Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Фигура және оның түрлері

No description
by

jaka nazar

on 5 November 2015

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Фигура және оның түрлері

Фигура және оның түрлері
Фигура
А й ш ы қ т а у, яки ф и г у р а — с ө з т і р к е с т е р і н д а ғ д ы л ы с и нт а к с и ст і к қ а л ы п т а н г ө р і ө з г е шел е у о р а м м е н, а й р ы қ ш а а йш ы қ п е н қ ұ р у.
Арнау
Адамның яки ақынның өзіне не өзгеге,кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы,көпшілікке қайырыла сөйлеуі,олармен іштей кеңесуі.

Жарлай арнаудың мақсаты
- жоқ туралы, немесе белгісіз жағдай туралы жалпақ елге мәлімет беру, жай-жапсарды біле бермейтін елді мүмкіндігінше толығырақ хабардар ету болып табылады
Сурай арнау
Ақын немесе ақын жырға қосып отырған адам өз ойын өзгеге арнап сан-сапа сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол сауалдарға жауап күтеді
Зарлай арнау
Арнау өлеңнің ең көне түрі.Мұнда халық басына түскен қиын кезең, немесе жеке адамның басына түскен қиындық, тағдыр тәлкегінің азабы ерекше ашылып көрсетіледі.
Қайталау
Қайталау, қайталама ұйқас – сөз әсерін, айтар ойды күшейте түсу үшін бір сөзді немесе сөз тіркесін бірнеше мәрте қайталап қолдану тәсілі.
Жай Қайталау
– бір сөзге ерекше екпін түсіріп, бірнеше рет қайталау.
“Мұнар да мұнар мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн. Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанға шөккен күн. Бұлықсып жүрген ерлерден Бұрынғы дәурен өткен күн...” (Махамбет);
Еспе қайталау
– алдыңғы тіркестің аяғы, келесі тіркестің басында қайталанып отырады:
“Сарқырайды мұз бұлақтар.
Мұз бұлақтар у да шу” (С.Сейфуллин);
Анафора
– өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады: “Ұйқыдан соң – Жапырақпын, Жаңбыр шайып жаңарған. Ұйқыдан соң – Құспын,
Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған” (С.Мәуленов);
Эпифора
– өлеңнің әр жолының немесе ой ағымының соңындағы бір сөз бірнеше рет қайталанады: “Күншілдер өледі көңілін от қарып, Батырлар өледі борышын атқарып” (Қ.Мырзалиев)
Антитеза
— шендестіру (грек. antіthesіs — қарама-қарсылық) мүлде қарама-қарсы ұғымдарды, жағдайларды, образдарды салыстыра не қарама-қарсы қоя отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге ұмтылатын стильдік, эстетикалық бейнелеу құралын көркемдік әдісінің бірі.
Дамыту (градация)
- алдыңғы сөзден соңғы сөздің, алдыңғы ой-пікірден кейінгі лебіздің, әдепкі құбылыстан екінші құбылыстың екпін қуатының күшейіп, өсіп отыруы. Бұл көркемдік тәсіл құрылыс, жүйесі ұқсас бірыңғай сөйлемдердің іріктеліп шығуына, ой-пікірдің өткір, әсерлі айтылуына әрі мағыналық өрістің кеңеюіне кең еріс ашады.
Бүгінгі күн тән ұшпадым,
Жан құшпадым,
Жанды құштым,
Таңда құштым,
Көкке ұштым.
(М.Жұмабаев)

Әдебиет танытқышта дамытуға мынадай анықтама береді: пікіріңді сөйлегенде, алдыңғы сөзіңнен артқы сөзіңнің қуаты асып отырса, дамыту болады.
Ысмайылов:
1.Түйдектету 2.Баяулату
Домбыра, сенде мін бар ма?
Мінсіз болсаң тіл бар ма?
Тіл жоқ деуге бола ма?
Тілден анық үн барда.
Домбыраның күші мол
Көмейінде күй барда?

Келді жақын сең қағысқан,
Үн шыққандай жолбарыстан
Тұншыққандай
Өлді арыстан
Ат шапқандай
Жер қайысқан

Инверсия
Сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып өзгеше тіркестер құратын фигураның бір түрі. Поэзияда да, прозада да қолданылады. Мысалы, “Сен құрметте оны. Түсіндің бе, қарағым. Ол ақшаға сатқан жоқ, Тізеден кесіп аяғын” (Ә.Сәрсенбаев). Қазақ жазушыларының ішінде инверсияны Ғ.Мұстафин жиі пайдаланды: “Сапардың Аманы ... шаңқан боздың басынан аса секірердей, еріне көтеріле, ұмтыла берді алға...” (“Дауылдан кейін”)
Эллипсис
(көне грекше: ἔλλειψις, еlleірsіs – сөз тастау, қысқарту, кеміту) — сөйлемнің бір мүшесін алып тастау арқылы құрылған сөз үлгісі. Элипсис сөйлемнің, ойдың ықшамдылығын, әсерлілігін, өткірлігін арттырады. Элипсисті сөйлемдердегі түсіп қалған сөздердің мәні белгілі болады. Мысалы, элипсис адамдардың бір-бірімен сөйлесу барысында, диалог түрінде көбірек қолданылады. Мыс., Қар көшкіні болады дейді. Қар көшкіні?
Параллелизм
(гр. parallelismos > parallelos - қатар жүруші, симметрия)[1] — бір-біріне уқсас құрылымды сөйлемдер мен сөз тіркестерінің, формалас сөйлем мүшелерінін қабаттаса қатар қолданылуы.
Мысалы:
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолга алмай,
Еңку-еңку жер шалмай (Махамбет).
Алдыңғы кезек менікі, соңгы кезек сенікі (Ауыз әдебиет)
0
Full transcript