Loading…
Transcript

№18ОМ бойынша тәрбие жұмысының талдауы

Мектептің тәрбие жұмысының алдына қойған мақсаты: Ақыл- парасаты мол, мәдени- ғылыми өресі озық, салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

9 бағытта жұмыс жасалды

1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Ұлттық тәрбие

3. Отбасы тәрбиесі

4. Рухани-адамгершілік тәрбие

(Діни тәрбие, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет)

5. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

6. Қоршаған ортаны, өзін – өзі оңтайлы қабылдауы, көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу

7. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

8.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

9. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Оң нәтижелерге қол жеткізу үшін тәрбие қызметінің мынадай міндеттері анықталды:

1. Еліміздің рәмізін сыйлау,өзінің Отан, жанұя, қоғам алдындағы міндеттерін жете түсінуге тәрбиелеу;

2. Халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге ықпал жасау;

3. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролін күшейту және оқу-тәрбие процесіне тарту;

4. Бала денсаулығын нығайтуға жағдай жасау;

5. Әрбір оқушының өзін-өзі дамыту үшін жағдайлар жасау;

6. Бір-бірінің құқығын құрметтейтін балалар мен ересектердің қоғамдастықтарын қалыптастыру;

7. Балалардың моральдық және құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

8. Есепке алынған және тәртібі қиын жасөспірімдермен жұмысты нығайту

Кадр құрамына талдау. 2016-2017 оқу жылында №18 орта мектебінде 1 тәрбие орынбасары (А.Н.Нурлыбаева), 2 психолог (Ұ.Нугманова, С.Аманбаева), 1 әлеуметтік педагог (Н.Сұңқашова декреттік демалысқа шығуына байланысты орнына А.Алдиярова) және 32 класс жетекші қызмет атқарады