Жеке кабинеттегі «Сіздің prezi-іңіз» терезесі
Бірінші Prezi-презентацияны жасау
Жаңа презентация құру үшін:
1. “New prezi” сілтемесін басыңыз.
Prezi.соm сервисінің интерфейсі
І. Жоғарғы сол жақ меню
- презентация атауы
- соңғы әрекеттерді болдырмау/қайталау;
- өзгертілген презентацияны сақтау;
- презентацияға суреттер, дайын элементтер, бейне жазбаларды, дайын сызбаларды, дыбыстарды, PDF форматындағы файлдарды, PowerPoint-та дайындалған слайдтарды қосу;
- презентацияны баптау.
2. Презентацияны «таза беттен» немесе дайын шаблондарды қолдану арқылы бастаңыз.
Insert менюі арқылы төмендегілер орындалады:
- Images —презентацияға суреттер қосу;
- Symbols & Shapes — символдарды қою (жалаушалар, жұлдызшалар және т.б.), дайын элементтер қосу (сызықтар, маркерлер, геометриялық фигуралар және басқа да объектілер);
- YouTube – бейне жазбаларды қосу;
- таңдалынған контенттер;
- Layouts — слайд бойынша ауысу үшін дайын сызбаларды қосу;
- Add Background Music – дыбыстарды қосу;
- From file (PDF, Video) – файлдарды қосу;
- Powerpoint — Microsoft PowerPoint-та дайындалған слайдтарды қосу
ІІ. Жоғарғы оң жақ меню
— Презентацияны көрсету режиміне көшеді;
— Презентацияны баспадан шығару үшін .pdf форматында сақтау;
— презентацияны түрлі монитор өлшемінде көрсетуді баптау;
— презентацияны редактрлеу режимінен шығу және сақтау.
Youtube - тан бейнежазба қою
Сілтеме қою үшін:
http://oprezi.ru
Жеке кабинеттің басты беті
Жеке кабинеттің басты бетінде қолданушы интерфейсінің негізгі элементтері орналасқан:
1. Олар:
- Your prezis – сіздің презентацияларыңыз орналасқан бет;
- Explore – дайын Prezi презентациялары бар тақырыптық лента;
- learn & support – Prezi сервисімен жұмыс істеуге арналған үйретуші материалдар (ағылшын тілінде);
2. Prezi.com веб-сервисінің соңғы жаңалықтары туралы ақпараттық лента.
3. Сізге жаңа презентация (“New prezi”) жасауға мүмкіндік беретін сіздің презентацияларыңыз (“Your prezi”) орналасқан сілтеме.
4. Беттің төменгі жағында Prezi сервисінің (тарифтік жоспарлар, құқықтық ақпарат, көмек және т.б.) маңызды ақпараттарына жылдам қол жеткізуге арналған меню орналасқан.
https://prezi.com сайтына кіріп, сайт бетінде «Log in» сілтемесін таңдайсыз. Log in терезесінен «sign up» сілтемесін басып, тарифтік жоспарды яғни “Public” терезесінен “continue free” таңдаңыз.
Ары қарай өзіңіз туралы мәліметтер толтырылады:
-атыңыз (First name)
-фамилияңыз (Last name)
- өзіңіздің электронды адресіңізді көрсетесіз (e-mail)
- Prezi.com сайтына кіру үшін құпия сөз (password) ойластырыңыз
- сіз қандай жұмыспен айналысасыз
(So what do you do?) тізімнен қажетті саланы Мысалы, Education таңдаңыз.
- біреуін таңдаңыз (Select one) тізімінен College/University таңдаңыз.
- Public аккаунтын (Create your free Public account) таңдаңыз.
Егер барлық өріс дұрыс толтырылған болса, онда терезеде мынадай хабарлама шығады:
Осыдан кейін Сіз Prezi-дағы өзіңіздің жеке кабинетіңізге өтетін боласыз. Тіркелу аяқталды. Prezi сайтына тіркелгеннен кейін Сізге Prezi веб-сервисінің жеке кабинеті қолжетімді болады.
Prezi.com – да жұмыс істеу үшін қажетті компьютер конфигурациясы:
Prezi-мен жұмыс істеуге қойлатын жалпы техникалық талаптар:
• Минималды жады көлемі: 1Гб;
• Adobe Flash Player 10 немесе оданда соңғы нұсқаларының ДК-де орнатылған болуы керек.
Қолданылатын браузерлер:
• Google Chrome
• Яндекс Браузер
• Mozilla Firefox
• Internet Explorer
• Opera
• Safari
Қолданылатын операциялық жүйелер:
• Windows XP/Vista/7/8
• Mac OS
• Linux
Prezi.com қызметін қолдану шарттары
Prezi.com – да 3 тарифтік жоспар қарастырылған:
«Pro 159$/жылына». Бұл тарифтік жоспар жоғарыда айтылғандардан басқа, Prezi Desktop бағдарламасының көмегімен өз компьютеріңізде презентацияларды редактрлеуге көмек береді. Көлемі: 2000mb
Мұғалімдер үшін — 59$/жылына
«Public FREE» — бұл тегін тариф, мұнда презентциялар онлайн жасалынып, компьютерге жүктеледі. Файлдарды сақтау көлемі - 100mb.
«Enjoy 59$/жылына». Бұл ақылы тарифтік жоспардың қосымша мүмкіндіктері бар. Көлемі: 500mb
Мұғалімдер үшін — тегін*
Prezi-дің ерекшеліктері:
• Масштабтау
Жеке элементтерге көңіл аудару үшін презентация фрагменттерін үлкейте аласыз
• Медианы жүктеу
Microsoft PowerPoint-та жасалған слайдтарды, суреттер мен бейне жазбаларды, PDF-файлдар және тағы басқаларды жүктей аласыз
• Интернетте және компьютерде қолдану
онлайн-презентацияларды қолданып, оларды өз ДК-ге жүктеу мүмкіндігі бар
• Сюжеттік бағыт
Презентацияның сызықтық емес өзіндік көрсетілімін баптай аласыз
• Бірлескен жұмыс
Нақты уақытта презентация-жобаларын дайындай аласыз
• iPad-пен жұмыс
iPad-та Prezi-презентацияларын редактрлеп, көрсете аласыз
Prezi.com — бұл сызықтық емес құрылымдағы интерактивті мультимедиалық презентациялар жасауға арналған web-сервис.
1997 жылғы 22-қыркүйекте (№3645) Қазақстан Республикасы Президентінің үкімімен бекітілген ҚР Президентінің Мемлекеттік бағдарламасы білім беруді ақпараттандыру үдерісінің негізін қалады. Осы бағдарлама негізінде елімізде кешенді және нақты жұмыстар атқарылуда.
Осы бағдарламаның жүзеге асырылуына әрбір педагог мамандар компьютерлік сауаттылығын арттыра отырып білім беру үрдісінің заманауи талапқа сай жандануына өз үлесін қосуда.
Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму кезеңі оқыту үдерісінде технологиялық жаңа әдістерді кең көлемде қолдануды қажет етеді. Осыған байланысты қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, білім беру жүйесінде ақпараттық коммуникациялық технология негізінде заманауи бағдарламалар пайда болуда.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты болып табылады. Ақпараттық коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.