Loading presentation...
Prezi is an interactive zooming presentation

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Untitled Prezi

No description
by

Marzhan Kadyrbayeva

on 13 March 2013

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Untitled Prezi

Бағдарламалау тілдері, түрлері.
Бағдарламалау тілдерінің құрылымы. Қорытынды Бағдарламалау тілі (гр.programme - нұскау, хабарлау) — хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы. Бағдарламалық тілдерде символдарды бірізділікпен өңдеугеқажет мәтіндер алдың ала жазылып кояды, мәтіндерді бұйрықты тапсырма деп қарауға болады. Бағдарламалау тілі, программалау тілі — мәліметті (деректі, ақпаратты) және олардың алгоритмін (бағдарламасын) ЭЕМ-де өңдеуге арналған формальды (жасанды) тіл. Ол алфавитінің берілуімен (бастапқы символдар сөздігі), оның синтаксисі (грамматикасы) мен семантикасының дұрыс сипатталуымен анықталады. Бағдарламалық тілдердің өзіне тәң сипаты — символдық, сөздік, сөйлемдік, мәтіндік деңгейлердің аражігі белгісіздігінде мәтіндерді жазып, ЭЕМ-ге енгізуде ондағы жетімсіздік басқа символдармен толықтырылады.
Бағдарламаларды ЭЕМ-де тікелей орындауға арналған алгоритмдерді ЭЕМ-ге түсінікті мәтін ретінде жазуға арналған қарапайым жасанды тіл бағдарламалау тілдері деп аталады. Бағдарлама жазуды жеңілдету үшін математикалық формулаларды кеңінен қолданылатын , ағылшын тілінің негізінде жасалған алгоритимдік тілдер Бейсик, Паскаль, Фортран, Си кеңінен қолданылады. Алгоритмдік тілдер 2-ге бөлінеді Машинаға бағытталған тілдер.
Оларға- автокод, макроассемблер , ассемблер. Проблемаға бағытталған тілдер. Бұларға -Бейсик, Фортран , Си жатады. Есептің программалау тілінде жазылуы Транслятор (аудармашы) Есептің машина тіліне жазылуы Есепті шығару ЭЕМ-де кез келген программалау тілінде жазылған есеп машина тіліне аударылып орындалады. Программалау жүйесі-программалауды автоматтандыру құралы.
Транслятор-бір тілді екінші тілге аудару программасы.
Интерпретатор-команданы бірден аударып, орындауға арналған программа.
Компилятор- алгоримтдік тілдің конструкцияларын толығымен машиналық кодқа түрлендіретін программа. Паскаль, Си тілдерінің трансляторы -компилятор түрінде болады. Бастапқы жазылған программа мәтіні машина тіліне аударылады да , объектілік модуль деп аталатын программа коды шығарылады. Объектілік модуль Программа аралық байланыс редакторы деп аталатын программа арқылы өңделгенне кейін барып жұмыс істеуге дайын болады.
Бағдарламалау тілі нақты бір процессор типінің ерекшеліктерін есепке ала отырып жұмыс істейтін болса , онда ол төменгі деңгейдегі бағдарламалау тілі деп аталады.
Жоғары деңгейлі программалау тілдері нақты бір компьютерлік архитектура ерекшеліктерін есепке алмай жұмыс істейді. Процессорға сәйкес транслятор жазылған компьютерге оңай көшіріледі. Фортран
IBM фирмасы жасап шығарған Фортран бағдарламалау тілі ең алғашқы және сәтті компилятор болып табылады. Профессор Дж. Букс пен американдық мамандардың бір тобы бұл тілді алғаш рет 1954 жылы жария етті. Толық түрінде FORmulae TRANslation – формулаларды түрлендіру.
Фортран тілінің көпке шейін сақталуының себебі Фортран тілінің өзінің және оған арналған трансляторлардың қарапайым құрылымы болып табылады. Фортран тіліндегі бағдарлама белгілі бір стандарттар бойынша құрастырылады, операторлар тізбегі қатаң ретпен жазылады. Фортран тілінде жазылған бағдарлама бір немесе бірнеше сегменттердің жиынтығы болып табылады. Бүтін бағдарламаның жұмысын басқаратын сегмент негізгі бағдарлама деп аталады.
Фортран тілі ғылыми және инженерлік-техникалық салаларда қолдану үшін ойлап табылған. Алайда бұл тілде тармақталған логикалық есептер, экономикалық есептер және де әсіресе безендіру есептері (кестелерді, сілтемелерді, ақпартізімдерді құрастыру және т. б.) оңай сипатталады.

1958 жылы Фортран тілінің модификациясы – Фортран ІІ пайда болды. Араға бірнеше жыл салғаннан кейін 1962 жылы Фортран ІҮ, қазіргі кезде жиі қолданылатын тілдердің бірі, пайда болды. 1966 жылы Фортран тілінің екі жаңа стандарты шықты: Фортран және базисті Фортран (Basic FORTRAN).
Кобол бағдарламалау тілі 60-жылдарда жасалған, ол экономикалық салада бизнес-есептерді шығаруда қолданылады. Оның ерекшедігі «көпсөзділігінде» болып табылады – оның операторлары кәдімгідей ағылшын фразаларына ұқсайды. Кобол тілінде сан алуан сыртқы тасымалдағыштарда сақталатын өте ауқымды ақпараттармен жұмыс жасау үшін қуатты құралдар жасалған. Бұл бағдарламалау тілінде қазіргі таңда көп қолданылатын қосымшалар жазылған.
Алгол – 1960 жылы шығарылған компиляторланатын тіл. Негізінен, алгол тілі фортран бағдарламалау тілінің орнына қолданылу үшін жасалынған болатын, алайда оның құрылымы өте ауқымды болғандықтан, бұл бағдарламалау тілі кең тараған жоқ. 1968 жылы Алгол 68 версиясы пайда болды. Бұл версия өзінің мүмкіндері жағынан қазіргі кездегі көптеген бағдарламалау тілдерінен басым болып табылады, алайда сол заманда жетілдірілген компьютерлер болмауы салдарынан бұл тілге сәйкес тиімді компиляторлар жасап шығару мүмкін болған жоқ еді.
Бейсик тілі 1964 жылы Англияда шығарылған. Бұл тіл, негізінен, бағдарламалауды оқыту тілі болып табылады. Толық түрінде Beginner`s All-purpose Symbolic Instruction Code (BASIC) – бастаушыларға арналған көп мақсатты символдық оқытушы код.

Көп ұзамай бұл бағдарламалау тілінің үйренушілері және авторлары Бейсик тілінің Фортран тіліне ұқсас екенін аңғарады. Бұл тіл оңай қабылданғандықтан, Фортран тіліне қарағанда бұл тілдеағдарламалар жылдамырақ құрастырылатын. Сонымен қатар Бейсик тілі дербес компьютерлерде қолайлы болған. Осылайша Бейсик тілі әйгілі тілдердің біріне айналады.
Си бағдарламалау тілі Bell лабораториясында жасалған. Бұл тілді ассемблердің орнына қолдану үшін шығаруды жоспарлаған еді. Си – бұл жалпы тағайындаудың тілі, ол өзінің үнемділігімен, тиімділігімен және тасымалданғыштығымен ерекшеленеді. Аталған ерекшеліктер арқасында Си тілі арқылы бағдарлама өнімдерінің кез келген түрін жасауға болады. Си тілі құралдық тіл ретінде қолданғанда, жедел және тұтас бағдарламаларды құрастыруға болады Бұл бағдарламалау тілі 1980 жылы пайда болды. Оны құрастырған Бьяр Страуструп. Оның атауын ойлап тапқан Рик Масситти деген адам. Бұл Си атты бағдарламалау тілінің Си++ тіліне эволюциялық түрде көшуін білдіреді. Си++ - бұл Си тілінің объектігі бағытталған кеңейтілген түрі.
Си++ үшін базалық тіл ретінде Си-дің таңдалды, себебі ол:
көпмақсатты, ықшамды және біршама төмен деңгейлі;
жүйелік бағдарламалаудың мақсаттарының көбісіне жауап береді;
UNIX бағдарламалау ортасында жарамды болып табылады Ява Бұл тіл 90-жылдарда Sun компаниясымен Си++ негізінде шығарылған болатын. Бұл тіл Си++ тілінің жетілдірілген түрі болып табылады. Ол Бейсиктен кейін дүние жүзі әйгілі тілдердің ішінде екінші орында. Tiobe компаниясы жариялаған, бағдарламалау тілінің рейтингісі келесідей:

Бағдарламалаудың ең атақты тілі Java (бірінші орын) және С.
Уеб-қосымша бағдарламадағы серверлік бөліктің атақты бағдарламалық тіліне PHP. Бұдан кейін Python және Perl.
JavaScript —клиенттік уеб-бағдарламаға арналаған топ-тіл.
Objective-C (5-ші орын): Apple өнімінің атағы әсер еткен шығар.
Объектке бағдарланған -ObjectOriented) тілдер үлесі 50%, процедуралық - 36%.
Паскаль тіліндегі мысал: бір санның факториалын табу. procedure fact (k : integer; var a : integer);
var x : integer;
begin
a:=1;
for x:=1 to k do
begin
a:=x*a;
end;
end;
Мұндағы k – формальды параметр-аргумент, яғни негізгі бағдарламадан келген сан. а – формальды параметр-нәтиже, яғни негізгі бағдарламадан келген санның факториалы.
Паскаль тіліндегі процедураны негізгі бағдарламаның командалар бөлігінен шақырылу командасын қарастырайық:
<процедура аты> (<шын мәнінде берілген параметрлер тізімі>);
Мысалы: fact(i,s);
80-жылдардың ортасында бағдарламалау негіздерінде жаңа бағыт – объектіге бағытталған бағдарламалау пайда бола бастады. Мұндай бағдарламалауға Delphi 7, Visual Basic және С++ сияқты тілдері жатады.
1991 жылы Microsoft корпорациясы компьютерлік әлемге Visual Basiс бағдарламалау жүйесін ұсынады.
Visual Basiс – оқиғалы-бейімделгіш бағдарламалауды ұстанатын (поддерживающий) алғашқы тілдердің бірі. Оқиғалы-бейімделгіш бағдарламалауда әрбір қадамды толықтай сипаттаудың орнына әр түрлі оқиғаларға, яғни пайдаланушының әрекеттеріне қалай жауап қайтару керек екенін (реагировать) көрсетсеңіз болғаны.
Бұл бағдарламалау жүйесі арқылы бір ауқымды бағдарлама емес, Windows-тың пайдаланушы басқаратын, өзара байланысты микропрограммалары (процедура) бар қосымшасы құрастырылады. Visual Basiс көмегімен осындай қосымшаларды жылдам құрастыруға болады, ол үшін міндетті түрде бұл тілді терең, профессионалды түрде меңгеру қажет емес.
Өңдеудің интеграцияланған ортасы.
Visual Basiс-тің жұмыс ортасын өңдеудің интеграцияланған ортасы деп жиі атайды (Integration Development Eniroment немесе қысқаша IDE), себебі оның сан алуан функциялары бар: жобалау, редакциялау, компиляциялау және қателерді іздеп, түзету.
Сайып келгенде, IDE дегеніміз – бұл бағдарлама жасауға қатысатын құралдар үстелі мен жұмыс ортасы. Бағдарламалауды іске қосқан кезде ең қажет деген элементтер экранға шығады. Оларға қоса ондаған көмекші және жасырын терезелер бар, олар тек пайдаланушыға керек кезде ғана шақырылуы мүмкін.
VISUAL BASIC Программалу тілдері және негізгі классификациясы
Қазіргі кезде 3500-ден жоғары әр түрлі программалау тілдері бар және осылардың ішінен шектелген саны ғана программалық бөлімді құруға жаппай қолданылады. Программалау тілдерінің саны көп болуына байланысты олардың біршене классификациясы бар. Оның ішінде негізгі 2 түрге: фукционалдық мәніне (қызметі) және қолданылатын программалау технологиясына байланысты бөлінеді. Программалау тілдері фукнционалдық мәніне байланысты 4 үлкен классқа бөлінеді:
1)программалауға үйретуші;
2)жалпы мәнді;
3)проблемалық-бағытталған;
4)параллель программалаушы.
Программалауға үйретуші тілдер қатарына жататын жоғарғы деңгейлі тілдердің негізгілері Logo, Basic және Pascal. Logo тілі 60-шы жылдардың аяғында С.Пейперттің басшылығымен құрылды және ЭЕМ жаңа қолданушыларға, балаларға программалаудың негізін үйретуге бағытталған. Үйретуге арналған жоғары деңгейлі тілдердің ішіндегі кең тарағаны 1965 жылы Д.Кемени мен Т.Курц құрған Basic тілі. Дербес компьютерлерге бірінші қолданылған жоғарғы деңгейлі тіл және операциялық ортасы – Basic тілі. 60-жылдардың ортасынан бастап мамандар арасында құрылымдық программалау мәселесі көтеріле бастады. 1971 жылы Н.Вирт құрылымдық технологияға үйретуші Pascal тілін құрды. Программалауға үйретуші Жалпы мәнді жоғары деңгейлі тілдер қатарына әр түрлі класс есептерін тиімді программалауға бағытталған тілдер жатады. Бұл классқа жататын тілдердің негізгілері C, Modula, Ada тілдері. Бұл тілдердің негізі 1966 жылы құрылған, ғылыми, пәндік облыстағы есептерді программалауға мүмкіндік беретін PL/1 тілі. PL/1 тілі ЖС ЭЕМ сериялы модельдерде кеңінен қолданылды. Си тілін 1972 жылы Д.Ритчи құрды және Unix операциялық жүйесі осы тілде жазылды. Си тілі ассемблер тілінің де және жоғары деңгейлі тілдің де мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін болғандықтан орта деңгейлі тіл деп атайды. Pascal тілінің идеологиясын тарату мақсатымен Н.Вирт 1980 жылы Modula–2 тілін құрды. Бұл программалау тілінің негізі – программа бір-біріне тәуелсіз модульдерден тұрады.
1978 жылы қазіргі АҚШ-та әскери қаруды басқаруға қолданылатын қосымшаларды программалуға арналған Ada тілі құрылды. Ada тілі құрылымды программалау тілі болып табылады және параллель программалау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді
Жалпы мәнді Проблемалық–бағытталған жоғары деңгейлі тілдер деп нақты пәндік облыс есептерінің мәселесін түгел қамтитын тілдерді атаймыз. Бұл классқа жататын бірінші жоғары деңгейлі тіл – Fortran тілі. Fortran-I тілін 1956 жылы IBM фирмасы құрды және ғылыми-техникалық есептерді шешуге арналған. Параллель программалау тілдерінің негізі – параллель есептеулерді программалау процесін ықшамдау, параллель архитектуралы есептеу машиналарына арналған параллель программалық жүйелердің тиімдісін алу. Параллель программалауды жабдықтаудың қиындығы тиімді параллель жөндеушілерді құру. Қазіргі кезде қолданылып жүрген интерактивті параллель жөндеушілер IPSC (Intel фирмасының дербес компьютерлеріне арналған) және PDBX (мультипроцессорлы ЭЕМ арналған). Жиі қолданылатын векторлы матрицалық есептерге параллель программалар кітапханасы құрылған, BLAS- сызықтық алгебра программаларының кітапханасы, NAG – сандық алгоритмдер кітапханасы. Бұл есептерге белгілі матрицалы параллельдеушілер ProSolvar (Intel фирмасы) және жалпы мәнді параллельдеуші Parafrace (Д.Кук құрған) қолданылады.

Бағдарламалау тілдері төменгі деңгейден жылдар өте келе жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдеріне дейін дамыған. Осы даму барысында не жаңадан тілдер ойланып табылып немесе бұрын болған тілдерді жетілдіру арқылы жаңа бағдарламалау тілдерін жасаған. Осы бағдарламалау тілдері арқылы біз машинамен, яғни компьютермен қарым-қатынас жасауға, аз да болса бір-бірімізде түсінуге септігін тигізеді. Егер бағдарламалау саласындағы жаңаша технологиялардың даму қарқынын қарайтын болсақ, онда келешекте аса жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдері пайда болатыны күмән туғызбайды
Full transcript