Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Your name / Your company
dd/mm/yyyy
Бағдарлама жастарға не береді?
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы жастарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақы мен баспана алуға жеңілдетілген несие ұсынады. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы маман ауылдық елдімекенге жұмысқа орналасқан жағдайда «Дипломмен ауылға» жобасы аясында тек қана 70 айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы және қажеттілігіне қарай тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі бар. Әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман ауылдық елдімекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады.
«Дипломмен ауылға!» жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасы бойынша құрылды. 2008 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Ауылды тұрғылықты пункттерінде әлеуметтік салалардың қызметкерлерін ынталандыру және әлеуметтік қолдау сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң (одан әрі - заң) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап өз күшіне енді, онда ауылды тұрғылықты пункттеріне өмір сүру және жұмыс істеу үшін келген әлеуметтік салалар мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қарастырылған.
«Дипломмен ауылға!» жобасында келесілер қатысу мүмкін Жаңа ғана диплом алған оқу орындарының түлектері, Бес жылдан кем емес мерзімге өмір сүру және жұмыс істеу үшін ауылға келген еңбек өтілімі бар мамандар.
Ол үшін келесілер қажет:
• жұмысқа орналасу үшін аймақтағы таңдау
• өздерімен таңдалған тұрғылықты пунктте жұмыс табу (ауыл мектебі, емхана, Мәдениет үйі, спорт кешені және т.б.).
Аймақтарда кадрлардың қажеттіліг жөнінде мәліметтер облыстық әкімдіктер басқармаларының сайттарында жарияланған.
Жобаға қатысу үшін құжаттар тізімі:
• нұсқау бойынша өтініш;
• жеке куәлігінің көшірмесі;
• жаңа жұмыс орны бойынша кадрлық қызметімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
• білімі туралы диплом көшірмесі;
• салық төлеушінің тіркелуі жөнінде куәлік көшірмесі;
• әлеуметтік жеке кодын алғаны жөнінде куәлік көшірмесі