Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Ортағасырлық кезеңдегі Қостанай аймағының тарихы

Орындаған:Ермағамбет А.Б

Сарсехан Ұ.Ғ

Батырғалиева Қ.С

Ортағасырлық кезеңдегі Қостанай аймағының тарихы

Жоспары:

1. Түркі тайпалары және өлкеміздің саяси тарихы. Ру-тайпалық құрамы.

2. Моңғол шапқыншылығы. Қазақстанның солтүстік территориясының Моңғол империясының құрамына қосылуы.

1. Түркі тайпалары және өлкеміздің саяси тарихы. Ру-тайпалық құрамы.

Түрік этнонимі алғаш рет қытай жылнамаларында 542 жылы аталады. Қытай жылнамалары түркілерді ғұндардың ұрпағы деп атаған. Бастапқы кезде түркі деген сөз түркі тілдес көшпелілердің ішіндегі басқарушы ақсүйек ру өкілдеріне ғана қатысты болды. Содан кейінгі кездерде түркі деген атау саяси мәнге ие болды. Түркі деп түркілердің қол астында болған өзге тайпалар да атала бастады. VIII ғасырдың ортасынан бастап түркі деген атау біраз уақытқа дейін жазба деректерде аталмайды. Бұл кезде түркі деген жалпы атаудың орнына жекелеген түркі тектес тайпалардың аты (теле, қырғыз, тоғыз-оғыз, ұйғыр, қарлұқ, қыпшақ) аталады. Түркі атауы X ғасырда қайта тарихи аренаға шығады. Қашқардағы, Баласағүндағы хандар (қағандар) өздеріне тағы да түркі деген этностық атау таңады. Түркі деген атау сол замандағы араб географтарының да еңбектерінде кездеседі. Осы ортағасырлық түрік атауы Кіші Азия жеріне барып қоныстанып қалған оғыз тайпасының бір бөлігінің ұлттық мемлекеттік атауына айналды. Ол — Түркия, Түрік мемлекеті.

Тарихи аренаға алғаш шыққан түркі тайпаларының бірі — теле. Олар қазіргі Моңғолия жеріндегі Гоби шөлінің солтүстігінен батыста Тянь-Шань тауына дейінгі жерлерді жайлаған. Телелер одағына 15 тайпа кірген.

Түріктер өзінің шығу тегін ашын тайпасымен байланыстырады.

Түрік қағанаты, Түркеш, Қарлұқ кезеңдері

Түріктер 552 жылы Солтүстік Моңғолия жерінде Түрік қағанатын құрды. Оның алғашқы қағандары Бумын, Қара қаған, Мұқан қағандар еді. Осы қағандардың тұсында көршілес жуан-жуан тайпалары бағындырылды. Мұқан қаған тұсында бүкіл Ішкі Азия, Оңтүстік Сібір жері, Оңтүстік-Батыс Манчжуриядағы қидандар, қарақытайлар, Тува жерінде Енисей қырғыздары бағындырылды. Істеми каған тұсында түріктер батысқа қарай жылжып, Жоңғария жерін, Қазақстанның, Орталық Азияның шығыс аймақтарын бағындыра бастады. VI ғасырдың екінші жартысына қарай түріктер бүкіл Қазақстан жерін, Орталық Азияның біраз бөлігін бағындырып, Қара теңіз жағалауына дейін жетті.

582—603 жылдары Түрік мемлекетінде ыдырау үдерісі жүрді. 603 жылы Түрік қағанаты Шығыс және Батыс Түрік қағанаттарына бөлінді.

Шығыс Түрік қағанатының жұрты көк түрік, ал Батыс Түрік қағаиатының жұрты "он оқ бодун" — "он оқ елі" аталды. Алдында қидан елін, Енисей қырғыздарын басып алған Шығыс Түрік қағанаты, 711 жылғы Инел қаған мен оның бас колбасшысы Тоныкөктің тұсында түркештерді өзіне кқаратты. Бұдан соң 716 жылы Білге қағанның тұсында түріктер қытай әскерлеріне үлкен соққы берді.

Батыс Түрік қағанаты да өзіне жаңа жерлер мен жаңа елдерді жаулап алып жатты. Олар 588 жылы Еділ бойын, Орал тауының бергі бетіндегі елдерді, Орталық Азияның біраз бөлігін өздеріне бағындырып алды.

VII ғасырдың аяғына қарай түркі тайпаларына жататын түркеш тайпасының күшеюі байқалды. Шу мен Іле өзендерінің аралығында қоныстанған түркештер VI ғасырдан бастап Батыс Түрік қағанатына кірген. Олар:

қара түркештер,

сары түркештер болып екіге бөлінді.

Сонымен түркештер VII ғасырдың соңында Шаш (қазіргі Ташкент) қаласынан бастап, Тұрпанға, Бесбалыққа дейінгі жерді бағындырды.

VIII ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жеріне қарлұқ тайпалары келді. Қытай деректері оларды түркі тайпаларына қоспайды, тек түріктер бағындырған тайпа деп есептейді. Дегенмен қарлұқтардың түркі тілдес, түркі тектес тайпа екендігін кейбір қытай деректері көрсетеді. Олар бұрынғы Батыс Түрік қағанатының жерінде билік құрды. Бұрынғы Батыс Түрік қағанатының, одан соң түркештердің орталығы болған Суяб, Талас қалалары олардың орталығына айналды. Қарлұқтар үш үлкен — болат, шығыл, ташлық деген тайпаларға бөлінді.

Түркештер заманында, одан кейін қарлұқтар заманында Орталық Азияның біраз жерлерін арабтар жаулап алған еді. Олар арабтармен әр кез соғысып отырды. 751 жылы арабтар мен қарлұқтар бірігіп, Талас өзенінің бойында қытайларға қатты соққы берді. Сөйтіп, Жетісу мен Орталық Азия қытайлардан азат етілді

756 жылы қарлұқтар түркештерді толық жеңіп, Оңтүстік-шығыс Қазакстанда өзінің толық саяси билігін құрды. Осы кезеңде, бұдан кейінгі онжылдықтарда да қарлұқтардың бірден-бір қарсыластары шығыстағы тоғыз-оғыздар болды. Олар кейіннен Шығыс Түркістанның батыс бөлігін, Жетісудың біраз жерін қарлұқтардан тартып алды. Тоғыз-оғыздардың құрамына кіретін ягма, сеянто тайпалары Шығыс Қазақстан жерінде билік құрды.

Қимақ мемлекеті

Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерінде Қимақ қағанаты құрылды. Қимақ атауы кейде йемек түрінде кездеседі. Қытайдың VII ғасырдағы деректерінде оларды яньмо деп те атаған. VII ғасырда теле тайпаларының құрамына кірген қимақтар Солтүстік-Батыс Моңғолия жерінің Қобда алқабында мекендеген. Олардың шығысында оғыздар, оңтүстігінде түркештер мен қарлұқтар қоныстанған. VII ғасырдың ортасына қарай қимақтар Алтай таулары мен Ертіс өңіріне қоныс аударады. VIII—IX ғасырларда Қимақ Одағына көптеген түркі тайпалары енеді. Соның ішінде ең көбі — қыпшақтар. Осы кезеңде Қимақтар Одағына кірген тайпалар үш бағытта жер кеңітті: солтүстік-батыс бағытта — Оңтүстік Оралға дейінгі жерлер, оңтүстік-батыс бағытында Сырдария алқабы мен Оңтүстік Қазақстанның басқа жерлері; оңтүстікте Солтүстік-шығыс Жетісу жерлері. Осы кезеңде қимақтар Алтай, Тарбағатай таулары]], Алакөл ойпатын түгелімен иемденді.

IX ғасырдың ортасына қарай қимақтар құрамына бұрын Ұйғыр қағанатына кірген эймур, байандүр, татар тайпалары қосылып, қимақтар жеті тайпадан тұрды. Олар:

эймур,имақ,татар,байандур,қыпшақ,ланиказ,ажлар.

Осы тайпалардың ішіндегі эймур Оғыздар бірлестігінің арасында да, он екі ұйғыр тайпаларының арасында да аталады. Имақ тайпасы осы қимақ конфедерациясында билеуші, ұйтқы болған тайпа. Татарлар да сол заманғы Оғыз, Тоғыз-оғыз (ұйғыр) одақтарының құрамында аталатын тайпалар. Олар да түркі тілдес. Қыпшактар Қимақ Одағындағы үлкен тайпалардың бірі. Қимақтар мен қыпшақтарды кейбір зерттеушілер бір жұрт деп те есептейді.

VIII ғасырдың соңына қарай Қазақстан жеріне түркі тектес көшпелі оғыз тайпасы келіп қоныстанады. Оғыз тайпалар одағына қарлұқтар, халаждар, жағралар, шарұқтар, кейінірек қаңғар-пешенег топтары кірді. Алдыңғылары Жетісуды мекендеген тайпалар болса, кейінгілері Сырдарияның бойын мекендеген. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, оғыз тайпалар бірлестігіне түркі тектес тайпалармен қатар үнді-еуропа тілдес тайпалар да (астар, аландар) кірген.

Оғыздардың алғаш жайлаған жері Сырдың ортаңғы, төменгі ағысы, Арал теңізінің маңы, Қаратау жоталары, Шу, Балқаш өңірі. IX ғасырда оғыздар Каспий аймағына қарай ауып, Жайық, Ырғыз, Жем, Ойыл өзендері, Мұғалжар тауы аймағына, одан әрі Жайық пен Еділ аралығына қоныстаңды. X ғасырда оғыздар хазарларды талқандап, Кавказ сыртынан Алдыңғы Азияға дейін жетті. Оғыздар Қазақстан жерінде болған екі ғасырдай уақытта баска түркі тайпаларымен өзара этностық, мәдени-шаруашылық ықпалдастықта болды.

Қыпшақ даласы

Кыпшақтар Қимақтар Одағына кіргенмен, VIII ғасырдан бастап өзін-өзі билеуге, дербестікке ұмтылады. Қимақтар көшпелі болғанымен, олар да қалалар салған. Малы жұтап, не жау айдап кеткен қимақтар отырықшылыққа айналды, оларды жатақ деп атады.

IX—XI ғасырларда қимақтар Тәңіріге, ата-баба рухына, отқа, Күнге табынды. Сонымен қатар қимақтардың кей тобы сол кезде Шығыс Түркістан жерінде көп таралған манихей дініне де құлшылық етті. Сондай-ак қимақтар ақсүйектерінің арасында ислам діні де таралып келе жатты.

Бейбіт замандарда қимақтар мен оғыздар бір-бірінің жерлерінде көшіп-қонып жүрген. Бұл шаруашылық-мәдени араластық қимақ-қыпшақтар мен оғыз тайпаларының тіл, тұрмыс, мәдениет жағынан жиқындасуына себеп болған.

Мерв каласында тұрған парсылық ақын әрі жиһангез, мемлекет шенеунігі Насыр Хосроу 1045 жылы Алтайдан Еділге дейінгі жерді Дешті Қыпшақ, яғни Қыпшақ даласы" деп атады. Бұған дейін бұл аймақты араб географтары "Оғыздар даласы" деп келген болатын.

1055 жылы Ресей жерінің оңтүстігін жаулап алған қыпшақтарды половцы деп атады. "Половец" деген сөз қыпшактардың лақап аты "сарыдан" шығады. Сарыны орыстар "желтый", "половый" деп, содан "половец", "половцы" деген ат қалыптасты. Аты белгісіз парсы тарихшысы: "Еділ мен Дон өзенінің арасы бұрын осы жерде мекендеген хазарлар атымен "Хазар даласы"деп аталушы еді, енді бұл жер "Қыпшақ даласы" деп аталады", — дейді. Дунай бойындағы венгрлері қыпшақтарды олардың бір атасы "құнан қыпшақтардың" атауымен "құнан" деп атады. "Құнанның" бұрмаланған түрі "қоман" қыпшақтардың тағы бір атауына айналды.

Қыпшақтар конфедерациясы Шығыс және Батыс қыпшақ бірлестіктеріне бөлінген. Шығыс бірлестік Қазақстан аумағында құрылды. Оған 8 ірі тайпа және 8 ру кірді.

Ең бірінші жәнө басшы тайпа бөрілер (елбөрілер). Қыпшақ хандарының бәрі осы тайпадан шығып отырған. Бұл тайпа өздерін қасқырдан таралғанбыз деп есептеген. Аңыз бойынша, көне түркілер өздерін бөріден таралдық деп, бөрілі байрақ ұстаған, бөріге табынған.

Екіншісі — тоқсоба. Бұл тайпаның аты "тоғыз тайпалы" деген мағына береді, таңдаулы ата болып саналады.

Үшіншісі — йетитайпалы, "жеті рудан құралған" дегенді білдіреді.

Төртінші — төртоба, бұл "төрт тайпалы" — дегенді білдіреді.

Бесіншісі — әл-арс.

Алтыншы тайпа — біржоғлы, олар оңтүстік орыс далаларында қыпшақтардың үстемдігін құрған, Египетте өз ортасынан мәмлүк-сұлтандар әулетін шығарған.

Жетіншісі — маңқұроғлы, олар қимақтардың бір руы болса керек.

Сегізіншісі — имақ (қимақ) тайпасы.

Қыпшақтардың батыс бірлестігіне 11 тайпа кірген. Олардың біразының аты Шығыс бірлестік құрамында да аталады.

Қыпшақтар бірлестігіне кірген тайпалардың таза қыпшақтардан ғана емес басқа тайпалардан да енгенін байқаймыз.

Қыпшақ кауымдастығының калыптасуына XII ғасырда Сырдың төменгі ағысы мен Арал маңында өмір сүрген қаңлылар белсенді қатысқан. Қыпшақтар құрамына сонымен қатар қарлұқтар, жікілдер, қайлар, баяттар, азкиштер (азкісі), түркеш топтары кірді.

Наймандардың XIII ғасырда орналасқан жері.

Орта ғасырларда өзінің мемлекеттігін қүрған қазақ тайпаларының бірі. Наймандардың VIII ғасырдың орта шенінде мекендеген аймағы Моңғолияның орталығындағы Хангай тауынан Тарбағатай, Алтайға дейінгі аралықты алып жатты.

Наймандар кейін қазақ құрамына кірген тайпалармен тығыз қарым-қатынаста болған. Наймандар мен қаңлылардың тіпті VII ғасырдың екінші жартысында қатар өмір сүрген туыстас тайпалар екендігін үйғыр саяхатшылары жазып кеткен. Наймандар, керейлер, жалайырлармен тығыз этникалық, мәдени, саяси қатынаста болған. Кейін XII ғасырда наймандар өз мемлекетін құрғанда, оның ұлысы құрамына қаңлылар, керейлер, жалайырлар, қыпшақтар, т.б. кірген. Наймандар бірлестігінің құрамында да болашақ қазақ халқының тілдік, рухани, материалдық, мәдени, саяси ортақтастығы қалыптасып келе жатты.

Керейлер туралы мәліметтер XI ғасырдың соңғы ширегіне жатады. Олар наймандармен көрші, кейде тіпті аралас орналасқан. Шыңғыс хан үлкен мемлекет құрғанға дейін керейттер (керейлер) қазіргі Моңғолия жеріне түгелдей және Алтай аумағында үстемдік еткен. Монғолдар да солардың қол астында болған. XII ғасырда керейлер де өзінің ұлыстық мемлекетін құрады.

Керейлердің тілі, шыққан тегі жөнінде та ласты пікірлер бар. Кейбір зерттеушілер оларды монғолдан шыққан, монғол тілдес болған дейді. Кейінгі кезде керейлердің түркітектес, түркітілдес екендігін көпшілік ғалымдар мойындайды. Жалпы бұл жерде мына бір жағдайға мән беру керек. Керейлердің де наймандар сияқты тілінде, ел басқару жүйесінде белгілі бір монғолдық нышандар болған. Бірақ бұл кейін, олардың монғол империясы ықпалына, қол астына кіргешіен кейін ғана пайда болған қасиеттер.

Моңғол шапқыншылығы заманында керейлердің бір тобы Еділ бойына дейін барған. Керейт этнонимі тіпті Қара теңіз өңірі далаларындағы жер атауларында да кездеседі. Керейлердің бір үлкен тобы Солтүстік Қазақстан жерінде орнығып қалды. Туыстас халықтар өзбектер мен қырғыздардың арасында да керейт атауы кездеседі.

Жалайырлар

Жылқының жалын, дұшпанның жағын айырған... жалайыр

Жалайырлар — алғаш керей, наймандармен көршілес қоныстанған, дәлірек айтқанда, Хилок, Селенга өзендерінің бойы, казіргі Моңғолияның Селенга аймағы мен Бурятияның шегінде болды.

Ортағасырлық парсы тарихшысы Рашид ад-Дин жалайырлардың шығу тегін ортағасырлық түркі тектес ұйғырлармен байланыстырады. Жалайырлар да найман, керейлер сияқты ұлыстың-феодалдық мемлекет құрды.

Орта ғасырларда дулат, қоңырат, албан, суан қазақ тайпаларының өмір сүргендігіне еш шүбә келтіруге болмайды. Бұл тайпалардың атына ұқсас тайпалар атаулары қытай жазбаларында кездеседі.

2. Моңғол шапқыншылығы. Қазақстанның солтүстік территориясының Моңғол империясының құрамына қосылуы

Татар-моңғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Тэмуджин болды. Ол 1155 ж. ірі ноян Есухей батыр отбасында туған.

Тэмуджин ер жете келе қол астына моңғолдардың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 ж. көктемде Онан өзені жағасында Тэмуджинді жақтаушы моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғыс хан деген атпен моңғолдардың әміршісі етіп жариялайды. Шыңғыс хан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде «мыңдық», «жүздік», «ондықтан» тұрды.

1207—1208 жж. қысында Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да «орман халықтарын» бағындырды. 1208-1209 жж. Шыңғыс хан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, танпұттық Си ся мемлекетін күйретті. Шыңғыс ханның қахарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар моңғолдарға өз еркімен берілді. 1211 ж. Шыңғыс хан қолы Солтүстік Қытайға бет алды. 1215 ж. олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Бейжіңді) бағындырды.

Шыңғыс ханҚазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер жіберді.Жетісуды Шыңғыс хан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол Орта Азияны бағындыруға аттанды. моңғолдар Отырарға таяп келгенде моңғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастапан бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастапан басқа тағы бір шоғыры Сыр бойымен төмен бағыттады. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғыс хан ұлы Төлемен бірге әскерімен Бұхарға беттеді. Хорезм шахы Мұхаммед моңғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырды. Мұның өзі Шыңғыс ханға қалаларда тұрған шағын шоғырды оңай құртып жіберуге мүмкіндік берді.

Қазақстан және Орта Азия(1213 жылға дейін).

1219 ж. күзінде Шыңғыс хан зор армияны Жетісу арқылы Мәуереннахрға аттандырды. Оңтүстік Қазақстан халқы қатты қарсылық көрсетті. Мысалы Отырар 6 ай бойы (1219 ж. қыркүйек — 1220 ж. ақпаны) қарсыласты. Алайда әскер басыларының бірі Қараджа түн ішінде қақпаны ашып жіберіп, моңғолдарға өтіп кетті. Әскер осы қақпа арқылы қалаға кіріп, оны талқандады. Сөйтіп Отырар қамалын жермен-жексен еткен Шағатай мен Үгедей бастапан әскер Шыңғыс ханға қосылды. Бұл кезде Шыңғыс хан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын Сығанақ қаласы да, ашнас та ерлікпен қорғанды. 1220 ж. 4 сәуірде моңғолдар Жентті алды. Сыр бойындағы қалаларды жеңгеннен кейін Шыңғыс әскерлері Орта Азияның ішіне кірді. Халық ерлікпен қорғанды. Бұхар, Самарқанд, Үргеніш үлкен қарсылықпен алынды. 1219—1221 жж. Шыңғыс хан әскері Орта Азияны ойрандады. 1221 ж. көктемінен бастап соғыс хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты.

моңғол әскерлеріның басшылары Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық жасақ Солтүстік Иранды басып алды. 1222 жылы Кавказға кірді. Моңғолдар аландарды, қыпшақтарды, Қалка өзенінде орныққан орыстарды жеңді. Олар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, Дешті-Қыпшақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс ханның Ертістегі ордасына қайтып оралды.

Сонымен, 1219—1224 жж. шапқыншылық салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс империясының қол астына кірді. Шыңғыс жаулап алынған жерлерді балаларына бөліп берді. Шыңғыс хан Ертістен Орал тауларына дейінгі, онан батысқа қарай «моңғол атының тұяғы тиетін жер», оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейінгі жерді үлкен ұлы Жошының билігіне берді. Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы ұлысына — Амудың төменгі жағындағы аудандар (Солтүстік Хорезм) мен Сырдария кірді.Жошының ордасы Ертіс алқабында болды.

Шыңғыс ханның екінші баласы Шағатайдың үлесіне Мәуереннахр, Жетісу мен Қашқар кірді. Оның ордасы Іле алқабында болды.

Үшінші баласы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай жері қарады. Оның ордасы қазіргі Шәуешек қаласы маңы.

Кіші ұлы Төле, Шыңғыс хан жұрты Моңғолияны иеленді.

Сонымен Қазақстан жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі — Жошы ұлысының, Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан — Шағатай ұлысының, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.

Шыңғыстан соң

1227 ж. Шыңғыс хан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж. Қарақорымда өткен моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Оны Жошының ұлы Бату басқаратын болды. Бату хан әскері еріксіз тайпалар өкілдерінен құралды. Басқару қызметтерін моңғол феодалдары иеленді. Бату хан әскері 1236 жылы Камадағы Бұлғарды, Мордваларды талқандап, 1237-1240 жж. орыс жерлеріне келді. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде күшті шайқастар болды.

1239 ж. басында моңғолдар Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. 1240 ж. күзде Киев алынды. моңғолдар Польша, Венгрия, Чехияны талады. Енді моңғол жері батыста -Днестрге, шығыста Ертіске, оңтүстікте Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату хан иеліктері құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік хорезм мен Сырдың төмен жағындағы жерлер енді. Орыс кінәздықтары да Бату ханға тәуелді бодан болды.

Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, орыс жылнамаларында Алтын Орда деп атанды. Алғашында Алтын Орда Моңғолия империясына оның бір ұлысы ретінде енген еді, ал 15 ғ. 1460 жж. кейін ол дербес ел болып бөлінді. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, ежелгі хазарлар, хорезмдіктер тұрды. Ал далалық аймағында қыпшақ, найман, қоңырат т.б. мекендеді. Дешті-Қыпшақ пен Еділ бойына қоныс аударған моңғолдар жергілікті халықпен сіңісіп кетті. Алтын Орданың орталық аймағы — Еділ бойы (Сарытаудан (қазіргі Саратов) Аштараханға дейін) астанасы Берке сарайы немесе Сарай-әл-Жадид немесе Сарай-Жүк), негізгі әскери күші — қыпшақтар.

Алтын Орда өзін билеген хандары:

Бату хан 1241—1256;

Берке − 1257—1266;

Мөңке-Темір — 1266—1280;

Төде-Мөңке — 1280—1287;

Төле-Бұқа − 1287—1291 жж,

Тоқа хан — 1291—1312 жж;

Өзбек хан — 1312—1342;

Жәнібек хан — 1343—1357 жж. күшейе түсті.

Егер Жошы мен Бату хан Моңғолиядағы ұлы ханға бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропамен, Мысырмен, Анадолымен, Үндістанмен, Қытаймен сауда жүргізді. Ислам діні Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды, шет аймақтарда әскери әкімшілік биледі. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада — оғландар, түмен басы, мың басы, жүз басы, он басы басқарды. Қала мен бағынышты аймақты ұстау үшін даруғабектер, басқақтар тағайындалды.

Алтын Орда ішінде азаттық күрестер де, феодалдардың өзара күресі де күшейді. 1238 ж. Бұқарда қолөнерші Махмұд Тараби бастаған көтеріліс болды. 10 мың моңғол жауынгері өлтірілді. Бірақ осы ұрыста Махмұд Тараби де қаза тапты. моңғолдар көтерілісті басып тастады. 1240—1241 жж, 1270 ж. Кама булғарлары көтерілді. Бұл Алтын Орданы әлсіретті. 1250 ж. Ұлы Новгородта, 1262 ж. Ростовта, Суздальда]], Ярославльде болған көтерілістен Алтын Орда іргесі шайқалды.

1377 ж. Мәскеудің ұлы кнәзы Дмитрий мен Суздаль-Нижегород кнәзының әскерлері Қазанға жорық жасады. Рязань кнәздығына шабуыл жасаған татарларды 1378 ж. орыстар Вожа өзені бойында (Оканың оң саласы) талқандады.

1380 ж. Алтын Орда нояны Мамай үлкен әскер күшімен орыстарға қарсы шабуылға шықты. Орыс кнәздықтарының біріккен күштері Непрядва (Донның оң сапасы) өзені жағасында, Куликово даласы деп аталатын жерде 1380 ж. 8 қыркүйекте Мамай әскерінің тас-талқанын шығарды. Бұл Алтын Орданың құлауын тездетті.

Оның үстіне 14 ғ. соңында, яғни 1391 және 1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпей екі рет соққы берді. Осыдан кейін ел ыдырай бастады. 15 ғ. басында Тоқтамыс ханмен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы өзара қажытты. 15 ғ. 1 жартысында онан бұлғарлар, Қазан мен Қырым бөлініп шықты. 1480 жылы орыс кнәздықтары моңғолдардан толық тәуелсіздік алды. Сол шамада Қазан, Қырым, Аштархан (Ноғай), Қазақ, Сібір хандықтары құрылды.

моңғол шапқыншылығы кезінде моңғолдардың жаңа жерлерге қоныс аударғандары да болды. Батыс, солтүстік Қазақстанға олар келді. Біраз уақыттан кейін моңғолдар түркі тілдес халықпен сіңісіп кетті. моңғолдар жаулап алған елдерін уәкілдер-даруғашылар, мен тамғашылар арқылы басқарды. моңғол шонжарлары жергілікті тілде сөйлей бастады. Ежелгі дәстүр бойынша тек Шыңғыс ұрпағы «алтын ру» (төре) өкілі ғана хан бола алатын еді. Шыңғыс әулетінен тараған сұлтандар Алтын Орда құлап, жаңа мемлекеттер құрылғаннан кейін де халыққа билік жүргізу құқын сақтап қалды.

Қазақстан жеріне моңғолдар Шыңғыс ханның құқық нормаларын «Ұлы жасақ» енгізді. Ол бойынша жергілікті халық соғысқа қатысу үшін әрбір 10 үйден бір жауынгер беруге тиіс еді. Көшпелі малшылар копчур деп аталатын салық төледі. Оның мөлшері жүз бас малдан бір бас мал беру. Егіншілерден де астықтай салық алынды. Әрбір 10 тугар (түтін) егістен қазына пайдасына бір тугардың өнімі, кейбір жерлерде харадж (жер салығы) алынды.

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi