Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Компанияның өнімдік-маркетингтік стратегиясы

6М050700-Менеджмент мамандығы

Магистрлік диссертацияға кіріспе

Тақырып өзектілігі

Зерттеу объектісі

Туризм экономикасының басым салаларының бiрi ретiнде белгiленген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика, бәсекеге қабiлеттi ұлт үшiн» Қазақстан халқына Жолдауында қойылған мiндеттерге байланысты қазiргi уақытта туризмдi дамытуға ерекше маңыз берiледi.

Магистрлік диссертациялық зерттеудің мақсаты

Маркетингтiк-өнiмдiк стратегияларының теориялық-әдiстемелiк негiздерiн зерттей отырып, туризм саласының қазiргi даму барысына талдау жүргiзу және туристiк компанияның өнiмдiк-маркетингтiк стратегиясын жетiлдiру бойынша нақты ғылыми-тәжiрибелiк ұсыныстар беру.

Магистрлік диссертация міндеттері

  • компанияның өнiмдiк-маркетингтiк стратегиясының теориялық-әдiстемелiк негiздерiн зерттеу;
  • туризм саласының қазiргi жағдайына республика және аймақ деңгейiнде талдау жасап, негiзгi даму серпiнiн анықтау;
  • қазақстандық туристiк компаниялардың өнiмдiк- маркетингтiк стратегияларының қолданылу тәжiрибесiн талдау;
  • маркетингтiк қызметтердi ұйымдастыруда өнiмдiк стратегияны дамыту жолдарын ұсыну;
  • туризм саласын дамытудың басым бағыттарын анықтау.

Туризм саласында өнімдік - маркетингтік стратегияны жетілдіру

Туризм саласын дамытудың негiзгi бағыттарын және ондағы iс-шараларды былай топтастыруға болады

"5 Р" үлгісі бойынша ''Chimbulak Development'' ЖШС-ның өнімдік-маркетингтік стратегиясын жетілдіру

5 Р

Туристiк қызмет көрсетулердi мемлекеттiк реттеу

Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

Маркетинг стратегиясын қалыптастыру

Price/Баға

People/Персонал

Туризм инфрақұрылымын дамыту

Қазақстанның туристiк имиджiн қалыптастыру

Мамандар дайындау және ғылыми қамтамасыз ету

Кәдесыйларды сату және ұйымдастыру жөніндегі маман

Маркетинг бөлімінің басшысы/менеджер

  • Маусым сайын бағаларды ұлғайту саясатына өзгерту керек
  • Жиі келетін клиенттерді ынталандыру мақсатында, жеңілдіктер саясатын ойластыру

Жарнама және PR жауапты маман

Маркетингтік зерттеу және клиенттерге қызмет көрсету

Place/Орын

Product/Қызмет

Promotion/Жылжыту

  • Қызмет көрсететін орынды кеңейту керек
  • Курорттың инфрақұрылымын жақсарту ("Shymbulak Project" атты жобасының төңірегіндегі кинотеатрлар, сауықтыру орындары, боулинг орындарын салу)

Қызметтер түрлерін көбейту:

  • Экскурсиялар ұйымдастыру
  • Корпоративтік клиенттерге көп назар бөлу, тимбилдингтер ұйымдастыру
  • Iglo bar құру.
  • Кәдесый өнімдерін дамыту (күнтізбелер, компания логотипімен кеңсе тауарларды шығару
  • Курорт атынан видеобаян шығару және оны телеарналар мен коммуникация құралдары арқылы жылжыту

Қорытынды

Қазақстанның туристiк саласын тиiмдi мамандар әлеуетiмен қамтамасыз ету үшiн келесi iс-шараларды жүзеге асыру қажет

Бизнестiң бүгiнгi күнгi тәжiрибесi көрсетiп отырғандай, ұйымды басқарудың маркетингтік стратегиясы тек ағымдық жағдайдың тиiмдiлiгiн қамтамасыз етiп қоймай, сонымен катар болашақта тұракты бәсекелестiк және нарықтық жайғасымға жетуге және оны ұстап тұруға бағытталуы керек

Өнімдік-маркетингтiк стратегияны құру нарықты зерттеуге, кәсiпорынның нарықтағы позициясын және өзiнiң бәсекелiк артықшылықтарын бағалауға негiзделедi.

Қазақстан үшiн әлемдiк туристiк нарықта дұрыс орынға ие болуына барлық мүмкiншiлiктердiң жеткiлiктiлiгi, шет елдiк туристердi қабылдау үшiн территориясының кеңдiгi, тарихи және мәдени мұралардың молдығы және жеке аймақтардағы таза табиғаттың сақталуы Қазақстанның туристiк тартымдылығын арттыра түсетiндiгi анықталды.

Шымбұлақты - Қазақстандағы әлемдiк санаттағы бiрiншi курортты қайта жарақтандыру бойынша жұмыс iстей отырып, компания басшылығы курорттың құрылысы мен оның кейiннен жұмыс iстеуiнде экологиялық жағынан ұтымды дамыту қырларын қарастырған. Дамудың мұндай тұрпаты сапалы сервистi және соған орай жоғары демалыс деңгейiн, ал жергiлiктi халық үшiн - әл-ауқаттарының сөзсiз артуын, EXPO-ғы мемлекет имиджін – Қазақстан бейнесін бiлдiредi.

-жаңа үлгiдегi заман талаптарына сай «Туризм» мамандығы бойынша жоғары кәсiби бiлiм берудiң мемлекеттiк стандартын жасау қажет;

- туристiк мамандарды даярлаумен айналысатын жоғары оқу орындары туристiк қызметтiң әртүрлi бағыттарының даму деңгейiне қатысты және нарықтық қажеттiлiктердi есепке ала отырып, мамандықтардың тiзбесiн жасауы тиiс;

- мамандарды оқытуда негiзгi назарды олардың отандық туристiк ресурстарды игеруiне, оларды пайдалану тәсiлдерiне, заманауи ақпараттық технологияларды игеруiне, тiлдiк дайындық деңгейiне аудару қажет;

- бiрiншi деңгейдегi туристiк мамандарды орта арнаулы оқу орындарында даярлауды ұйымдастыру қажет;

- жалпы бiлiм беру мекемелерiнде туристiк сыныптар, секциялар мен үйiрмелер құруға ықпал жасау;

- бұрын таратылған республикалық және аймақтық балалар мен жасөспiрiмдердiң туристiк станцияларын қалпына келтiру қажет .

Туризмдегi қызмет үшiн сұранысты ынталандыру басты мiндет болып келедi. Туристiк қызметке сұраныс әрқашанда өсу үстiнде, туризм индустриясы басқа салаларға қарағанда экономикалык конъюнктураның өзгерiсiне байланысты болады.

Теориялық зерттеу нәтижелерiнiң көрсетуiнше маркетингтiк стратегия – бұл кәсiпорынның мақсатты нарықтағы тұтынушылардың талаптарына максималды сәйкес келетiн, тауарлар мен қызметтер ұсыну

Маркетингтiк қызметтi ұйымдастыруда негiзгi стратегиялық бағыттары анықталынып, «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының қызметiн, «5Р» талдауы негiзiнде келесi ұсыныстар шығарылды: қызмет көрсету аясын кеңейту; қызметкерлердi ынталандыру саясатын жүргiзу арқылы кадрлар ағымын тоқтату; «Жасыл экономика» бағдарламасы аясында экологиялық қауiп-қатерлердi төмендету және энергияның жаңа баламалы көздерiне негiзделген технологияларды дамыту.

Жұмыста туризм индустриясының экономика секторларының iшiнде тез дамып келе жатқан сала екендiгi (Қазақстанның ЖIӨ-дегi туристiк қызмет саласының үлесi 2010 жылы 1,8 % құраса, 2013 жылы 2,1 % құрады), сонымен қатар көптеген елдердiң экономикалық және әлеуметтiк дамуының негiзгi құралы болып отырғандығы негiзделдi.

«Chimbulak Development» ЖШС жалпы қызмет жағдайы мен нарықтағы орнын талдау

"Шымбұлақ" тау шаңғы курортының өнімдік-маркетингтік құрылымы

Негізгі сегменттер:

Көрсетілетін қызмет түрлері

  • 5 жасқа дейінгі балалар;
  • мектеп оқушылары, студенттер және зейнеткерлер;
  • ересек адамдар;
  • ерекше назар талап ететін қоғам бөлігі (мүгедектер, ардагерлер);
  • 65 жастан асқан зейнеткерлер;

Тау шаңғы мектебінің сабақтары:

  • жеке сабақтар
  • топтық сабақтар

Түнгі сырғанау абонементі

"Шымбұлақ" клуб картасы

Күндізгі абонемент

4 сағаттық абонемент

«Шымбұлақтың» ерекшелiктерi және жеке даралығы

Әлсiз жақтары

Күштi жақтары

- Инфрақұрылымы әлсiз.

- Қорық аумағында ешқандай экскурсиялар ұйымдастырылмаған;

- Компанияның басқару- - ұйымдастырушылық құрылымы нашар. Көптеген жұмыстарды бiр жауапты адам атқарады, сондықтан жұмыс табысты болмайды;

- Маркетинг бөлiмiнiң жұмысы маретингтiк әрекетке аз бағытталған, бөлiмде тек екi қызметкер жұмыс iстейдi;

- Қызметкерлерге арналған әлеуметтiк пакет өте нашар;

- Компания басшылығында көбiнде шетел азаматтары отырады, қызметкерлер үшiн оларды түсiну бiршама қиын және команда арасында көптеген келеңсiздiктер орын алады.

- «Шымбұлақ» курорты - бренд. КСРО кезiнен бастап, халық бұл жерге ағылып келедi;

- Курорттың орналасу жерi (теңiз деңгейiнен 3200 м биiктiкте) бұл жердi бiрегей етедi;

- Курорт баурайлары сан алуан, сол үшiн сырғанаушлыраға басқа бәсекелестерден артық қылып көрсетедi;

- Туристердiң және сырғанаушылардың үлкен ағымының арқасында, көптеген компаниялардың жарнамалық баннерлер және бокстарды курорт аумағанда iлуiне байланысты қаржылық ресурстар өте ауқымды;

- Курорт Алматы қаласынан 25 км жерде орналасқан. Және оған қоғамдық көлiктер басқа тау шаңғы курорттарына қарағанда көбiрек жүредi.

Құндылық

Көптеген адамдар басқа жерде сырғанағылары келмейді. Себебi, «Шымбұлақ» - дара!

Бiрегей эмоционалды ұсыныс

Маркентинг бөлiмi тарапынан көптеген ынталандырушы шаралар, науқандар

Мүмкiндiктерi

Қауiптерi

Қызметтiң стилi және оның визуалды түрi:

Презентациялар, науқандар кезiнде қойылатын әуендер, би және қойылымдар

Мақсатты аудиториямен қарым-қатынас

- Жаңа сырғанау аймақтарын ашу;

- «Көкжайлау» тау шаңғы курортымен бiрiгiп қызмет ету арқылы, сырғанау аймақтарын 15 есе арттыру, инфрақұрылымын жақсарту мүмкiндiгi;

- Жасанды қар шашу техникасын көптеп тапсырыс беру арқылы, сырғанау маусымын арттыру;

- Курорт аумағында көптеген қыста немесе жазда көңiл көтеру орындарын ашу;

- Арқанды саябақты «Гиннестiң рекордтар кiтабына» енгiзсе, туристер ағымының өсуi;

- «Тұйық су» тау шаңғы баурайын курортқа қосып, туристер санын көбейту.

- «Көкжайлау» тау шаңғы курортының «Шымбұлақтан» оқшауланып жұмыс iстеу қаупi;

- Курорт бағаларының жылдан жылға өсуiне байланысты туристер тарапынан назар туу мүмкiн;

- «Ақ бұлақ» курортының инфрақұрылымының жақсы дәрежеде дамуына байланысты, туристер ағымы сол жаққа ауысуы мүмкiн;

- Кадрлар ағымының тұрақсызыдығынан, курорттың көптеген нишаларының оқшауланып немесе тiптi жұмыстың тиiмсiз өтуi.

Жоғары қызмет көрсету сапасы

«Chimbulak Development» ЖШС бәсекелестерінің артықшылықтары мен кемшіліктері

Бiрегей сауда ұсынысы

Қызметтiң тағы бiр ерекшелiгi – әрбiр клиентке оны ерекше етiп көрсету!

«Chimbulak Development» ЖШС-ның маркетингтiк және жалпы қызметiне SWOT-талдау

«Chimbulak Development» ЖШС-ның бәсекелестерiмен салыстырғандағы қызмет түрлерi мен олардың бағалары

Қазақстан Республикасындағы туризмнiң қазiргi жағдайы мен дамуының өзектi мәселелерi

Назарларыңызға рахмет!

Орындаған: бейіндік бағыт магистранты Оқас С.А.

Ғылыми жетекші:

т.ғ.к., профессор Салимбаева Б.К.

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi