Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Осы екі мәселеге байланысты ойға келген бір түйінді Ислам ғалымдарымен, тіпті ұстаздарымның бірі Имам Раббанимен келіспеген күйі былай деймін:
Хазіреті Якуб Алейһиссәламның баласы Юсуф Алейһиссәламға деген өте күшті, жалынды сезімі МАХАББАТ немесе қатты жақсы көру сезімі емес. Расында ол МЕЙІРІМ еді. Өйткені мейірім, махаббат пен ғашықтықтан әлдеқайда өткір, жарқын да жоғары, кіршіксіз және Пайғамбарлыққа лайық сезі. Алайда, махаббат пен ғашықтықтың жоғары дәрежесі Аллаһтан басқа жаратылысқа арналатын болс, Пайғамбарлық асқақ мәртебесіне лайық келмейді.
Демек, Құран Хаким жарқын да мұғжизалы түрде көрсетіп берген және Якуб Алейһиссәламның Аллаһтың Рахим есіміне бөленуіне себепкер болған сезімі - МЕЙІРІМНІҢ жоғары дәрежесі еді.
Ал, Уәдуд есіміне бөленуге дәнекер болатын ғашықтықтың Зылиханың Юсуф Алейһиссәламға деген махаббат мәселесі. Демек, баяндауы мұғжиза болған Құран Хаким, Якуб Алейһиссәламның сезімін, Зылиханың сезімінен қаншалықты жоғары етіп көрсеткен болса, МЕЙІРІМ де ҒАШЫҚТЫҚТАН соншалықты жоғары болғаны. Ұстазым Имам Раббани Аллаһтан басқаға ғашық болу пайғамбарлық дәрежеге жараспайтынын біліп, Юсуф Алейһиссәламның кереметтігі бұ дүниелік емес, о дүниеге қатысты болғандықтан оған деген махаббат кемшілік болып есептелмейді деген. Мен былай деймін:
Уа, Ұстаз, мұныңыз мәселені қиындатып жіберетін жорамал. Ақиқат былай болса керек, ол махаббат емес, анығында ол, МАХАББАТТАН жүз есе жоғары, ауқымды да жарқын МЕЙІРІМ сезімінің асқақ мәртебесі. МЕЙІРІМНІҢ барлық түрі де нәзік әрі саф. Ал, ҒАШЫҚТЫҚ пен МАХАББАТТЫҢ көптеген түрлеріне шынайы көңілмен берілуге болмайды. ("Күннің өзі менің сүйіктімнің сұлулығынан ұялып, бұлттың артына жасырынуда")
مِيحِرِّلا نِمَحْرَّلاَ
- екі Нұр болған есімдерге бөленіп, қол жеткізудің ең маңызды, ең қысқа жолы пақырлық пен шүкіршілік, әлсіздік пен мейірім. Яғни өзінің құл екенін сезіну мен мұқтаждық.
نَيمِِِِحارَّلا مُحَرْاَوَهُوَاظًفِاحَرًُُُيْخَ هُلَّلافَ
- мейірімнен туындайтын қайғы-мұңға қарсы дауа