2-лекция
Қарастырылатын сұрақтар:
Материалдық актив түрлерінің бірінің (жылжымайтын мүліктің) құнын бағалау. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде (117-бап) жылжымайтын мүлікке жер телімдері, үймереттер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаш және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік, тіркелуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, ғарыштық нысандар жатады.
Бағалау қызметіндегі жылжымайтын мүлікке табысты молайту мақсатымен үймереттер мен ғимараттар салынған жер телімі ғана жатқызылады. Бағалауда ең алдымен нақты бағалаушының нысан құнының нақты түрін (негізделген нарықтық, инвестицялық, кепілзаттық құнын, тағы басқалар) айқындау әрекеттерінің жиынтығы жатады. Жылжымайтын мүліктің құнын жеке және жаппай бағалау түрлеріне бөлінеді.
Бағалау объектісін иеленуден түсетін болашақ пайданың санын, сапасын және ұзақтығын болжау және осы пайданы осы құнға қайта есептеу.
Бағалаудағы құнға тең емес, меншік объектісіне төленетін сома.
Бағалау объектісінің тозуын ескере отырып, бағалау жүргізілген күні қолданылған нарықтық бағалардағы бағалаудың ұқсас объектісін жасауға жұмсалатын шығындар құны.
Объектіні сатқысы келмейтін меншік иесі үшін оның құнын білдіреді.
Бұл инвестициялардың балама нұсқаларымен салыстыру, ұқсас объектілерді құру үшін қымбат бағалармен салыстыру және басқа мақсаттар үшін қажет.
Әрқайсысы жақсы хабардар бола отырып, мәжбүрлеусіз және ұқыпты есепппен тиісті маркетинг жүргізгеннен кейін коммерциялық мәміле нәтижесінде мүдделі сатып алушы мен мүдделі тұлға арасында бағалау күніне активті ауыстыру жасалатын ақшалай есеп айырысу сомасы.
Шарттың немесе сақтандыру полисінің ережесінде көзделетін мүлік құны.
Салық құны
Қолданыстағы салық заңнамасының негізінде есептелетін құн.
Жылжымайтын мүлік объектісінің қалдық құны - тозуды ескере отырып, объектінің құны. Яғни, тозу мөлшеріне азайтылған бастапқы (қалпына келтіру бастапқы) құн.
Несие алу (беру) кезінде кепіл ретінде қызмет ететін мүліктің құны. Сондай-ақ-ипотекалық несиенің нарықтық құны. Бұл мүліктің кепіл шартын жасасу мақсатында кепіл шартының қолданылу мерзімі аяқталатын көзделген күнге айқындалған мүліктің бағалау күніне дисконтталған нарықтық құны.