Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Лексика

Утенова Жулдыз

11/10/2020

Place your logo here

Эпиграф:

“Білгенге маржан,

білмеске арзан.»

Абай

1

Лексикологияның ең басты зерттеу обьектісі - сөз. Толық мағыналы сөз. Ол лексема деп аталады. Лексикологияның ең басты салалары:

Сөз

1. Этимология – сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын, уәждемесін зерттейді;

2. Семантика – сөздердің мағынасын және мағыналық категорияларын зерттейді;

3. Лексикография – тілдегі сөздерді жинақтап, әртүрлі сөздіктер құрастырады.

4. Ономасиологияда сөздік қор мен сөздік құрам және оның элементтері тексеріледі.

5. Фразеологияда – тұрақты сөз тіркестері зерттеледі.

6. Терминогия – әр түрлі ғылым, өнер салаларындағы арнаулы сөздерді зерттейді.

Лексикология ғылымы – сөзжасаммен, морфологиямен және синтаксиспен байланысады, сонымен қатар ол диалектология, стилистика, когнитивтік лингвистикамен де тығыз байланысады.

Лексиканың лексикалық-семантикалық тәсіл арқылы толығуы

Қазақ лексикалогиясын алғашқы болып зерттеген ғалымдардың бірі Ә.Болғанбаев: «Қоғам өміріндегі болып жатқан түрлі жаңалықтар мен өзгерістер барлығы да тілге әсер етеді. Әсіресе, оның лекикасы өзгеріске неғұрлым бейім, неғұрлым сезімтал келеді», – дейді

Сөз мағынасы

Терең көл

ашық терезе

адамның тілі

далада күту

терең ой

ашық мінез

ана тілі

күннің көзі

  • адамның басы- дене мүшесі
  • судың басы-су басталған жер, бұлақ
  • сөздің басы-әңгіменің басталған мезеті
  • таудың басы- таудың ең төбесі,шың
  • таяқтың басы-бір нәрсенің ұшы
  • балтаның басы-кұрал сайманның жүзі бар жағы
  • шөптің басы-бір нәрсенің ең жоғарғы жағы

Сөз мағыналары — негізгі мағына және туынды мағына болып екіге бөлінеді.

2

1. Синоним - мағынасы жағынан бір-біріне жақын сөздер. Мысалы: Қысқа-келте-шолақ; мықты - берік-күшті; сыйлау-қадірлеу-құрметтеу.

2. Антоним - тіліміздегі кейбір сөздердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. М: ұзын-қысқа, жеңіл-қиын, қара-ақ, ыстық-жылы.

3. Омоним - тіліміздегі кейбір сөздердің дыбысталуы бірдей болғанымен, мағыналары бөлек сөздер. М: Ай - түнде жарық сәуле беріп тұратын планета. Ай- жылдың 12-ден бір бөлігін қамтитын мезгіл. Ара-жәндік, ара-құрал.

К.Аханов омонимдердің төрт түрлі пайда болу жолын көрсеткен.

Subtitle 1

1) Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика – семантикалық тәсілі арқылы пайда болған.

2) Тіл-тілдегі бірсыпыра омонимдер сөздердің әр түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшарап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде пайда болған.

3)Омонимдер сөздердің түбірлеріне омонимдес аффикстердің жалғануы арқылы жасалады.

4) Кейбір омонимдер кірме сөздер мен төл сөздердің дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде жасалады. Омонимдік қатарға енетін сөздердің өзгеру, түрлену, түрлену жүйелерінің бір-біріне қаншалықты дәрежеде сәйкес келуіне қарай омонимдер лексикалық омонимдер, лексика-грамматикалық омонимдер және аралас омонимдер деп аталады.

Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары (семалары) бөлек сөздер. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар – омофондар мен омографтар, омофоралар мен паронимдер.

Topic 3

3

Subtitle 1

Екі немесе одан да көп сөздің тіркесуі арқылы жасалатын, құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаға ие болатын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын тіркестер – тұрақты тіркестер – фразеологизм деп аталады.

Мысалы, Екі иығына екі кісі мінгендей деген тұрақты сөз тіркесі денелі, тұлғалы, иықты деген бір ғана мағынаны білдірсе, Аяғы аяғына жұқпады тұрақты тіркесі шапшаң, тез жүрді деген ұғымда қолданылып тұр. Тұрақты сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінің өзіне тән айырмашылығы болады:

Title

Мақал-мәтелдер де тұрақталған, қалыптасқан сөздер тобы болып саналады. Мақал-мәтелдердегі сөздердің орнын немесе сөздерді басқа сөздермен алмастыруға келмейді. Бірге айтылғанымен, мақал мен мәтелдің бір-бірінен өзіндік ерекшелігі, айырмашылығы болады:

1. Мақалдың мазмұнында істің себебі мен салдары бірге айтылып, шарты мен нәтижесі қатар беріледі. Мысалы, (Егер) ісім өнсін десең, (онда) еңбек ет. Ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмайды. Мысалы, Сабыр түбі – сары алтын.

2. Мақал құрылысы жағынан көбінесе құрмалас сөйлем болып келеді. Мысалы, Еңбек етпесең, елге өкпелеме; егін екпесең, жерге өкпелеме. Ал мәтел құрылысы жағынан көбіне жай сөйлем болып құрылады. Мысалы, Көп түкірсе – көл. Басқа пәле тілден. т.б.

Мақал - мәтел

МӘТЕЛ

Саяз су сарқырап ағады.

Жеңілтектік жарға жығар.

Қайтып кірер есікті қатты жаппа.

Тәуекел кемесі суға батпайды.

Сиырдың сүті тілінде.

МАҚАЛ

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Бірлік болмай, тірлік болмас.

Ұсталы ел озар,

Ұстасыз ел тозар.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Ұлдың ұяты – әкеге,

Қыздың ұяты – шешеге.

Идиома дегеніміз

идиома

1. бөліп-жаруға келмейтін ж/е оның тұтас мағынасы құрамындағы сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасына байланысты тумаған сөздер

2. құрамындағы сөздердің мағынасында метафоралық, пародиялық ерекшеліктер болатын мәтелге ж/е тұрақты тіркеске бейім келетін тіркестер

3. өзге тілге тура аударуға келмейді

Мағынасы

көпшілік

ұрыс-керіс

жай

жалқау

сараң

Идиома

ұзын құлақ

қырық пышақ

өгіз аяң

ақ саусақ

аузын қу шөппен сүрту

Нақыл сөздер (афоризм)

Title

“Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез»

Абай

4

Ауылда.

«Ақсақ құлан» күйі туралы

Бір ханның жалғыз ұлы болыпты. Ол құлан аулауды жақсы көреді екен. Бір күні ханзада әкесіне айтпай жалғыз аңға шығады. Ол көп құландарды көріп, ата бастайды. Бір кезде оның оғы таусылады. Сонда құландардың бастаушысы ақсақ құлан ханның баласын тұяғымен теуіп өлтіреді.

Ханзада жоғалып кеткеннен кейін хан бір жамандық болғанын сезеді де:«Кім маған балаң өлді деп айтса, соның аузына балқыған қорғасын құямын», - дейді.

Ханың сөзін естіп, адамдар оған баласы туралы шындықты айтуға қорқады. күндердің күнінде біреу келіп: «Балаңыз туралы мына домбыра айтып береді», -дейді де, күй тартып береді. Күйді тыңдаған хан бәрін түсініп, ашуланады. Жаман хабар әкелген домбыраға қорғасын құйылсын деген бұйрық береді. Осылайша «Ақсақ құлан» күйі ханның қаһарынан қорғап қалған екен.

«Тілі жоғалса, халық та жоғалады»

Мәтін

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi