Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Араб Шығысы мен мұсылман елдерiндегi саяси-құқықтық ойлар

No description
by

Abyl Ay

on 4 February 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Араб Шығысы мен мұсылман елдерiндегi саяси-құқықтық ойлар

Араб Шығысы мен мұсылман елдерiндегi саяси-құқықтық ойлар
1. Мұсылман құқықтық ойының қалыптасуы мен дамуы.

2. Мұсылман елдерi ойшылдарының еңбектерiндегi мемлекет және саясат мәселелерi.

Халифат туралы мұндай түсi-нiктен қазiргi заман авторлары — халифты мұсылман мемле-кетiнiң басына келген жеңiлдiк пен артықшылыққа ие болған билеушi ретiнде емес, мұсылман қоғамында дiни сенiм мен нанымды сақтау және саяси билiк қызметiн iске асыратын тұлға ретiнде тұжырым жасауға негiз бередi.
Әл-Маварди еңбектерiнде халифаттың пайда болу мәселелерi көбiрек орын алған. Оның мұсылмандық саяси концепциясында халифат билiгi халифтi сайлаушы және оның билiгiн бақылаушы қауым өкiлдерi берген өкiлеттiк негiзiндегi қажеттiлiк түрiнде көрiнедi. Мұнда халиф билiгiнiң басты мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мұсылмандық құқық нормалары мен мұсылмандардың дiни парыздарын орындауын бақылау аталады. Дегенмен, халиф билi-гiнiң басты мiндетi мемлекеттiк және қоғамдық iстерде анархия-ға жол бермеу, тәртiп пен заңдылықты сақтау болып табылады.
VIII—X ғасырларда иджтихадтың кең түрде дамуы мұсыл-ман құқықтанушыларына мұсылман құқығының жалпы прин-циптерi мен нақты нормаларының басым көпшiлiгiн қалып-тастыруына алып келдi. Бұл кезең мұсылман құқығы дамуының алтын ғасыры деген атқа ие болды. XI ғасырдан бастап мұсылман құқығының бiрнеше құқық-тық мектеп-ағымдары дамыды. Оның бiрi сунниттiк бағыттағы мұсылман құқығы 1. Хани-фиттiк — негiзiн салушы Әбу Ханифа (699—767 ж.ж.) (Иран, Түркия, Ауғанстан, Пәкiстан, Үндiстан, Египет); 2. Маликиттiк — негiзiн салушы Малика бен Анас (713—795 ж.ж.) (Солтүстiк және Батыс Африка); 3. Шафиттiк — негiзiн салушы аш-Шафий (767—819 ж.ж.) (Сирия, Индонезия, Шығыс Африка);
4. Ханба-литтiк — негiзiн салушы Бен Ханбала (780—855 ж.ж.) (Арабия). Шииттiк бағыттағы мұсылман құқығы да джафариттiк, ис-маилиттiк, зейдиттiк және т.б. мектеп ағымдарға бөлiндi. Жалпы ұқсас мәселелердi шешуде олардың әртүрлi құқық-тық нормаларды пайдалануы бұл мектептердiң заңдық тұрғысы жағынан бiр-бiрiнен айырмасы барын көрсетедi. Мұсылман заң-герлерiнiң арасында олардың ең икемдiсi ханифиттiк мектеп болып табылады. Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейiн оның iзба-сарлары — халифтердiң билiкке келуi мұсылман қауымының екi-ге — сунниттер мен шииттерге бөлiнуiне алып келдi. Шииттер мұсылмандарды пайғамбардың тiкелей мұрагерлерi басқаруы керек десе, сунниттер оны қостамайды. VII ғасыр мен VIII ғасырдың ортасына дейiн мұсылман құқығының қайнар көздерi құран, сунна, иджма және пайғам-барлардың iзбасарларының айтқандары (қияс) болып келсе, бұдан кейiн бұл роль доктринаға көштi. Мектеп — ағымдардың пайда болуы мұсылман құқығының басты қайнар көзi ретiнде доктрина ережесiн iс жүзiнде бекiтiп бердi.
Мұсылман құқығы рулық-тайпалық құрылыстың ыды-рау және Араб халифатында VII—X ғасырларда феодалдық қо-ғамның қалыптасу кезеңiнде пайда болды. Орта ғасырларда тамырын тереңге жайған мұсылман құқығы мен оның ерек-шелiктерiн оқып үйрену өте маңызды. Бүгiнгi күнге дейiнгi саяси өмiрде мұсылман құқығының нормалары кеңiнен қолда-нылады. Мұсылман құқығы — шариғат VII ғасырдан бастап-ақ көр-шi елдерге кеңiнен таралды. Негiзiнен жаулап алу жорықтары арқылы таралған мұсылман құқығы кейiннен Орта Азия, Закав-казье, Шығыс, Батыс және Солтүстiк Африка, Оңтүстiк-Батыс, Оңтүстiк-Шығыс және Батыс Азияда кеңiнен қолданыла баста-ды. Мұсылман құқығы жүйесiнде құран басты орын алады. Мұсылмандар үшiн қасиеттi болып саналатын бұл дiни кiтап барлық оқиғаларды түсiндiредi, адамның өмiрге келуi мен өлуiне дейiнгi барлық жағдайға талдау жасайды және түсiнiк бередi. Мұсылман құқығының пайда болуы мен дамуы, оның қай-нар көздерi мен құрылымының және жұмыс iстеу механизмдерi екi бастаманың — дiни-этикалық және құқықтың арасындағы өзара қарым-қатынасты бiлдiредi.
Мұсылман құқығының құра-мында өзара тығыз байланысты екi топ айқын көрiнедi. Бiрiншi топты Құранның құқықтық қағидалары мен құдайға байла-нысты дәстүрлерi және Мұхаммед пайғамбардың хадистерi құрайды. Екiншi топты — мұсылман қоғамының бiртұтас келi-сiмi — иджмалар — ислам дiнiнiң бiлгiрлерi жасаған мұсылмандық-құқықтық қағидалар құрайды. Бiрақ бұның екеуi де құқықтық барлық сұраққа жауап бере алмайды. Негiзгi құқық ретiнде бiрiншi топ, яғни, Құранда көрсетiлген талаптар мен нормалар алынады. Иджма жалпы мойындауды талап ете бермейдi. Мұсылман құқығының басты қайнар көзi ретiнде оның жалпы нормалары мен қағидаларында адамдар арасындағы қа-рым-қатынастарды реттеп отыратын, дiни мiнез-құлықтық бағыт беретiн ережелер көбiрек кездеседi. Мiнез-құлықтың кейбiр ережелерiне келер болсақ, олардың көпшiлiгi пайғамбардың нақты даулы мәселелердi шешуi мен оған баға беруi кезiнде және оған қойылған сұрақтарға жауап ретiнде пайда болды. Мұсылман құқығы — дiн мен құқықтық нормалардың сабақ-тасуының жарқын көрiнiсi болып табылады. Мұсылмандық құқықтың дiнмен байланысы өзiнiң түбегейлi тұжырымдамасы мен теориялық қайнар көзi негiзiнде басқа құқықтық нормалардан өзгешелiгiмен айрықшаланады. Мұндағы құқықтық дiни-этикалық нормалар мазмұны жағынан әр-түрлi болғанымен, бiр-бiрiмен сабақтас және бiр-бiрiн толық-тыра отырып, бiртұтас құқықтық жүйе құрайды.
XI ғасырда дәстүр кезеңiнiң ( тақлид ) басталуымен бiрге дiни ғалым-заңгерлердiң заң атқару қызметтерiнiң маңызы одан әрi арта түстi. Бұл кезде сунниттiк құқықтану абсолюттiк иджтихадтың аяқталуы туралы ұйғарымға келген болатын. Бiрақ Құран мен Суннаны тiкелей түсiндiру және жаңа ағымдардың пайда болуына шектеу қойылғанымен, мұсылман құқығының жүйесi, яғни доктрина өзiнiң белсендi қызметiн одан әрi жалға-стырды және дамыды. Дәстүр кезеңiнiң алғашқы екi-үш ғасырында мұсылман құқығының қалыптасуы негiзiнен аяқталды. Доктрина iс жүзiнде оның ресми қайнар көзi болып танылды. Мұсылмандық мемлекеттiк құқық муджтахидтың заң шығару билiгiн ресми түрде бекiттi. Осы кезеңде сонымен бiрге шариғаттың үстемдiгi концепциясын жасау аяқталды. Бұл концепция қазiргi кездегi құқық үстемдiгi мен құқықтық мемлекет теориясымен үнде-сiп жатыр. Осы концепция бойынша мемлекет басшысы өзiнiң билiк әрекетiнде муджтахидтер қалыптастырған мұсылмандық құқық нормаларына сүйенедi. Алғашқы кезде мұсылмандық-құқықтық доктринаны айқындау үшiн қолданылған фикх терминi, кейiннен мұсылмандық құқықтың объективтi мағы-насының қатынасында қолданыла бастады. Мұсылмандық құқықтың маманы Дж. Шахт осы жағдайды ескере отырып, мұ-сылман құқығы заңгерлер құқығының тамаша үлгiсi бола ала-ды деп атап көрсеттi. Мұсылмандық теория бойынша мұсылмандық құқықтың барлық нормалары Құраннан және суннадан алынған. Мұның дұрыстығына мұсылмандар заңгерлерi де Құрандағы бiз ешнә-рсенi де ұмыт қалдырған жоқпыз деген қағидаға сiлтеме жасай-ды. Мұсылман құқығын зерттеушiлер бұл жерде сiлтеменiң мұсылмандық құқықтың барлық нақты жағдайды қамтыған-дығы туралы болып отырмағандығын да атап көрсетедi. Яғни осы негiзге сүйене отырып барлық iстiң шешiмiн табуға бола-тындығы ғана көрсетiлген. Мұнан мұсылман құқығында ешқан-дай қайшылықтың жоқ екендiгi, барлық халықта және барлық жағдайда құқықтық норма қалыптастыруға болатындығы туралы тұжырым жасауға болады. Мұсылмандық құқықтың доктриналық талдануы оны жүйе-леуде қиындық туғызғанымен, оның белгiлi бiр икемдiлiкпен дамуына мүмкiндiк бердi. Бұл процесте дiни құқықтанушы-ғалымдардың ролi бiртiндеп өсе түстi. Мұсылмандық-құқықтық доктрина өзiнiң ерте даму сатысында Құран мен суннадағы түсiнiктердi негiзге ала отырып мiнез-құлықтың нақтылы жағ-дайларын iздестiрумен айналысты. Ал кейiннен көптеген ағым-дардағы қайшылықтар мен шатасулардан және оның нақтылан-бағандығынан жаңа құқықтық нормаларды қалыптастыру қа-жеттiлiгiнен олар өздерiнiң негiзгi күш-жiгерiн мұсылмандық-құқықтық әдiстемелiк және жалпы теориялық негiзiн жасауға жұмсады. Мұндай қажеттiлiк ұқсас мәселелердi шешуде әртүрлi мектеп-ағымдардың түрлi позицияларының құқықтық норма-лары жағынан сәйкес келмеуiнен туындады. Әрбiр мектептiң өз тұжырымдары бiр-бiрiне қайшы келгенi-мен, ол барлық уақытта заңдық мәнге ие болады. Өйткенi, олардың барлығының қайнар көздерi бiреу ғана. Қандай да бiр сұраққа жауап жоқ кезде, бұл iстi қараушылар Құран мен сунна-ға сүйенiп өздiгiнен шешiм шығара алады. Бұл да мұсылман құқығының өзiндiк ерекшелiгi болып табылады. Мұсылман құ-қығында қатып қалған догма жоқ. Қандай да бiр iстi болмасын шариғат жолымен шешуге болады.
Әл-Мавардидiң айтуы бойынша, халифаттағы жоғары билiк Ал-ланың жердегi әмiрiн орындаушы халифтың қолына шоғыр-ланған. Мұсылман саяси теориясында мұсылман мемлекеттерiнiң басшыларын орнынан алу және сайлау туралы дәлме-дәл анықтама жоқ. Бiрақ Әл-Маварди еңбектерiнде айтылғандай (сунниттiк концепция бойынша) жоғары азаматтық және дiни билiк мұрагерлiк тәртiппен немесе бұрынғы билеушiнiң тағайын-дауымен емес, қауым мен халифат билiгiне үмiткер арасындағы ерекше шарт бойынша iске асырылады. Ал шииттiк саяси концепцияда халиф қауым арқылы сайланбайды, ол Алла мен пайғамбардың тiкелей өкiлi болып табылады
Халиф өзiнiң мұрагерiн сайлай алады немесе пайғамбардың күйеу баласы Әли-дiң тiкелей ұрпақтарына мұрагерлiкке қалдыра алады. Өйткенi, Мұхаммед пайғамбардың артында еркек жынысты ұрпақ қалған жоқ едi. Ол қайтыс болғаннан кейiн Әбу-Бәкiр (632—634), Омар (634—644), Осман (644—656) және Әли (656—666) халифат билiгiнде болды. Әли қайтыс боланнан кейiн халифтiкке Омеяд-тер әулетiнен шыққан Муавид келдi. Омеядтер әулетiнiң билiгi 661 жылдан 750 жылға дейiн созылды. 750—1253 жылдар аралы-ғында Араб Халифатындағы билiк Аббасидтер әулетiне көштi. Әл-Маварди халифтiк басқару формасының артықшылығын мемлекет басшысының өзiнiң барлық iс-әрекеттерiнде мұсыл-мандық құқықты (шариғатты) басшылыққа алып отыруынан, қол астындағылардың мүддесi мен жалпы игiлiгiн және олардың ар-ожданын қорғау iстерiнен және маңызды шешiмдер қабыл-дауда өзгелермен ақылдасып, келiсiп отыруынан көредi. Халиф өзiнiң қол астындағылардың кез-келгенiмен ақылдасуға құқылы болғанымен, бiрақ iс жүзiнде қарапайым мұсылмандардың пiкiрi есепке алынбады. Мұсылмандық Испанияның рухани орталығы болып санал-ған Кордовада туып өскен ұлы ойшыл, философ, заңгер және теолог Аверроэсо (Ибн Рушд) (1126-1198) дiндi идеалды мемле-кеттiң өзiне де қажеттi саяси өнер деп бағалады.
Мұсылман құқығы заң ғылымының жеке саласы емес, ол ислам iлiмiнiң бiр ғана саласы. Мұнда ислам дiнiнiң қағидалары — шариғат — адамдардың мүддесi үшiн жүзеге асуы тиiс мiндеттi идея ретiнде көрсетiлген. Шариғатты орындамаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады. 632 жылы Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейiн VIII ғасырдың басына дейiн мұсылман құқығының дамуы ка-зуальды, яғни, жүйеленбеген жолмен жүрдi. Мұхаммедтен кейiн-гi оның iзбасарлары: Әбубәкiр, Омар, Оспан және Әли нақты дауларды шешкенде Құран мен суннаға сүйендi. Егер қандай да бiр сұраққа жауап табылмаған кезде олар жаңа дiни қағидалар мен нормаларды қалыптастырды. Уақыт өте келе Құранда адам өмiрi мен оның iс-әрекетi түгел қамтылмайтындығы анықталды. Сондықтан да VIII ғасырдан бастап Құрандағы осындай кемшi-лiктер мен олқылықтардың орнын толтыруды шариғат мектебi-нiң бiлгiрлерi өз мойындарына алды. Осыдан кейiн мұсылман құқығының келесi қайнар көзi иджма пайда болып одан әрi дамытылды. Иджтихад құқық методологиясы теориясының дамуымен Құран мен суннаға сүйенбей-ақ даулы мәселелердi өздерi шешуге құқық беретiн бiлiмнiң жоғары сатысының көрiнiсi ретiнде бағалана бастады. Ал мұндай құқыққа ие болғандар муджта-хидтер деп аталды. Иджтихад дәрежесiнiң бiрнеше категориясы бар. Мұсылман құқығының қайнар көздерiне баға беру құқығына ие болғандар — Мұхаммедтiң тiкелей iзбасарлары мен құқықтық ағымның негiзiн салушылар, ең беделдi құқық-танушылар жоғары категорияға кiрдi. Орта дәрежедегi муджта-хидтер кейбiр нақты ағымдар мойындаған қайнар көздер негiзi бойынша жеке пiкiрлерiн айта алды. Муджтахидтердiң төменгi сатысы алғашқы екi сатының әртүрлi пiкiрлерiнiң бiреуiн ғана таңдады.
Мұсылман құқығының тұтас-тығы мен икемдiлiгi және күштiлiгi де осыдан айқын көрiнедi. Орта ғасырлық мәдениет дамуы туралы мәселеде көпке дейiн еуроцентризм үстем болып келдi. Батыс мәдениетiн асыра, ал Шығыс мәдениетiн тұрпайы және төмен дәрежеде бағалау Еуропа елдерiнiң Шығыстағы ұзақ ғасырлық отаршылдық саясатынан туындаған. Ал шын мәнiне келгенде Шығыстың, оның iшiнде араб мәдениетiнiң дамуы Еуропа елдерiнен кем болмады. VIII—XVI ғасырларда Араб Шығысы саяси-филосо-фиялық ойдың орталығына айналды. Мұхаммед пайғамбар негiзiн қалаған жаңа дiннен қуат алған арабтар өздерiнен әлде-қайда сан жағынан да, әскери қуаты мен мемлекеттiлiк қуаты жағынан да күштi елдердi тез арада жаулап алды. Олар 711 жылы Солтүстiк Африканы бағындырып, Атлант мұхитына дейiн жеттi, көп ұзамай Гибралтар бұғазынан өтiп Испанияның бiр бөлiгiн өздерiне бағындырды, Арабтар бiр ғасырға жетер-жетпес уақытта Үндiстаннан Атлант мұхитына дейiн созылып жатқан алып империя — халифат құра бiлдi. Олар қай елдi жаулап алса да мұсылман дiнiн мемлекеттiк дiн ретiнде енгiзе алды, бұл дiндi жаулап алынған елдердiң халықтары тез қабылдады. Мұның өзi де мұсылман дiнiнiң күштiлiгi мен қуаттылығын бiлдiредi. Шариғат нормаларына негiзделген мұсылман құқығы өмiрдiң ең маңызды салаларына орасан зор ықпал ете алды. Араб халифаты кезiнде Бағдад қаласы үлкен мәдени орта-лыққа айналды. Жаулап алынған елдерден және көршi мем-лекеттерден рухани қазыналар әкелiнумен бiрге, бұл қалада дүние-нiң түкпiр-түкпiрiнен келген ұлы ойшылдар мен ғұла-малар еңбек еттi. Грек және рим өркениетiнiң таңдаулы өкiлдерi Платонның, Сократтың, Аристотельдiң, Эвклидтiң, Цицеронның және т.б. шығармалары араб тiлiне тәржiмаланып, олардың озық ойлары мұсылман елдерiне кеңiнен танылды. Мұның өзi Шығыс үлгiсi мен Еуропа мәдениетiнiң өзара үндесiп, Шығыс саяси-құқықтық ойының дамуына жаңа серпiн бердi. Осы кезеңде бүкiл әлемдiк мәдениетке белгiлi болған Әл- Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина (Авиценна), Ибн Рушдт және т.б. өсiп жетiлдi. Олар ғылымның басқа салаларымен қатар саяси-құқықтық ойда да әлi күнге дейiн мәнiн жоймаған ұлы шығармалар қалдырды.
Аристотель еңбектерiн талдаушы ретiнде танымал болған ол философия мен дiн шындыққа үйрететiн болса, онда олардың арасындағы келiспеушiлiк соңғы негiзде өзара соқтықпауы керек деп есеп-тедi. Аристотель шығармаларын көпшiлiкке белсендi ұғынды-румен айналысқан ол туралы замандастары Аристотель — таби-ғатты, ал Аверроэсо — Аристотельдi түсiндiрдi — деп жазды. Шыққан тегi жағынан араб Аверроэсо (Ибн Рушд) өзiнiң философиялық жүйесiн ақыл-ой негiзiнде құрды, сондықтан да оның ислам дiнiмен амалсыз соқтығысуына тура келдi. Аристо-тельдiң еңбектерiне сүйенген ол о дүниедегi өмiр туралы және дүниенi құдай жаратты деген дiни ұғымдарды жоққа шығарды. Материя мәңгi-бақи өмiр сүруде, барлық табиғи құбылыстар және адамдардың iс-әрекеттерi құдайдың құдiретiмен емес, өзiнiң iшкi табиғи заңдарымен жүредi деп түсiндiрдi ол. Табиғи заңдылықты негiзге алған Ибн Рушд мемлекеттiң пайда болуын құдайдың iсi емес, адамдардың жердегi тәртiптi сақтауға ұмты-луынан және адамдар арасындағы алауыздық пен қақтығыс нәтижесiнде пайда болған деп есептедi. Оның ойынша адамдар арасындағы әлеуметтiк теңсiздiк те құдай iсi болып табылмайды, ол адамдар ойлап тапқан нәтиже.Әлеуметтiк теңсiздiктi жақта-маған Аверроэсоны мұсылман дiн иелерi Кордовадан аластатып, Аристотельдiң еңбектерiн бүкiл арабтық Испанияда оқуға тиым салды. Аверроэсо көптеген шығармалар жазды, оның iшiндегi маңыздыларының бiрi Терiске шығаруды терiске шығару. Бұл еңбек оның әл-Ғазалидiң (1059—1111) Философтарды терiске шығаруына жауап ретiнде жазылған. Ол бұл еңбегiнде филосо-фия мен дiннiң және қоғам мен дiннiң өзара қатынасы туралы мәселе қозғайды. Дiн мәселесiнде ол Араб халифатындағы азаматтардың дiни сенiмi мен оның қоғамдық өмiрдi ұйымдасты-рудағы ролi туралы айтады. Яғни, оның айтуынша бiлiм ғана адамдар өмiрiнде маңызды роль атқаруы тиiс. Адамдар бiлiмi мен ақыл-күшiне сенгенде ғана игiлiктi өмiрге жете алады және мемлекеттiк iстерге араласады. Мықты iргелi бiлiм ғана билiк басындағы дiн иелерi мен құдайшылықты ығыстырып шығаруы тиiс,— деген ой ұсынады. Араб саяси өмiрiнде Аверроэсодан кейiн саясаттың ислам-мен және халиф билiгiмен тiкелей байланысы туралы мұсыл-мандық құқыққа негiзделген тұжырымдамалар пайда болды. Саясатты мұсылмандық дiн мен мораль позициясынан қарау оны араб философиясының Араб халифаты мемлекетiнiң мұсыл-мандық-құқықтық доктринасымен қатар зерттеуге жақындата түстi. Мәселеге бұл тұрғыдан келу Х ғасырда Иракта құрылған жасырын дiни-философиялық Тазалық бауырластығы (Братья чистоты) ұйымы мүшелерiнiң көзқарастары сәйкес келедi. Олар грек философиясы мұсылмандық құқықпен үндескенде ғана саясатты оқып-үйренуде табысқа жетуге болады деп есептеген болатын. Саясат, философия, құқық және адамгершiлiктiң ұқса-стықтары туралы айтқанда олар, ең алдымен, бұлардың дiни сипатына көңiл бөлген едi. Олардың мәселенi бұлай қоюы сая-сатты оқып-үйренуде оның таза адамгершiлiк мәселелерден дiни және мұсылмандық-құқықтық мәселеге көшуiнен туындаған.
Мұсылман елдерi ойшылдарының еңбектерiндегi мемлекет және саясат мәселелерi.
Мұсылман — құқықтық саяси теориясындағы басты мәселе — мұсылмандық билiк пен басқарудың арнайы түрi — халифаттық өзара байланыстар аспектiлерiнiң мәнi туралы болды. Халифаттың анықтамасы туралы мұсылмандық мемле-кеттанушы Әл-Маварди былай деп жазды: Имамат — дiни се-нiмдi қорғау миссиясы мен жердегi iстердi басқарудың пайғам-барлық мұрасы болып табылады.
Әл-Фарабидiң саяси көзқарастарына ұқсас концепцияны Ибн Сина да ұсынды. Оның саяси дүниетанымының қалыпта-суына әл-Кинди мен әл-Фараби еңбектерiнiң тiкелей ықпал еткенi анық. Еуропаға Авиценна деген атпен белгiлi болған ол 980 жылы Бұқара қаласында дүниеге келдi. Ирандағы Исфакан қаласында философия және медицина саласы бойынша тамаша бiлiм алған Ибн Сина Орта Азия мен Иранның көптеген қалаларында болады. Дәрiгерлiктен басқа Шығыс елдерi биле-ушiлерiнiң кеңесшiсi қызметiне дейiн көтерiлiп, саяси қайраткер ретiнде белгiлi болған ол билiктi жүргiзу тәсiлдерi мен қайы-рымды және нашар қалалардағы қоғамдық iстердi ұйымдасты-ру мен үйлестiру және мемлекеттiң күшеюi мен құлдырауының себептерi туралы ойларын да бiлдiредi.
Саяси бiлiмнiң мәнiн билiктiң қалай жүзеге асырылуы мен оның тәсiлдерiнен iздеген Ибн Сина халықтың тұрмыс — жағдайының жақсаруы ел билеушiлерiнiң әдiлеттi де, қайырымды билiгiне тiкелей байла-нысты деген қорытындыға келедi. Саясатқа деген мұндай көзқарас оның адамгершiлiк мазмұ-нымен байланыстырылған. Бүкiл араб философиясына тән бо-лып келетiн саяси адамгершiлiк мазмұны оның теориялық негi-зiнде болып саналады. Әл-Фарабидiң саясаттың басты мақсаты бақытқа жеткiзу болып табылады деген тезисiне шын пейiлмен ықылас қойған Ибн Сина мұсылман философиясы мен ойын-дағы iрi өкiлдерiнiң бiрi боп саналады. Құдайдың бар екендiгiн жоққа шығармаған Ибн Сина әлем-дi құдаймен бiрге материядан да жаратылған деп есептейдi. Ол алғаш рет аристотельдiк философияны исламмен үйлестiруге талпынды. Оның ойынша, аристотелизмде ислам дiнiнiң белгi-лерi бар. Исламдық қағидаларды саясатпен ұштастырған Ибн Сина оның негiзiн грек философиясынан iздеуге де ұмтылды.
Классикалық мұсылмандық-құқықтық саяси ойда мұсылман мемлекетiнiң мазмұны мен мәнiне көбiрек көңiл бөлiндi, халифатты белгiлi бiр саяси режим және басқару формасы ретiн-де қарастырды. Мұндағы басты назар мемлекеттiк аппарат пен халифтiң құқықтық жағдайындағы билiк қатынасына талдау жасауға арналды.
Халифат мемлекет формасы ретiнде көрсетiлiп, халиф барлық мұсылман концепциясындағы басты тұлға — мемлекет басшысы ретiнде дәрiптелдi. Мұсылман мемлекетi басшысының құқықтық жағдайы мен атқарушы билiк формасын оның әр кезеңдегi даму сатыларымен салыстыра отырып, белгiлi саясаттанушы-ғалым Ибн Халдун мұ-сылман мемлекеттерiндегi басқару формаларының классифика-циясын жасады. Оның мемлекет және саясат туралы iлiмiнiң басты ерек-шелiгi мемлекеттiң жалпы көрiнiсiне тарихи-әлеуметтiк талдау жасауында, оған философиялық және заңдық тұрғыдан келуi болып табылады.
Full transcript