Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Қазақ аруы

Ерте кездегі қазақ арулары

Қазақ аруы- ақылына көркі сай, инабатты-ибалы, өнегелі, өнерлі, мейірімді, тәрбиелі, кеңпейіл, ақкөңіл, сұлу да сымбатты бола қоймай жан дүниесіде сұлу болу қажет. Қазақтар үшін қыздың орны қай кезде де ерекше. Қызды қонақ деп сыйлап, әрқашан төрден орын берген.

Қызға қырық үйден тыйым

Қазақтың қызы ҚАЗАҚ екеніне мақтануы керек. Ұлттык рухы, намысы бар қыз ғана жаһанданудың желімдей жабысар әдетінен бойын аман алып, ұлттық болмысында қалады. Ал бұл дәл қазіргі "азғындап" бара жатқан қоғамда ауадай қажет. Себебі үкілі қыз - ертенгі кимешекті ана.

Ерте заманда "Ең сұлу қыз-бұрымды қыз" деп есептелінген. "Әшекейі жоқ әйел, жапырағы жоқ ағашқа тең"демекші, қазақ қыздар бұрымдарына шашбау немесе шолпы тағып жүрген. Сол арқылы қыздың келе жатқанын алыстан білген.

Қазақта «қызға қырық үйден тыйым» деп аталатын тәрбие бар. Еліміздің ертеңі осы асыл аналарымыз бен өсіп келе жатқан жас қыздарымыздың қолында екені анық. Сондықтан жастарға тәрбие беруде «дәстүрдің озығы мен тозығы бар» демекші заман талабына сай озық тұстарын ұтымды пайдалану керек.

Қазақ қыздары

Қазақ қызы – шашында шолпы, әдемі, тәрбиелі, беті сүттей аппақ, Баян, Қыз Жібек, Тоғжан, Ақбілек секілді әшекей тағынған, шашы қара, қой көзді, тілін, ділін құрметтейтін, қызыл қызғалдақ, гүл басқан жерінде із қалмайтын, білектей бұрымы бар, үкілі тақия, қапсырма тағатын, тал шыбықтай бұралған, Мәншүк пен Әлиядай батыр бойжеткен, қылықты болуы керек.

"Қыз емес қыздың аты қызыл алшын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқыңның сақтай білген ізгі салтын" - демекші. Инабатты, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін, көпшілік қауымға тән сұлулығымен емес, жан сұлулығына жаға білетін, жібек мінезді, «иманды ару, ибалы келін» деген атқа толығымен лайық болуы керек.

XXI-ғасырдың қазақ аруы

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi