Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болмақ!
Ескерту! Басқа адамның және интернет желісінен алынған материалдарды қолдануға қатаң тыйым салынады.
Түйіндеме
Сурет міндетті
сапалы
Аты-жөні:
Мекен-жайы:
Телефоны:
E-mail:
Туған жылы:
Отбасы жағдайы:
Білімі:
Білім алған оқу орны:
Мамандығы:
Санаты:
Ұлты:
Азаматтығы:
Кәсіби тәжірибесі:
Тілдік дағдылары:
Компьютерлік дағдылары:
Жеке қасиеттері:
Қызығушылығы:
Мақсаты:
V кезең
«Білікті маман – Ел тірегі» тақырыбында бетпе – бет өтеді, бұл кезеңге барлық кезеңнің талаптарын орындаған жас маман қатысады.
- 1-бөлім. Берілген тақырыптар бойынша бір тақырыпты таңдау арқылы эссе жазу (көлемі – 2-3 бет, Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал). Эссе интернеттен көшірме болмауы керек. Эссенің мазмұны;
- Оқырманға эмоционалды әсері;
- Түпнұсқалығы, көшірменің болмауы;
- Грамматикалық сауатты жазылуы.
- 2-бөлім. Танымдық турнир, лездемелік сұрақтарға белгіленген минутта жауап беру 11.12.2019ж. №3 орта мектепте өтеді.
- Білімі мен кәсіптік деңгейі;
- Ой-өрісі;
- Тапқырлығы.
ІV кезең
Жас маманның портфолиосының электронды нұсқасы, әр ай сайын қатысушы Youtube желісіне жариялау үшін munaily.bilim@gmail.com поштасына жіберу керек:
- Педагог туралы жалпы мәліметтер;
- Фотосуреттер;
- Кәсіби өсу жетістіктері: біліктілік арттыру курстарының сертификаттары, марапаттар, тәлімгерімен бірлескен өз білімін көтеру жоспары, т.б.,
- Авторлық әзірлемелер: әдістемелік көмекші құрал, мақала, оқыған баяндамалары, т.б.,
- Педагогтің және оқушының жетістіктер: БҒМ-нің 24.05.2018ж. №226 бұйрығында көрсетілген шаралардың тізбесіндегі олимпиадалар, танымдық сайыстар, т.б.;
- Білім сапасы 2018-2019 жылдың ІІІ, ІV мен 2019-2020 оқу жылы бойынша І, ІІ тоқсан салыстырмалы түрде.
ІІІ кезең
Парақшамызда үздік деген (2018-2019 жылдың ІІІ,ІY тоқсаны бойынша 20.05.2019ж., дейін бір тәрбие сағаты мен пәні бойынша үздік сабағын, 2019-2020 оқу жылы бойынша 25.11.2019ж., дейін) 2 тәрбие сағаты («Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры», осы жылғы атаулы күндер, т.б.,) мен өз пәні бойынша үздік сабақтарының видеосы салыну керек, сондықтан көрсетелген уақыттан кеш қалмай munaily.bilim@gmail.com поштаға жіберу керек, бұл жерде жазылған талдамалы пікірлерге назар аударылады, қорытынды есептеуде әділ-қазы құрамының шешіміне басым бағыт беріледі.
- Құрылымы байқау тақырыбына сай болу керек;
- Жарияланған тәрбие сағаттары мен сабақтар суреттермен сәйкес болу керек;
- Оқыту әдістемесі;
- Сабақтағы қолайлы психологиялық ахуал;
- Оқу процесін басқару;
- Вербалды және вербалды емес коммуникативтік дағдылар;
- Білім ресурстарын сауатты қолдану.
ІІ кезең
Жоба ұсынылу қажет, жоба сол қызмет ететін білім беру ұйымының дамуына бағытталуы тиіс. Тақырыбы мен жоспары 10.02.2019ж. дейін аудандық білім бөліміне жіберу керек, ал орындалысын белгіленген күндер бойынша тоқсан (2018-2019 о/ж. бойынша ІІІ тоқсан – 19.03.2019ж., ІY тоқсан – 20.05.2019ж., 2019-2020 о/ж. бойынша І тоқсан - 22.10.2019ж., ІІ тоқсан -20.12.2019ж.,) соңында munaily.bilim@gmail.com поштасына жіберу керек, кеш қалған жағдайда қабылданбайды, қатысушы келесі турға жіберілмейді.
І кезең
Байқауға қатысушының түйіндемесі үлгіге сәйкес munaily.bilim@gmail.com поштасына 1.02.2019ж. күні жіберу керек.
«ЖАС МАМАН-2019»
Байқауға қатысу үшін:
- Кезеңдер бойынша материалдарыңызды munaily.bilim@gmail.com поштасына жіберіңіз;
- Байқауға кез – келген мемлекеттік білім беру ұйымдарынан еңбек өтілі 5 жылға дейінгі екі (2) жас маман қатыса алады.
- Келген материалдар парақшаға жүктеледі
Байқау 2019 жылдың
1 ақпан күні басталады, желтоқсан айында аяқталады.
Ескерту! салынатын материалдардың сапасына жүктеуші жауап бермейді.
Мұнайлы ауданы
Жас мамандардың біліктілігімен өз кәсібінің жан -жақты шебері екендігін сынау арқылы
- оларды іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу;
- аудан деңгейде педагогикалық тәжірбиелерімен бөлісу;
- аудан бойынша үздік жас мамандарды анықтау;
- оларды марапатттау.