Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Copy of Кемелдену жасы, қартаю кзеңі және кәрілік психологиясы.

No description
by

Kuralay Kuralay

on 28 November 2013

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Copy of Кемелдену жасы, қартаю кзеңі және кәрілік психологиясы.

Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.
Кемелденуге өтудің жалпы шарттары.

Қарастырылатын мәселелер:
• Қарттық шақ биосоциопсихологиялық құбылыс ретінде.
• Геронтопсихологиялық проблемаларды зерттеудің өзектілігі.
• Қартаю мен қарттықтың теориялары.
• Қартаюдың психологиялық ерекшелігі.

Кемелдену
– көптеген адамдар үшін өмірлерінің ең ұзақ кезеңі болып табылады. Оның шектерін әр автор әр түрлі белгілейді: 50-55-тен 65-70-ке дейін. Әдетте ол зейнетке шығу уақытымен байланысты.
Қазіргі кезде адам баласының жасына қарай қартаю кезеңдерін биология, әлеуметтену , психология секілді ғылымдар комплексті түрде зерттейтін болды. Әр жастың өзіне тән қартаюын қарастырады. Қартаю процесі мен тарихын биологиялық тұрғыдан зерттейтін ғылым саласы -
геронтология
деп аталады.
Тақырыптың негізгі ұғымдары:
кемелдік, қарт, қарттық кезең, жауапкершілікті сезіну, ересектік, геронтология, қартаю.
Дәріс мақсаты:
Кемелдену шағы мен қарттық кезеңдегі психологиялық ерекшеліктерін анықтау және сипаттау.
Геронтология
(грекше geron және logos – ілім) – адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Геронтология ғылыми пән ретінде егде жастағы адамдардың көбеюі, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының, сондай-ақ іс-әрекетінің сипаты мен құндылықты бағдарларының өзгеруіне, яғни жеке адамның даму мәселелеріне, т.б. байланысты пайда болды. Геронтологияның қазіргі кездегі негізгі міндеттеріне адамды кәрілікке дайындау, егде жастағы адамдар мен қарттардың белсенді әрі толық өмір сүруі амалдарын зерттеу, т.б. жатады
Э.Эриксонның ойынша кемелденудің негізгі проблемасы өнімділік пен инерттілік арасында таңдау болып табылады. Өнімділік түсінігі шығармашылық және өндірістік (кәсіптік) өнімділікке ие. Кәсіби өнімділік Э.Эриксон бойынша “адам қызығушылығының нәтижесі, идеясы және адамдар туралы” қамқорлық. Кемелденудің маңызды ерекшелігі өзінің және өзгелердің алдында өзінің өмірінің мазмұнына жауапкершілікті сезіну.
Кәрілік шаққа бейімделмейтін жеке адамдардың мынадай қырларын айтуға болады: өзінің мінез-құлқын тоқтату әдеті, өзекті мәселелерді шешуден бас тарту.
Американдық психологтар қартаюдың мынадай типтерін көрсетеді:
а) регрессия;
б) қашу немесе тұрақты өмір сүру орнын өзгерту, қиын жағдайдан құтылу формасы ретінде;
в) ерікті изоляция, қоғамдық өмірге енжар араласу;
г) өзіне деген қоршаған орта адамдарының қызығушылығын тудыруға тырысу;
д) қоғамдық өмірге деген қосылуға тырысу, жасына, денсаулық күтінуіне қарамау;
Адам үш түрлі қартаяды
Ерте тәни қартаю
– кәрілік белгілерінің мезгілінен бұрын аян болуы. Адамның биологиялық және психологиялық қорғаныс механизмдерінің шамадан тыс тотығуы. Тұқым қуалаушылық пен туабітті гендік ­– тектік мүкілік салдары. Жалпы денсаулықтың ақаулығы, ауыр, созылмалы дерт зардабы. Жеке бастың күтімсіздігі, тіршілігіне жауапсыздығы.

Қалыпты физиологиялық қартаю
– егделіктен кейінгі жас жігі қапелінде байқала қоймайтын, созылып барып анық белгі беретін табиғи құбылыс. Бұл кезеңге тән: дене қажып, күш-қуат кемігенмен сана мен сезім сергектігі. Төңірекке жіті көзқарас, ойға берілу. Байсалдылық, пайымдылық, шүкіршілік.

Рухани қартаю
– тән мұқалуынан бұрын жан жұталуы, жүйке жүйе түтіліп, жад кө­мес­кіленуі. Қоғамдық ортадан оқшаулану. Та­нымдық сезім тұйықталған осы психоло­гия­лық үдеріс кей жағдайда парасатсыз, келеңсіз өмір сүруге организмнің қарсылығы деп тү­сіндіріледі. Қалай дегенде де, рухани қартаю өте сирек кездесетін тіршілік.

Физикалық денсаулығының төмендігі қарапайым материалдық жағдайда өзінің кәрілігіне сабырлы қарым-қатынаста болады. Кәрі адамдардың мінез-құлқындағы әртүрлілік олардың бір түрдегі ситуацияға әр түрлі қарым-қатынасы, олардың индивидуалды ерекшелігіне байланысты. Сонымен қатар кәрі адамдардың тұлғасы көптеген өзгерістерге ұшырайды, өзінің индивиудалды ерекшеліктерін сақтап қалады. Кәрілік шақта ешқандай жеке бастық өзгерістер болмайды. Жеке адамның әлеуметтік қасиеттері жоғалмайды. Осы жеке адамның қандай мінездік қырлары оның қартаюға бейімделуіне көмектеседі десек, жеке адамның белсенділігі, шығармашылық іс-әрекеті маңызды жағдай болып табылады. Белсенді және өнімді өмір сүретін адамдар ешқашанда өз-өзін жоғалтпайды. Керісінше ойлауы және эмоционалды қасиеттері сақталады, тек физикалық күші әлсірейді.
Қартаю проблемалары жөніндегі ең бірінші халықаралық құжатқа қартаю проблемалары жөніндегі іс-әрекеттердің Халықаралық жоспары жатады, осы құжатты 1982 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мақұлдады және ол халықтың қартаю проблемаларын тиімді шешу саласы мен егде жастағы адамдардың даму саласындағы мүмкіндіктерін қарауға қатысты үкіметтер мен азаматтық қоғамның әлеуетін күшейтуге нысаналанған.
Кемелдену кезеңінде адамның дамуы оның психологиялық жасының динамикасымен байланысты.
Бір-бірімен сәйкес келмейтін бірақ өзара байланысты үш жасты бөліп көрсетеді: хронологиялық (төлқұжаттық), физикалық (немесе биологиялық) және психологиялық. Психологиялық жас адам өзін өзін қалай сезінетінін және ұғынатынын сипаттайды.
Әдебиеттер:
1. Возрастная психология / под ред. Л.Ф. Обуховой / - М., 1996
2. Любинская А.А. Детская психология.,-М.1997
3. Шахова И.П. Практикум по лабораторным работам курса «Возрастная психология» - М., 1998.
4. Мухина В. С. Возрастная психология - М., 1998
5. Немов Р.С. Психология - книга 2 - М., 1994
6. Обухова Л.Ф. Детская психология - М., 1995
7. Рыбалко Е.Ф. Возрастная дифференциальная психология - ЛГУ, 1990
8. Смирнова Е.О. Психология ребенка - М., 1997

Full transcript