Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Хақназар хан
1573 жыл – Қазақ хандығына жіберілген Мәскеу елшісі Т. Чебуков Көшімнің бұйрығымен ұсталды.
Осы кездегі саяси жағдайдың ауырлығы Хақназар ханды Мәуереннахрдағы Шайбани әулетінен одақтас іздеуге итермеледі.
II Абдаллах (1538–1598 жж.) пен Хақназар хан арасында бейбіт қатынаста болу туралы шарт жасалды.
Бұл қатынас нәтижесі:
• Соғыс қақтығыстары уақытша тоқтатылды;
• Орта Азия халқымен сауда қатынасы жақсарды;
• Хан өкіметі нығайды.
Сыр бойындағы қалаларға орнығып алуға ұмтылған Хақназар хан, 1570 жылдың аяғында Абдаллахтың қарамағынан бөлініп шыққысы келген Баба сұлтанның әркетін пайдаланды. Ол қарсыластар арасында шебер жол тауып, бірде бір жағын, бірде екінші жағын қолдап отырды. Нәтижесінде:
Абдаллах хан Түркістан өңіріндегі қалаларды Қазақ хандығына берді.
Баба сұлтан Йасы, Сауранды Хақназарға сыйлады.
1579 ж. II жартысы – қазақ билеушісінің Абдаллах жағында екенін байқаған Баба сұлтан келіссөз жүргізуге келген Жалым сұлтанды, оның балалары мен Хақназардың екі баласын өлтірді (1579 ж.)
1580 жыл – Баба сұлтанның тыңшысы Хақназарды өлтірді.
Хақназар хан саясатының маңызы:
1. Хандықтың аумағының кеңеюі.
2. Жеке дербес мемлекет ретінде танымал болуы.
3. Хан билігінің күшеюі.
4. Ішкі саяси және шаруашылық өмірдің тұрақтылығы.
1550–1560 жж. — Моғол ханы Абдар Рашид Жетісу мен Ыстықкөл маңындағы жерлерді басып алу мақсатымен шабуылдады.
Моғолстанға қарсы қазақ-қырғыз соғыс одағы құрылды. Деректерде Хақназарды «қазақтар мен қырғыздардың ханы» деп атайды.
1560 жыл – моғолдар қазақ-қырғыз соғыс одағын жеңді.
Моғолстанға қарсы соғыстағы сәтсіздік және ойраттардың шапқыншылығы салдарынан Хақназардың Жетісудағы иелігі азая берді.
1570 жылдың аяғы – Жетісудың батысы, Шу, талас өңірі оның билігінде болды.
Хақназар хан тұсында орыс мемлекетімен саяси және сауда қатынастары дамыды. Орыс елшілері:
1569 жылы Семен Мальцев;
1573 жылы Третьяк Чебуков қазақ хандығы туралы көптеген мәліметтер қалдырды (IV Иван тұсында).
Хақназар хан өзін «патша, әрі ұлы князьбен татумын» деп санады.
Сібір хандығын 1563 жылдан бастап билеген шайбан әулетінен шыққан Көшім хан Қазақ хандығына қарсы дұшпандық әрекетте болды.