Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Т. Сайрамбаев
М. Балақаев
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелу тарихына қатысты еңбекке анализ
Кіріспе
"Қазіргі қазақ тілі" еңбегі филология студенттеріне арналып жазылған. Кітап сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі деген екі бөлімнен тұрады. Оқулық үш рет өңделіп жарық көрген.
1971 ж.
1992 ж.
В. В. Виноградов, Н. А. Баскаков сөз, сөз тіркесі мен сөйлемді екі түрлі құбылыс ретінде қарастырады. М. Балақаев, Т. Сайрамбаев: "Сөйлемнің материалдық негізі - сөз, сөз тіркесі."
Мысалы: Ас - адамның арқауы.
(Сөз-ой құраудың арқауы болып тұр.)
Кең үйдің терезесі ашық тұр.
(Сөз тіркесі - сөйлемнің бір материалы ретінде жұмсалып тұр)
30-31 бет
Мысалы:кең үй
33-34 бет
Сөз тіркесінің топтастырылуы
Сөз тіркесі
(Сөздің тіркесу қабілетіне қарай)
Есімді
Етістікті
Меңгеріле байланысқан с.т.
Қабыса байланысқан с.т
Матаса байланысқан с.т
Меңгеріле байланысқан с.т.
Қабыса байланысқан с.т
ойға олақы
поштамен жібер
Ағаштың бұтағы
Темір қанат
гүрс-гүрс жарылды
Сабақты
Салт
1. Кісінің көңіл күйін білдіретін етістіктер: күлу, қуану, қайғыру, жылау, зерігу, қорқу, елегізу, ұйықтау т.б.
2. Жан-жануарлардың үндеу және қозғалыс күйін білдіретін етістіктер: ырылдау, маңырау, боздау, кісінеу, мөңіреу, сайрау, жорғалау, ұшу т.б.
3.Адамның не басқа заттың қимыл күйін білдіретін етістіктер: кіру, шығу, түсу, талпыну, жету, қозғалу, қимылдау т.б.
4. Кісінің, заттың сындық құбылыс күйін білдіретін етістіктер: қызару, қараю, ағару, сарғаю, сұрлану, кішірею, жақсару, ұзарту т.б.
1. Кісінің қимыл әрекетін білдіретін етістік: істеу, шабу, қырқу, қазу, айдау, түйреу, қозғау т.б.
2. Кісінің сезімін, қабылдау әрекетін білдіретін етістіктер: сезу, сағыну, есіту, ұмыту, ойлау, білу, иіскеу, тыңдау т.б.
3. Айуанаттың, жәндіктердің қимыл әрекетін білдіретін етістіктер: тебу, қабу, тістеу, шағу, шұқу, талау, сүзу т.б.
4. Кісінің, жануарлардың қоректену әрекетін білдіретін етістіктер: шайнау, жұту, жалмау, ішу, жеу т.б.
86-87 бет
Сөйлем
Жай сөйлем
Құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмалас сөйлем
Аралас құрмалас сөйлем
Жақты сөйлем
Жақсыз сөйлем
Толымды сөйлем
Толымсыз сөйлем
Атаулы сөйлем
Белгісіз жақты сөйлем және жалпылама жақты сөйлемдер
Бірқатар сөйлемнің грамматикалық бастауышы ерекше айтылмайды да, істелген іс-әрекет, әйтеуір, белгісіз субьектілерге тән екені айтылады. Мұны белгісіз-жақты сөйлемдер деп аталады.
Мысалы: Қалпақты қыста кимейді, жазда киеді. (баяндауышы 3 жақта), бірақ бастауышы белгісіз
III жақта + ауыспалы осы шақ
Өткен, келер шақтық, III жақтық тұлғадағы етістіктер, есімшелер баяндауыш болғанда
Ол жақта жылқының етін жемейді.
Ол кезде көмірді қауғамен тартатын.
Үш жаққа бірдей ортақ мағынада айтылатын сөйлемді жалпылауыш жақты сөйлем деп атаймыз.
Мысалы:
Жақсы жерге жатсаң, жақсы-жақсы түс көрерсің,
Жаман жерге жатсаң, жаман-жаман түс көрерсің.
Атаулы сөйлем
Кейбір авторлар атаулы сөйлемдер қатарына кітаптың, мақаланың, өлеңнің тақырыптарын да, кітаптың, мекеменің аттарын да атаулы сөздерге жатқызады. Ол дұрыс емес, олар, көбінесе, жалқы есім, сөз тіркесі болады.
Парцеляция
Сөйлемнің айқындауышы тәрізді, өз алдына жеке қолданылмайды, алдыңғы сөйлемнен бөліне алмайтын синтаксистік қосалқы топтар.
Мысалы: Желіден аулақ аударайық... Былайырақ!(Ғ. Мүсірепов)
Кел, қылыштасайық, -дейді тағы бірде, - кәдімгідей. Ляхтарша. Немістерше. Кәдімгідей жекпе-жек. (М. Мағ)
Қорытынды
"Қазіргі қазақ тілі" оқулығында синтаксис, оның зерттелуі, сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі, парцелляция құбылысы жан-жақты баяндалған. Біз өзіндік жұмысымызда сөз тіркесіне, жай сөйлем синтаксисіне, парцелляция құбылысына тоқталдық.