Қарастырылатын сұрақтар:
Бағалау қызметі туралы заңнаманың негізгі ережелері
Бағалаушының құқықтары мен міндеттері.
1. Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Мемлекеттiк мүлiктi бағалауды ұйымдастыру ерекшелiктерi, мүлік мемлекеттiк мүлiктiң құрамына түскен, мемлекеттiк мүлiктi жеке тұлғалардың және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың пайдалануына берген, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығарған кезде мүлiктi бағалау жағдайлары мен ерекшелiктерi "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-тарауында белгiленедi.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Click to edit text
Click to edit text
ҚР «Бағалау қызметі» туралы заңы, 10 қаңтар 2018 жыл