Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін дүниежүзі елдерінің индекстері мен рейтингі

Your logo

Бүгінгі сабақта:

— жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін дүниежүзі елдерінің ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексімен танысасыңдар.

1

1

Адам дамуының индексі

Әлеуметтік-экономикалық даму қоғамда болып жатқан барлық өзгерістерді қамтиды. Әлем елдері экономикалық және әлеуметтік дамудың әртүрлі сатысында тұр. Ұзақ жылдар бойы материалдық байлық қоғамдағы басты құндылық ретінде саналды. Ал экономикалық өсу қоғам дамуының негізгі көрсеткішінің бірі деп есептелетін. Экономикалық өсуге қол жеткізу қоғам дамуына ықпал етіп, жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемінің артуы халықтың әл-ауқатын арттырады деген сенім болды. Сол себепті экономикалық өрлеу дамуды қамтамасыз ету құралы ғана емес, дамудың мақсатына айналды.

2

Уақыт өте келе, экономикалық өрлеу адам дамуының көрсеткіші бола алмайтыны айқын бола бастады. Кейбір дамушы елдердің проблема ларын зерттеу адамдардың қоғамдағы орны елдің экономикалық дамуына байланысты емес екендігін көрсетті. Осылайша,

ХХ ғасырдың 80-жылдарында қоғамдық дамудың аса маңызды мақсаты тұрғын халық пен оның дамуы екендігі туралы идеялар пайда болды. Мұның өзі әлемнің алдыңғы қатарлы экономистерін адам дамуы сапасының басқа көрсеткіштерін іздеуге ұмтылдырды. Олар “Халықтың басты байлығы – адамдар” деген ұранды басшылыққа алды.

АДИ көрсеткішін 1990 ж. белгілі пәкістандық экономист Махбуб уль Хак жетекшілік еткен экономистер тобы ұсынған болатын. Аталған ғалым 1990 ж. БҰҰДБ жариялаған адам дамуына қатысты алғашқы баяндаманың бастаушысы және авторларының бірі болды.

Қазіргі кезеңде дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіштер зерттелетін аумақтағы адам әлеуетінің негізгі сипаттамалары болып есептеледі. Бұл көрсеткіштер БҰҰДБ ұсынған арнайы әдістеме бойынша есептеледі.

3

АДИ есептеу барысында 3 түрлі көрсеткіш ескеріледі, ол осы үш индекстің орташа арифметикалық мәні болып табылады:

1

-Елдегі күтілетін өмір жасы ұзақтығының индексі (өмір жасын бағалау).

-Ел халқының сауаттылық деңгейінің индексі (білім берудің орташа ұзақтығы мен күтілетін ұзақтығы индекстері ескеріледі). --Табыс индексі (тұтыну қабілетінің паритеті бойынша АҚШ долларымен берілген жан басына шаққандағы жиынтық ұлттық өнім арқылы бағаланатын өмір деңгейі).

-Күтілетін өмір жасының ұзақтығы (келешектегі өмір жасының орташа ұзақтығының көрсеткіші) – маңызды интегралды демографиялық көрсеткіш. Ол белгілі бір жастағы адамның келешектегі орташа өмір сүру жасын білдіреді және өлім-жітім кестесінің қорытынды көрсеткіші болып табылады. Әдетте “күтілетін өмір жасының ұзақтығы” ретінде туылған кездегі, яғни 0 жастағы күтілетін өмір жасының ұзақтығын түсіндіріледі.

2

Ғалымдар сауаттылықты адамның одан әрі дамуының іргетасы ретінде қарастырады. Сол себепті ол АДИ есептеудегі басты көрсеткіштердің бірі болып табылады. Статистикада сауаттылық деп адамның күнделікті өміріне қатысты қысқа қарапайым мәтінді оқи білу, түсіну және жаза білу қабілетін атайды. Арақатынас әдетте пайыз арқылы көрсетіледі. Сауаттылық индексі көбінесе бастауыш білім берудің даму деңгейін сипаттайды.

3

Табыс деңгейі жан басына шаққандағы нақты табыс көлемі мен тұтыну көлеміне негізделеді. Бұл көрсеткіш бір ел ішіндегі тұрғындар топтарының өмір деңгейін, сондай ақ елдерді өзара салыстыруға мүмкіндік береді. Ол тұтыну қабілетінің паритеті бойынша АҚШ долларымен берілген жан басына шаққандағы жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ) арқылы бағаланатын өмір деңгейімен өлшенеді. Бұл көрсеткіш арқылы шартты түрде адамдардың белгілі бір уақыт бірлігінде тауарлар мен қызметтерге сұранысының қанағаттандырылу деңгейі өлшенеді. Кейбір зерттеушілер “әл-ауқат деңгейі” ұғымының “өмір деңгейі” ұғымына сәйкес келмейтінін атап көрсетеді. Өмір деңгейі неғұрлым кең ұғым болып табылады. Ол жан басына шаққандағы нақты табыс көлемімен ғана емес, адамдардың материалдық және рухани игіліктермен қамтамасыз етілу деңгейімен де сипатталады.

Елдердің АДИ көрсеткіштерін салыстыру

Адам дамуының индексі негізінен дамыған, дамушы және нашар дамыған елдер арасындағы айырмашылықтарды анықтау үшін, сонымен қатар экономикалық саясаттың өмір сапасына әсерін бағалау үшін қолданылады.

4

АДИ көрсеткіші бойынша елдер төрт үлкен топқа жіктеледі: адам дамуының өте жоғары, жоғары, орташа және төмен деңгейі. 2017 ж. жарияланған БҰҰДБ Адам дамуы жөніндегі баяндамасында елдердің 2015 ж. деректері негізінде құрастырылған рейтингі берілген. Рейтинг БҰҰ-на мүше 186 елді (жалпы саны 193), сондай ақ Сянган (Гонконг) пен Палестина аумақтарын қамтыған. Жалпы алғанда, орташа әлемдік АДИ көрсеткіші 0,694 болған. БҰҰ-на мүше 7 ел деректер жетпегендіктен, бұл рейтингке енгізілмеген.

1

фото

Әртүрлі елдердегі АДИ көрсеткіштерін талдау экономикалық өрлеу мен адам дамуы арасында айқын байланыстың жоқ екендігін көрсетеді. Жан басына шаққандағы табыс деңгейі бірдей екі елде АДИ көрсеткіші сәйкес келмеуі мүмкін. Керісінше АДИ көрсеткіші бірдей елдерде табыс деңгейлері айырмашылық жасайды.

2

Егер АДИ бойынша елдің рейтингісі ЖІӨ рейтингісімен салыстырғанда жоғары болса, бұл ел экономикалық өрлеуді адамдардың мүмкіншіліктерін дамыту үшін толығымен пайдалана алды деуге болады. АДИ рейтингісінде көшбасшылар болып тұрған елдер (Норвегия, Аустралия, Швейцария) жан басына шаққандағы табыс деңгейі бойынша алғашқы үштікке енбейді. Керісінше, егер АДИ өсу қарқыны жан басына шаққандағы ЖІӨ өсімінен төмен болса, бұл елдегі экономикалық гүлдену халықтың өмір сапасының да осылайша артуына алып келмеді деп есептеледі. Мысалы, жан басына шаққандағы ЖІӨ мөлшері жөнінен соңғы жылдары бірінші орын алатын Катар АДИ рейтингісінде тек 33­ші орын алады. БҰҰДБ 2017 ж. жариялаған АДИ рейтингісінде Қазақстан 0,794 көрсеткішімен 56-шы орынды иеленді.

Сен білесің бе?

Көпшамалы кедейшілік индексі (ККИ)

Көпшамалы кедейшілік индексі (ККИ) факторларды шаруашылықтар деңгейінде қарастырады, бұл табысты өлшеумен салыстырғанда кедейшілікті неғұрлым толық бейнелей алады. Бұл факторлар қатарына ересек тұрғындардың сауаттылығын, балалардың мектепте білім алуға қамтылуын, сәбилер өлімінің деңгейін, таза суға, электр желісіне, канализацияға, сондай ақ негізгі тауарлар мен тұрғын үй құрылысына қол жетімділікті жатқызады. ККИ бойынша баға берілген 104 елде 1,56 млрд адам немесе тұрғын халықтың 30%-дан астамы көпшамалы кедейшілікке душар болғаны анықталды. ККИ бойынша кедей адамдардың үлесі ең жоғары елдердің барлығы да Африкада орналасқан: Эфиопия (87%), Либерия (84%), Мозамбик (79%) және Сьерра Леоне (77%). Абсолютті көрсеткіштер бойынша ең көп кедейлер Оңтүстік Азияда тұрады, оның ішінде тек Үндістанда ғана олардың 612 млн-нан астамы тұрады.

5

Гендерлік теңсіздік индексі (ГТИ)

6

Гендерлік теңсіздік индексі (ГТИ) ерлер мен әйелдер арасындағы жетістікке жетудің мүмкіндіктерін үш өлшем бойынша бағалайды: репродуктивті денсаулық, құқықтары мен мүмкіндіктерінің артуы, еңбек нарығындағы мүмкіндіктері. 2016 ж. ГТИ рейтингі бойынша тізімнің басында Швейцария, Дания, Нидерланд тұр, бұл елдерде гендерлік теңсіздіктің ең төмен деңгейі байқалады. Гендерлік теңсіздіктің ең жоғары деңгейі тән елдерге Сахарадан оңтүстікке қарай жатқан Африка елдері, Оңтүстік Азия мен араб мемлекеттері жатады.

Жыныстардың теңсіздігін ескеретін даму индексі

7

Жыныстардың теңсіздігін ескеретін даму индексі арқылы АДИ тәрізді көрсеткіштер бойынша адам дамуы бағаланады. Айырмашылығы – үш көрсеткіштің ерлер мен әйелдерде қаншалықты айырмасы үлкен болса, соғұрлым көрсеткіш төмен болады. БҰҰ-ның Адам дамуы жөніндегі баяндамасында есептеледі.

Тапсырмалар

8

1. 6-ші қосымша деректерін, қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып, таңдау бойынша алынған Еуропаның бес елі мен Азияның бес елінің АДИ және жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіштерін салыстырыңдар.

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi