49. Жануарлар көптүрлілігі
1
Жануарлар дүниесі алуан түрлі болып келеді.Планетамызда тірі ағзалардың қанша түрі бар екендігін ешкім дәл айта алмайды. Ғалымдардың пайымдауы бойынша, 5-6 млн, кейбіреулері 25-30 млн деп есептейді.Екі млн-ға жуық жануардың сипаттамасы бар. Бұл көрсеткіш жаңа түрлердің пайда болуына байланысты өзгеріп отырады.
Ең қарапайым және кішкентайы - біржасушалы жануарлар (амеба, инфузория т.б.)
1
2
Көптеген жануарлар көпжасушалы болып келеді.
Жануарлардың арасында құрылысы қарапайымдарын омыртқасыз жануарлар дейміз.
2
Жануарлардың үлкен тобын омыртқалылар құрайды.
3
2
Жануарлар да - барлық тірі ағзалар сияқты табиғаттың бір бөлігі. Сондықтан да оларды қорғау керек. Табиғаттағы барлық ағзалар бір-бірімен тығыз байланыста тіршілік етеді. Олардың бір түрінің азаюы немесе түбегейлі жойылуы басқа да жануарлардың көбеюіне кері әсерін тигізіп, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына алып келеді.
3
Қызыл кітап – сирек кездесетін және жойылып кетуі мүмкін жануарлардың, өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және т.б. тізімі.
1
- Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Ғалымдар оны қажетті мәліметпен толықтыру және жариялау үшін, 15 жыл уақыт жұмсады.
- Кітаптың беттері әр түрлі түстен тұрады. Қара беттерде жойылған хайуандар, қызыл беттерде сирек кездесетін, сары бетте тез азайып келе жатқан, ал ақ беттерде құтқарылған жануарлардың түрлері көрсетілген.
2
- Соңғы 4 ғасырда, жануарлардың және өсімдіктердің 150-ден астам түрі жойылып кетті. Қазақстанда бұл кітап 3 басылымнан тұрады. Соңғысы 1999 жылы шықты.
- Кітапта жануардың 120 түрі туралы жазылған. Олардың ішінде ақбөкен, гепард, бүркіт, арқар, барыс, және қылқалам бар.
- Біздің елімізде, Қызыл кітапқа енген жануар немесе өсімдікке зиян тигізілсе, ол адам айыппұлмен қатар, бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
3
Қызыл түс – қауіптілікті білдіреді. Сондықтан, кітапті осы түсте шығаруға шешім қабылданды.
Science
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Біржасушалы жануарларға қандай жануарлар жатады?
2. Көпжасушалы жануарларға қандай жануарлар жатады?
3. Омыртқасыз жануарларға қандай жануарлар жатады?
4. Омыртқалы қандай жануарлар жатады?
5. "Қызыл кітап туралы" қызықты ддеректер құрастырыңдар.