§ 77. Дүниежүзілік мұхит проблемалары
Бүгінгі сабақта:
— дүниежүзілік мұхит проблемаларының себептері мен салдарларын анықтап, топтастыруды үйренесіңдер;
— осы проблемалардың аумақтық көріністерін анықтайсыңдар
Foundation
1
Жер шарындағы тіршілік үшін дүниежүзілік мұхиттың алатын орны ерекше. Мұхит сулары атмосфераны оттегімен байытады, адамдарды құнарлы да пайдалы азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ дүниежүзілік мұхиттың арзан да тиімді көлік жолы дүниежүзі елдері арасындағы халықаралық қарым-қатынасында да маңызды орын алып келді. Құрлықтағы кейбір минералдық ресурстардың азаюы өндіріс ауқымы тез ұлғайып жатқан жағдайда мұхит суларынан кен өндіру, әсіресе мұнай мен газ өндірудің жедел дамуына себепші болып отыр. Дүниежүзілік азық-түлік проблемасының туындауы мұхит суларының биологиялық ресурс ретіндегі қолданылу аясын да күннен-күнге кеңейтуде. Ғылым мен техника жетістіктері мұхит суынан тек мұнай мен газ ғана емес, темір-марганец конкрецияларын; сутегі изотобы — дейтерийді айырып алу; орасан зор толысу энергиясын алатын электр стансаларын салу; теңіз суын тұщыландыру істерінде жаңа болашақ ашуда.
Жапонияда теңіз фермалары мен плантацияларын ұлғайту бағдарламасы жаппай жүзеге асырылуда (себебі неде деп ойлайсыңдар?). Бұл бағдарлама бойынша жағалық суларда өсірілген балық пен теңіз өнімдерін жылына 89 млн тоннаға дейін аулап, халық сұранысының тең жартысына жуығын өтеуде. АҚШ пен Үндістанда және Филиппин жағалауларындағы теңіз фермаларында креветкалар мен таңқышаяндарды, қос жақтаулы бақалшақтылармидияларды; ал Францияда қос жақтаулы бақалшақтыларустрицаларды көптеп өсіреді. Тропиктік белдеулерде орналасқан елдерде кит және дельфин фермаларын құру үшін маржан аралдарын пайдалану жоспарланып отыр.
Strategy
Sales Projections
Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің өркендеуіне байланысты дүниежүзілік сауданың қарқын алуы, теңіз жолы тасымалының ұлғаюына күшті әсерін тигізуде. Бұл өз кезегінде өндіріс пен халықтың теңізге қарай бетбұрыс жасауына және теңіз жағалауындағы көптеген аудандардың қарыштап дамуына себепші болуда. Мәселен, көптеген ірі теңіз порттары өнеркәсіптік портты кешендерге айналды (оларға мысал келтіріңдер). Мұндай кешендерде кеме жасау, мұнай өңдеу, мұнай-химия, металлургия сияқты өнеркәсіп салалары өркендеуде. Ал соңғы уақыттарда кейбір ең жаңа салалар да дами бастады (оларды анықтаңдар). Теңіз маңындағы урбандалу да ерекше қарқын алуда.
Теңіз қайраңдарынан өндірілетін мұнай дүние жүзіндегі мұнай өнімінің 1/3-ін құрайды. Дүниежүзілік мұхит пен оған жалғас құрлық жағалауында дүниежүзілік шаруашылықтың айрықша бір құрамдас бөлігі болып табылатын — теңіз шаруашылығы пайда болды. Оның құрамына өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп, энергетика, балық аулау, көлік, сауда, тынығу мен туризм енеді. Бүгінгі таңда теңіз шаруашылығында 100 млн-нан астам адам жұмыс жасайды.
Targets
Дүниежүзілік мұхит суларын ластаушы заттарды эколог-ғалымдар мынадай 4 топқа жіктейді:
Distribution
1. Материктік қайраңдардан мұнай өндіру мен оны тасымалдау кезінде мұнай өнімдерінің мұхит суларына төгілуі;
1
2. Өнеркәсіп орталықтары қолданған және ірі қалалардың коммуналдық қажеті үшін пайдаланылып, өз дәрежесінде толық тазартылудан өтпеген сулардың құйылуы;
2
3
3. Ауыл шаруашылығында пайдаланылып, әртүрлі химиялық (тыңайтқыштар, пестицидтер мен гербицидтер және т.б.) қалдықтармен ластанған сулардың толық тазартылудан өтпей құйылуы;
4. Радиоактивтік қалдықтардың көмілуі және мұхит кемелері пайдаланған лас сулардың толық тазартылудан өтпей құйылуы.
4
Әсіресе мұхит суларының ластануына материктік қайраңдардан мұнай өндіру мен оны тасымалдау себепші болуда. ҒТТ нәтижелері мұнай тасымалдаушы танкерлер сыйымдылығын 300 мың, тіпті 500 мың тоннаға дейін көтергенімен, мұхитта болып
тұратын табиғат апаттарының алдын ешкім де ала алмайды. Сондықтан жылма-жыл дүниежүзілік мұхит суларына 1 млн тоннадан артық мұнай өнімдері құйылуда (мұнай өнімдерінің қандай зияны бар екенін естеріңе түсіріңдер). Сол себепті Дүниежүзілік мұхит айдынының беткі бөлігі түгелге жуық дерлік жұқа мұнай қабықшасымен жабылған деуге болады. 2002 жылы Испания жағалауында болған танкер апаты осы жағдайды тағы да дәлелдейді. Бүгінгі таңда мұнай өнімдерімен аса қатты ластанған аудандарға Солтүстік, Балтық, Кариб, Жерорта теңіздері мен Парсы шығанағы жағалауы жатады.
Visibility
Дүниежүзілік мұхиттағы туристік-рекреациялық маңызы жоғары жағажайлардың да жағдайы мәз емес. Тек қана Жерорта теңізі жағалауы бойында 20-ға жуық ел орналасқан, онда 130 млн-нан аса халық тұрады. 260 порты бар, онда бір мезгілде 2,5 мың алысқа жүзетін және 5 мың каботаждық (бір елдің кемелері) кеме тоқтай алады. Оның теңіз жолдары арқылы жылына 400 млн тоннадан астам мұнай тасымалданады. Сондай-ақ, оның жағалауында жылына 90 млн-ға дейін адамдар дем алып, жаз кезінде теңіз айдыны арқылы 10 мыңнан аса туристік кемелер жүзіп өтеді. Олар пайдаланған лас сулар мен әртүрлі қалдықтар толық тазартылудан өтпестен теңіз суларына жіберіледі. Осы жоғарыда аталған көрсеткіштер нәтижесінде Жерорта теңізі—Дүниежүзілік мұхиттағы ең лас аудандар қатарына жатады.
Social Media
Other approaches
БҰҰ-ның теңіз құқы жөніндегі 1982 жылы қабылдаған
“Теңіздер хартиясы” деп атаған Конвенциясының маңызы өте зор. Ол жағалаудан 200 теңіз милі экономикалық аймағын белгілеп, ондағы жағалық мемлекеттердің де мұхиттың биологиялық және минералдық қорларын пайдалануға хұқы бар екенін айқындап берді. Бұл еркіндіктің берілуі балық аулаумен қатысты кейбір проблемаларды күрделендірді. Ол жерлердің жалпы ауданы 140-150 млн. км2, Дүниежүзілік мұхит айдынының 40%-ға жуығын алып жатыр. Сондықтан да Дүниежүзілік мұхит проблемалары экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелердің күрделі жиынтығынан тұрады. Оны қаншалықты салауатты түрде шеше алсақ, соншалықты болашаққа сеніммен қарай аламыз!
Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, төмендегі тақырыптарға рефераттар дайындаңдар:
Тапсырмалар
1. Дүниежүзілік мұхиттың минералдық ресурстары, оларды пайдалану жолдары және пайдаға асыру барысында туындайтын экологиялық проблемалар.
2. Дүниежүзілік мұхиттағы тіршілік, оның биологиялық өнімділігі.
3. Жерорта теңізі және оның қазіргі экологиялық жағдайы.