Cargando…
Transcripción

Қазақ халқының әнші ақындары

Үкілі Ыбырай

Ыбырай ән шырқауда..

Ақын өлімі жайлы аңыз

Ыбырай әндері

Үкілі Ыбырай 1930 жылғы қарашаның 4-і күні «халық жауы» ретінде тұтқындалған. Ыбырайдың тергеу ісін сол тұстағы ГПУ-дің бастығы Жұмабай Шаяхметов жүргізген болатын.Шаяхметов Ыбырайды ақтап алғысы келген, бірақ екеуі тіл табыса алмаған.

Жұмабай оған: «Әй, шал, бетіңнен қайтып, мына үкіметті мақтап бір-екі ауыз өлең айтып жібер» деген екен өзінің құтқарғысы келіп отырғанын білдірмей. Сонда Ыбырай:

«Тұлпарларды мінгізген,

Жал-жаяны жегізген,

Барқыттан киім кигізген,

Сұлуларды сүйгізген,

Идраномайт Николай.

Мәстектерді мінгізген,

Тайынша-торпақ жегізген.

Түрегелтіп с...ген,

Кенептен шалбар кигізген,

Спасибо, көменес!

Әншінің алған бетінен қайтпайтындығын көрген Шаяхметов еріксіз айдатып жіберіпті.

Жетпіс жасында «халық жауы» болып атылып кеткен үкілі Ыбырайдың соңғы әні- «Қоштасу» әні.

Айқайлап ән саламын халқым енді,

Кең заман маған тарын дүние болды.

Атығай-Қарауылға тегіс сәлем,

Тыңдаған жан болса егер бұл өлеңді.

Көкшетау өңірінен шыққан әйгілі төрт әнші-композитордың бірі - Үкілі Ыбырайдың бүгінге жеткен 46 әні бар. Тағы да бес-алты әні анықталып жатыр.Ең атақтылары:

«Гәкку», «Сүйгенім кетіп барады қасыма еріп», «Қаракөз», «Қарақат көз», «Жиырма бес», «Жаймақоңыр», «Қараторғай», «Шалқыма», «Қалдырған», «Алтыбасар», «Аңшының әні», «Қызыл асық», «Сұлу Көкше».

Үкілі Ыбырай әндері әуеледі

Алматыда Үкілі Ыбырайды еске алу кеші өтті.

Ақын өскен орта

Үкілі Ыбырай өмірін зерттеуші Жұмабай Есекеев Ыбырай әнін айтып тұр. Алматы. 3 маусым, 2012

Әнші Сәуле Жанпейісова Үкілі Ыбырай әнін айтып тұр. Алматы, 3 маусым 2012 жыл

Ыбырай Сандыбайұлы (1860-1932)

Алғашында жасы үлкен әнші-ақындарға ұқсасам деп талпынып жүріп әншілік дәстүрін өзі жалғастыруға бел буады.Өзі өскен ортада өмір сүрген Біржан сал,Ақан сері,Орынбай,Шөже тәрізді ақындардан тәлім-тәрбие алып,ән айтудың түрлі сырларын меңгереді,әншілік пен ақындықты қатар алып жүреді.Сөйтіп,ол қазақтың музыка мұрасына қосып,өзінен бұрынғы және өзімен үзеңгілес келе жаиқан өнер иелерінің үлгі-өнегесін сабақтайды.

Ыбырай заманында алдына жан салмаған жүйрік әнші, суырыпсалма ақын, талантты композитор болғандығы мәлім.

Халық оны еркелетіп "Үкілі Ыбырай" атап кеткен.

Ән салып,сері болып талаптандық,

Тыңдамай ақылын да барлық жанның.

Бөркіме үкі тағып сәндеп киіп,

Жолына түспей кеттім

дүние ,малдың.

Ыбырай қазіргі Айыртау ауданы,Көкшетау облысында темір ұстаның отбасында дүниеге келеді.

Әкесі Сандыбай бүкіл аймаққа аты жайылған,темірден түйін түйген ұста болған.Болашақ өнер иесі бала кезінде ауылдағы молдадан сауат ашып,жазу-сызуды меңгереді,ән-өлеңге құмартып өседі.