Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Бәйге - ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ат спортының бұл түрі түркі тектес басқа халықтарда да бар. Мысалы, Бәйге өзбектерде “пайга”, қырғыздарда “чабыш” деп аталады. Кейбір деректер бойынша, 15 ғ-дың 70-жылдарында Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрғанда, Шу өзенінің жағасында, Тұлпарсаз деген жерде Бәйге ұйымдастырған.

Осы кезден бастап Бәйге қазақ халқының алқалы жиындарының (тойлардың, астардың, т.б.) ажырамас құрамдас бөлігіне айналған (қ. Сауын айту). Бұрын Бәйгеге қосылған аттар түстік, күндік жерге, ұзақ қашықтықтарға шабатын (қ. Аламан бәйге). Көбінесе, қашықтық төрешілер алқасының шешімі бойынша бәйгеалаң (ипподром) айналымының ұзындығына байланысты белгіленеді. Бәйгеге мал дәрігерінің қарауынан өткен аттар жіберіледі. Жарысқа қатысушылардың кеудесіне және арқасына нөмірлер тағылады; шабандоз жеңіл, ыңғайлы, белгісі бар ұлттық киім киеді. Аттың ер-тұрманында, шабандоздың киімінде адам жарақаттанатындай заттар болмауы тиіс. Бәйгеге қатысушы атын оздыру үшін өзі білетін, ережеде рұқсат етілген тәсілдердің бәрін қолдануына болады. Ал қатарласып келе жатқан атқа қамшысын тигізуге немесе қамшысын үйіріп басқа аттарды жасқауға, айқайлауға, ысқыруға, жарыс жолынан шығып кетуге, оның айналмаларынан төтелеп өтуге болмайды. 1-ші орын мәреге атының тұмсығы бірінші іліккен шабандозға, қалған орын аттардың келу ретіне қарай беріледі.

Қазақ халқының ойындары – біздің рухани игіліміз, тарихымыз және сауығымыз.

Ұлттык спорттың дене тарбиесіндегі маңызы

Thank you!

Қазақша Күрес

Күрес-қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ойын. Адамның жеке күш-қайраты сынға салынады.Бұл тұста ел жастарды «Күш – атасын танымас» деп қайрайды. Бұл күштілерді дарақылыққа итермелеу емес. Жігіттер сайыс майданына түскен кіммен болса да тайсалмай күресуге тиіс. Қарсыласқысы келгеннен аянбау керек. Курес қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталып келеді. Халық оның тәлімдік маңызына ерекше көңіл боліп, дәріптеген.

Қазақтың ұлттық спорт түрлері

  • Ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық ойындар қазақы қалпымызды сақтап қалумен бірге еліміздің атын әлемге танытуға негіз болады.
  • Мектеп жасына дейінгі жас ұрпақтың қалыптасуына әсер ететін фактордың бірі, дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты халықтың ұлттық ойындары. Ата-бабамыз ойынды тек баланы алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, ол халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, баланың көзқарасы, мінез-құлқын қалыптастырып, бір жүйеге келтіретін тәрбие құралы деп санаған.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Орындаған: Қараман Аружан

Астана, 2016

Аударыспақ

Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Аударыспақ кәзіргі кезде де шопандар тойында, мерекелерде спорт ойынның бір түрі ретінде көрсетіліп жүр.

Ақсүйек

Ең алдымен, ойнаушылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады. Көмбеде топ басқарушылардан басқа ешкім қалмайды. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей, көмбеге қашуға әрекет жасайды да, ал қарсыластары біліп қалса, қолма-қол тартып алуға тырысады. Сондықтан ақсүйекті алдымен тауып алған топтың ойыншылары біріне-бірі лақтырып, көмбеге қай топтың адамы бұрын жеткізсе, сол топ ұтқан болады да, жүлдегер атанады. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ лақтырады, сөйтіп ойын кезектесіп отырады.

Жоспары:

1. Ұлттық спорт және оның түрлері

2. Ұлттык спорттың дене тарбиесіндегі маңызы

3. Қазак халқынан шыққан спорт шеберлері

4. казактын улттык ойындарынын дене мадениетин калыптастыруы.

5. Ұлттық спорт тарихы

Бәйге

Ұлттық спорт және оның түрлері

Қазақ халқының Ұлттық спорты – халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан мәдени жетістіктерінің маңызды бір саласы.

Пайдланылған әдебиет

Көкпар

  • https://everything.kz/article/14322899-shoyr-bltekly-19161994-bizdi-eldegi-uesoy-boksty-damuyna-lken-les-osan-adam-aza-boksyny-atasy-sanalady-aza-khalynan-shyan-tysh-kees-odayny-sport-sheberi-aza-ksr-ini-ebek-siirgen-zhattytyrushysy
  • https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D0%BB%D1%83%D0%B0%D0%BD_%D0%A8%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D2%9B
  • http://bilimsite.kz/kazakh_tili/6744-sport-sheberleri.html

Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан.

Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.

Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз тілінде "көк бөрү", “улак тартыш (тартуу)”, тәжік тілінде “бузкаши” деп аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған.

Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды.

Қазак халқынан шыққан спорт шеберлері

Үшкемпіров Жақсылық Әміралыұлы - қазақша күрестен спорт шебері

Әлжан Жармұхамедов – қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы.

Шоқыр Бөлтекұлы (1916—1994) — біздің елдегі әуесқой бокстың дамуына үлкен үлес қосқан адам, қазақ боксының атасы

Нұрмағанбет Баймырзаұлы, Балуан Шолақ - күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны.

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi