иммунитет көтеруде: 500 г жаңа кесілген алоэ жапырағын грек жаңғағы дәнімен араластырып, ет тартқыштан өткіземіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір ас қасықтан күніне 3мезгіл бір ай ішу керек.
2. Тісті ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, алоэдан 1 г ұнтақтап, оны тіске басады.
3.Сыртқы жарақаттан қан шыққанда алоэден лайықты мөлшерде алып, жаншып жарақатқа таңады.
4. Демікпеге жас алоэні езіп, шырынын күніне 3 рет, әр ретте 5 мг ішеді.
5.Шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэның жапырағын тіліп, жараның аузына тартады. Шиқанның соқтасын соруға, тез жазылуына, әрі қарай созылмауына алоэ жапырағы көп көмектеседі.
6. Адамның тәбетін ашуға, іш қатқанда, асқазан ауруына, ішек аурулары мен баспаға жақсы ем. [ 4]
7. Бал қосылған алоэ шырыны туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады.

Итмұрын
– раушан гүлдер тұқымдасына
жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер туысы. Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі.Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі.

Ылғалды жақсы көреді, топырақтың да,
ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сүр-қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен бұтақтарыұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың жеп қоюынан сақтайды.Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан.

Ылғалды жақсы көреді, топырақтың да,
ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сүр-қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен бұтақтарыұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың жеп қоюынан сақтайды.Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан.

Итмұрын. Жемісінің құрамында
дәрілік заттар, С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөл-шерде белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын жемісі, тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы.

Медицинада итмұрынды поливитамин
ретінде, ағзада дәрумендер жетіспегенде, атеросклерозға қарсы, қан қысымы көбейгенде, қан аздыққа, иммунитетті көтеруге, сынған сүйекті тез бітіретін және бауыр ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде пайдаланады. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Әдемі гүлдерінің арқасында көгалдандыруда кең қолданыста. Бұтағы тікенекті болғандықтан, қоршаудың орнына өсіруге де болады. 

Мойыл. Биіктігі 3,5-8 метрлік,
ағаш немесе бұталы өсімдік,
жемісі – қара сүйекше.
Дәрілік шикізат –
жемісі.

Жеміс тұнбасы жас
бұзаулардың іш өтуін тоқтатады.
Шыбын-шіркей, кене т.б.
зиянкестерді қыру үшін ағаш
қабығының тұнбасы
пайдаланылады. Ол үшін ағаш
қабығының 100 граммы 5 литр
суға ерітіліп, шыбын-шіркейі
мол жерге шашылады.
Қарақат еліміздің таулы
аймақтарында, қалың
орман арасында, өзен-көл
жағаларында табиғи өсетін,
көп жылдық бұта тектес өсімдік.
Қарақат қара және қызыл
болып екіге бөлінеді.
Екеуінің де тағам жемістік
қасиетімен қоса дәрілік
ерекшелігі де бар. Ол зәр
жолдарында тас байлануға,
қуық қабынуға дәрі болады.

Қарақаттың жаңа сығылған
шырынын ұмытшақтықты
бастыратын, қан қысымын
реттейтін, жүрек қантамырларының,
жүрек құлақшасы мен жүйкесіне әсер
ететін дәрі ретінде де тиімді пайдаланады.
Оның биіктігі 1,5 метрге дейін жетеді.
Бір түптен бірнеше сабақ шығарып, жапырақтары жазылған алақан тәрізді, жиектері шағын ара тісті болып келеді.

Қарақаттың жаңа сығылған шырынымен адам ағзасындағы зат алмасуды реттеу үшін күн сайын бір стақаннан 2-3-ке бөліп ішіп отырса, пайдалы екенін уақыттың өзі көрсетті.
1. Қызылқат және қарақаттан жасалған қоймалжың тұнбамен асқазан-ішек жолдарының ауруларын, асқазан сөлінің кеміп кетуін күн сайын 200-300 грамм таза шырынмен емдейді.

2. Суықтан тұмау тиіп, тыныс жолдарының
жұмыс қабілеті төмендеп кеткен жағдайда 2 ас қасық қарақат жемісін 300 г қайнап тұрған суға салып, тағы да 10 минут ақырын қайнатады. Жарты сағат бұқтырады. Осыны астан 15-20 минут бұрын әр жолы 2 ас қасықтан ішеді. Күніне үш рет. Бір емделу барысы 15 күн.
3. Жапырақтары мен жас бұтақтары өт жолының тасын түсіретін шөптерге қосылады. Бұл жемістердің ешқандай уыты болмағандықтан қалағанынша жеп, қалағаныңызша істетуге болады.
Full transcript