Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading content…
Transcript

КУАНЫШ КАЛГАПБАР

Іскерлік келіссөз және Этика

Келіссөз:

Жоспар:

1)Келіссөз жүргізудің негізгі принциптері

2)Келіссөз жүргізудің ережесі мен техникасы

3)Келіссөз жүргізудің ұлттық стилі

STRENGTHS

Келіссөздер процесі:

Келіссөздер процесі-бағдарланған және іскерлік қарым-қатынас қажет нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталған.

Олар келісімге екі жақтың мүддесін жету және келiссөздерде барлық тараптардың сай нәтижелерін алу үшін пікір алмасу өзара пайдалана негізінен өткізіледі. Келіссөздер негізі ретінде, әрине, оларды басқару процесі болып табылады.

Келіссөздерге қатысушылар өз ережесіне ие «ойынды» бастауға мүдделі болатын ниет келтіреді де, ол ойында қатысушылар бұрын жасалынған шешімді өзгертуге құқылары жоқ. Оның ішінде серіктестің сіздің істеген ұылығына, жіне оны бағалағаны ретінде, және осы тұрғада не істейтінін қарастыру керек.

Іскерлік әңгіме мен келіссөздің этикасы және психологиясы.

ІСКЕРЛІК ӘҢГІМЕ:

Сұрақтар тізімі:

Сұрақтың келесідей түрлері бар:

Ақпараттық сұрақтар – келіссөздің мәнін ұғыну мақсатында мәлімет алуға бағытталған.

Бақылау сұрақтары – серіктесіңіздің сізді түсініп отырғанын байқау үшін әңгіменің кез-келген уақытында қойылады. Мысалы, «Сіз осы жайында не ойлайсыз?»,«Сізде мен сияқты ойлайсыз ба?».

Бағыттаушы сұрақтар – серіктесіңіз әңгіме тақырыбын сізге ұнамайтын жақтарға бұрғанда қажет болады.

Провокациялы сұрақтар – серіктесіңіз шын мәнісінде нені қалайтынын және істің жағдайын дұрыс түсініп отырғанын анықтауға көмектеседі. Ызасына тию – «шабуыл» жасау,араздастыру. Мұндай сұрақтарды былай бастауға болады: «......... істеуге сенімдісіз бе?», «Сіз шынында осылай есептейсіз бе?».

Альтернативті сұрақтар – серіктесіңізге таңдау мүмкіндігін береді. Нұсқалардың саны үштен аспау керек. Мұндай сұрақтар тез жауап беруге көмектеседі. «Немесе» деген сөз сұрақтың негізгі компоненті болады: «сізге талқылауға қандай уақыт қолайлы – дүйсенбі,сәрсенбі немесе бейсенбі?».

Растау,келісу сұрақтары – өзара түсінушілікке алып келеді. Егер серіктесіңіз бес рет келісімін берсе,онда алтыншы шешуші сұраққа оң жауап береді.

Қарсы сұрақтар – әңгіменің жай аяқталуы мен серіктестің келісіміндегі нақты бір шешімге келуіне бағытталған.Сұраққа сұрақпен жауап беру дұрыс емес.

Танысу сұрақтары – серіктесіңіздің қарастырып отырған мәселеге көзқарасын білу үшін қойылады.

іСКЕРЛІК ӘҢГІМЕ:

Іскерлік әңгіме:

Іскерлік әңгіме пікірлермен,ақпараттармен алмасуды ұсынады және ол келісімдердің аяқталуын немесе міндетті түрде шешім қабылдауды болжамайды. Іскерлік әңгіме өзіндік мінездемелерге ие болады,келіссөздерді болжауы немесе оның құрама бөлігі болуы мүмкін. Келісімдер ресми және нақты сипатқа ие болады,ережеге сәйкес,ол екі жақтың міндеттерін айқындайтын құжаттарға (келісім, контракт) қол қоюды болжайды.

Келіссөздерге алдын-ала дайындықтың негізгі элементтеріне мыналар жатады: келіссөзді өткізу затын (мәселесін) анықтап алу, оларды шешу үшін серіктестерді іздеу,өзіңіздің және серіктесіңіздің мақсаттарын анықтау,жоспар жасау және келіссөз бағдарламасы,делегация құрамына мамандарды таңдау,ұйымдастырушылық сұрақтарын шешу және қажетті материалдарды дайындау – құжаттар,сызбалар,кестелер,диаграммалар,ұсынылатын заттың үлгілері және т.б. Жиналыстың өтуі мына схемадағыдай: жиналыстың басталуы – ақпараттармен алмасу – аргументация және контаргументация – шешімді талқылау және қабылдау - келіссөзді аяқтау.

ЕРЕЖЕЛЕР:

Алдын-ала кездесуде серіктеспен қарым-қатынасты жақсартуға және және оны жүзеге асыруда америкалық мамандар ұсынған негізгі 6 ереже өте маңызды:

1.Ұтымдылық . Өзін сабырлы ұстау қажет.

2. Түсінушілік. Серіктесіңіздің көзқарасын ескермеу өзара тиімді шешім қабылдау мүмкіндігін азайтады.

3. Қарым –қатынас. Егер серіктесіңіз қызығушылық білдірмесе,онымен кеңес өткізуге тырысыңыз. Бұл қарым-қатынасыңызды сақтауға және жақсартуға көмектеседі.

4. Нақтылық. Жалған ақпарат аргументация күшін әлсіретеді,сонымен қатар сіздің абыройыңызды түсіреді.

5. Менторлы екпіннен аулақ болыңыз. Серіктесіңізге бірнәрсені үйрету дұрыс емес. Негізгі әдіс – сендіру.

6. Қабылдау. Басқа жолды таңдауға тырысыңыз және серіктесіңізден жаңа нәрсені қабылдауға дайын болыңыз

Этикет адам мен қоғам мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылатын адамдардың ішкі қатынастарының пайда болу процесін реттейтін өзін - өзі ұстау ережелерінің жиынтығы.

Этика

Мемлекеттік қызметші этика

Мемлекеттік қызметшіге қойылатын этика талаптары

Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету – үлкен қателік.

Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы – оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы.

Мемлекеттік қызметшіге, өзге мамандық иелеріне қарағанда тәкаппарлық типті де жараспайды. Ол адамдарға қатынасындағы менмендікпен, олардың білімі мен тәжірибесін менсінбеушіліктен, өз орнын аса биік бағалаудан, қолы жеткен табысқа мастанудан, өз мүмкіндігін асыра бағалаудан көрінеді.

Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз – өзіне жоғары талап қоя білу мемлекеттік қызметшінің өзін – өзі ұдайы жетілдіру ғана емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады.

Талап қоя, сұрай білу де – мемлекеттік қызметшінің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінін талаптарының бірі.

Талап ету – сенім блдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет.

Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет – тыңдай білу.

Әдеп

Қол алысуда бастығы бағыныштыға, үлкен ер адамға бірінші қолын ұсынады. Жеке қарым – қатынас – 60 см мен 1 – 2 метр қашықтықтан араласу.

Бұған әңгімелесу, келіссөз келісім шарт кезіндегі кездесулер жатады. Әлеуметтік ара қашықтық – 1,2 – 2,5 метрмен анықталады.

Ол танымайтын адаммен байланысты білдіреді.

Мұндай қашықтық директордың хатшысымен, өзге де қызметкерлермен қатынасында болады.

Мұндай қатынас кезінде қабылдаушының назарын басқа жаққа аударуы әңгіменің аяқталғанын білдіреді. Көпшілік ара қашықтық 3,5 – 7,5 метрге шейінгі аралықты қамтиды. Ол мәжілістер, жиналыстар өткізуде қолайлы. Сіздің киіміңіз.

Осыған байланысты сыртқы түр этикетінен де хабардар болған жөн. Тап – таза, өзіне сенімді, сыпайы көзге ұрып тұратын артық жылтырақсыз киінген қызметкер сенімге тез ие болады Тиімді қарым – қатынас.

Әдеп

ӘДЕП-қазіргі этиканың маңызды ұстанымы болып табылады. Әдеп амандасудан басталады.Қазіргі кездегі этика халықаралық қарым-қатынаста ереже ретінде кең қолданылады.

Қазіргі этика

Қазіргі этика

Қазіргі нарықтық эканомика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп – нарық экономикасына әбден бейімделген өз ісін жетік білетін адамды айтады. Іскерліктің маңызды ұстанымына Сенім жатады.Әріптес адамдар арасында сенім болмай іс оңға баспайды.

Жалпы сенім - адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор.

Әдеп – қазіргі этиканың маңызды ұстанымы болып табылады. Әдеп амандасудан басталады.Қазіргі кездегі этика халықаралық қарым-қатынаста ереже ретінде кең қолданылады.Мысалы Мемлекет және Үкімет басшылары,Министрлер,Елшілер кездесу өткізгенде белгілі-бір әдеп ережелерін сақтай отырып кездесу жүргізеді. Қазіргі кезде дін,құқық, өнер сияқты Моральда қғамдық сананың бір формасына айналды.Көптеген ерекшеліктермен қатар Мораль басқа қоғамдық сана формасымен тығыз байланыста дамиды.

Қазіргі біздің қоғамда Этика дін мен де тығыз байланысты.Мысалы: Исламның этикалық тұрғыдан қарастыратын өлшемдерінің Мораль нормаларына да қатысы бар. Өйткені Ислам діні қазіргі кезде әділеттілікті,бейбітшілікті кеңінен марапаттайды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары қарсаңында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев Бейжің қаласында бүгін бірқатар іскерлік келіссөздер өткізді, деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.

МЫСАЛЫ

МЫСАЛЫ:

Е.Досаев Қытайдың ірі мемлекеттік CITIC Group корпорациясының Президенті Ван Цзюнмен кездесті. Тараптар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі өзектендендірілген бағдарламасы аясында бірлескен индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендерін растады.

Сонымен қатар оның Қытай Мемлекеттік банкінің вице-президенті Дин Сянгчунмен кездесуінде серіктес Қазақстанның Даму Банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) арқылы «Нұрлы жол» бағдарламасы ауқымындағы жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ, тараптар адам капиталын дамыту маңыздылығын атап өтіп, бірлескен тренингтер мен семинарларды ұйымдастыру арқылы тәжірибе алмасуды жандандыруды ұсынды.

Холдинг төрағасының Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) вице-президенті Ди Джей Пандианмен жүргізген келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар энергетика, көлік инфрақұрылымы мен азық-түлікті өңдеу салаларындағы басым инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп қаржыландыру үшін ақпаратпен алмасу және жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді іздестіру жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажеттілігін тілге тиек етті.

«Бәйтерек» холдингінің жаңа құралдарын, оның ішінде корпоративтік кепілдік беруді пайдалана отырып, инвестициялық жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру уағдаластығына Е.Досаевтың Қытайдың «Эксимбанк» вице-президенті Юань Синйонгпен кездесуінде қол жеткізілді.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!!

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi