Loading content…
Loading…
Transcript

Мәліметтерді қөңдеудің желілік технологиялары. Мәліметтерді үлестірімді өңдеу. Компьютерлік желілердің жалпылама құрылымы. Жұмыс станциялары мен серверлер жұмысының архитектурасы.

Орындағандар: 7Б тобы

Желілердің архитектурасы желідегі негізгі элементтерді анықтайды, оның ортақ логикалық ұйымын, техникамен, программамен қамтамасыз етуін сипаттайды, кодтау әдістерін суреттейді. Сонымен қатар архитектура жұмыс жасау принципін және қолданушының интерфейсін анықтайды.

Берілген курсте архитектураның үш түрі қаралады:

- терминал – негізгі компьютер архитектурасы;

- клиент – сервер архитектурасы;

- бір рангті архитектура.

Терминал – негізгі компьютер архитектурасы.

Терминал – негізгі компьютер архитектурасы (terminal – host computer architecture) – бұл мәліметтердің барлық өңделуі бір немесе топталған негізгі компьютерлерде жүзеге асырылатын ақпараттық желі концепциясы.

1

Терминал – негізгі компьютер архитектурасы

Қаралып жатқан архитектура жабдықтаудың екі түрін ұсынады:

- желіні басқаруды, мәліметтерді сақтауды және өңдеуді қамтамасыз ететін – негізгі компьютер.

- Терминал, негізгі компьютерден команданы жіберуде сеанстарды ұйымдастыруға және есептерді орындауға, есептерді орындау үшін мәліметтерді енгізуге және нәтижені алу үшін аралған.

Негізгі компьютер мәліметтерді жіберу мультиплексоры арқылы терминалдармен өзара әрекеттеседі.

Негізгі компьютерлермен желіленген архитектураға классикалық мысал - жүйелі желілік архитектура (System Network Architecture – SNA).

2

Бір рангті архитектура

Бір рангті архитектура (peer-to-peer architecture) – бұл барлық оның ресурстары жүйелерге бөліп жайғасқан ақпараттық желілердің концепциясы. Бұл архитектура оның барлық жүйелері тең құқылығымен сипатталады.

Бір рангті желілерге кез-келген жұмыс станция бір уақытта файлдық сервердің және жұмыс станцияның функциясын орындайтын кішігірім желілер жатады. Бір ренгті ЛЕЖ-де дисктік кеңістік және файлдар кез-келген компьютерде ортақ болуы мүмкін. Ресурс ортақ болу үшін, оны бір рангті желілік операциялық жүйелердің қашықтағы рұқсат қызметін қолданып, ортақ қолдануға беру керек. Мәліметтерді қорғау қалай орнатылуына байланысты, басқа қолданушылар, файлдар құрылғаннан бастап, лезде қолданыла алады. Бір рангті ЛЕЖ тек кішігірім жұмыс топтары үшін жеткілікті жақсы.

3

Бір рангті ЛЕЖ орнатуға ең жеңіл және арзан желінің түрі болып табылады. Олар компьютерді желілік карта мен жілілік сақтаушыдан басқа, тек Windows 95 немесе Windows for Workgroups операциялық жүйеде болғанын қалайды. Компьютерлерді жалғағанда, қолданушылар ресурстарды және ақпаратты бірге қолдануды ұсына алады.

Бір рангті желінің келесідей артықшылықтары бар:

- олар орнатуда және өңдеуде женіл;

- бөлек ДК-лар белгіленген желіден тәуелді емес;

- қолданушылар өз ресурстарын бақылай алады;

- құны аз және жеңіл қанау(эксплуатация);

- минимум жабдықтау және программалық қамтамасыз ету;

- администратордың қажеттілігі жоқ;

- желінің оннан аспайтын сандық қолданушыларға жақсы келеді.

4

Бір рангті архитектураның проблемасы компьютерлер желіден сөндірілетін жағдай болып табылады. Бұл жағдайда желіден олар ұсынған сервистің түрлері жоғалады. Желілік қауіпсіздікті бір уақытта тек бір ресурсқа қолдануға болады, және қолданушы қанша желілік ресурс болса, сонша парольді есінде сақтау керек. Бөлек ресурсқа қол жеткізгенде компьютер өнімділігінің құлауы сезінеді. Бір рангті желінің маң маңызды жетіспеушілігі орталықтанған администраторлаудың болмауы.

Бір рангті архитектураны қолдану «терминал – негізгі копьютер» архитектурасын немесе «клиент - сервер» архитектурасын сол желіде қолдануды шығармайды.

5

Клиент – сервер архитектурасы (client-server architecture) — бұл ақпараттық желінің концепциясы, онда оның ресурстарының негізгі бөлімі өз клиенттерін қамтамасыз ететін серверлерде ойы жинақталған . Қарастылып отырған архитектура екі түрлі компоненттерді анықтайды: серверлер және клиенттер.

Сервер — бұл басқа желілік объекттерге олардың сұранысы бойынша сервисті ұсынатын объект. Сервис — бұл клиенттер қызмет көрсету процессі.

6

Сервер клиенттердің тапасырмасы бойынша жұмыс істейді және олардың тапсырмаларының орындалуын басқарады. Әрбір тапсырма орындалғаннан кейін ,сервер бұл тапсырманы жіберген клиентке алған шешімдерін жібереді.

Клиент — сервер архитектурасында серверлік функция қолданбалы программалар комплексімен сипатталады, және олар әртүрлі қолданбалы процесстермен орындалады.

Анықталған операцияның көмегімен сервистік функцияны шақыратын процесс клиент деп аталады. Ол программа немесе қолданушы болып табылады.

7

Клиенттер — бұл сервестің ресурстарын қолданатын және қолданушыға ыңғайлы интерфейстерді ұсынатын жұмыстық станциялар. Қолданушының интерфейсі деп жүйенің немесе желінің қолданушымен өзара әрекеттесетін процедуралар.

Клиент бастаушы болып табылады және электрондық поштаны немесе басқа серверлердің сервисін қолданады. Бұл процессте клиент қамтамасыз етудің түрін сұрайды, сеансты орнатады, оған керекті шешімдерді алады және жұмыстың аяқталуы туралы хабарлайды.

8

Желілік технологиялар

Ethernet– жергілікті желі құрастыру мақсатында өте кең тараған технология түрі.Ол ІЕЕЕ 802.3 стандартына негізделіп,мәліметтерді 10Мбит/с жылдамдықпен тасымалдап отырады. Ethernet желісіндегі құрылғылар желі арнасында сигналдың бар екендігін бақылап отырады.Егер арнаны ешбір құрылғы пайдаланбайтын болса,онда Ethernet құрылғысы мәліметтерді жөнелте бастайды.Бұл сегментегі әрбір жұмыс станциясы жергілікті желідегі мәліметтерді талдап,олардың өзіне бағытталғанын айқындап теріп алады. Бұл схема тұтынушылар саны аз болып сегменттегі тасымалданатын мәлімет мөлшері де төмен болғанда,тиімді болып саналады.

9

Fast Ethernet желісінде мәліметтер 100Мбит/с жылдамдықпен тасымалданады,яғни Ethernet желісіне қарағанда он есе жылдам жүргізіледі.Қолданбалы программалар күрделенгенде және желідегі тұтынушылар саны артқан кезде мұндай жоғарғы өткеру мүмкіндігі қысылшаң кездерді болдырмайтын тәсілдің бірі болып табылады.

10

Бүгінде әлемде 130 млн-нан аса компьютерлер бар, олардың 80 %-дан артығы әр түрлі ақпараттық-есептеу желілеріне біріктірілген. Мәліметтерді тасымалдаудың компьютерлік желілері болашақта коммуникацияның негізгі құралы болады. Желілерде ақпаратты тасымалдау жылдамдығы жоғары, жұмыс орнында отырып-ақ хабарлама алу/жөнелту, жер шарының кез келген нүктесінен керекті ақпаратты жылдам алу мүмкіндігі, әр түрлі компьютерлер арасында және әр түрлі программалар арасында мәлімет алмасу, т. с. с. әрекеттер орындала береді

11

Сақиналық архитектура технологиясы болып саналатын және технологиялары маркерлік қатынас құруға негізделген кумалы желі жасауды пайдаланылады.Олар сақина бойымен бір бағытта маркер деп аталатын арнайы биттер тізбегінен тұратын мәліметтердің айналып жүруі арқылы жасалған үздіксіз тұйық желі түрін құрайды.Маркер сақина бойымен желідегі әрбір жұмыс станциясын айналып өтіп үздіксіз қозғалыста болады.Желідегі мәлімет жөнелтетін жұмыс станциясы маркерге бір кадр қосып қояды, ал қалған станциялар тек маркерді ары қарай жылжытып отырады. Token Ring желілері мәліметтерді 4 немесе 16 Мбит\с жылдамдықтармен тасымалдап, көбінесе IBM компьютерлер3 ортасында қызмет етеді.

12

Интернеттің басты тапсырмасы бұл – әр тәуліктік, жоғары сенімді байланыс. Интернетке қосылған кез келген екі компьютер (немесе басқа құрылғылар) бір-бірімен кез келген уақытта хабарласа алады. Ары қарай «Желі» сөзін қолданғанда Интернет сөзіне синоним ретінде Желімен интернет арқылы екі компьютерді байланыстыру мүмкіндігін және олардың өзара байланысын қамтамасыз етуді түсінеміз. Интернетке қосылған әрбір компьютер – бұл Желінің бір бөлігі. Компьютер-серверлер және компьютер-клиент

13