Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметін сертификаттау
Қарастырылатын сұрақтар
- Мүлікті бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына сертификат беру тәртібі, куәлік алуға өтініш берушілерге қойылатын біліктілік талаптары
- Мүлшікті бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына сертификат беруді мамандандыру: жылжымайтын мүлікті бағалау (мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорындарды қоспағанда); жылжымалы мүлікті бағалау (ақша мен бағалы қағаздарды қоспағанда); зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау; кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде бағалау
Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі)
Жеке тұлғалар үшін:
- 1. "Бағалау" мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің болуы
- 2. Жоғары экономикалық және (немесе) техникалық білімі бар адамдар үшін мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау бойынша тағылымдамадан өту)
- 3. Бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өту
- 4. Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің болмауы
- 5. Соттылықтың болмауы
Заңды тұлғалар үшін:
- Заңды тұлғаның директорын қоса алғанда, штатта мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар кемінде екі қызметкердің болуы
Зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Жеке тұлғалар үшін:
- "Бағалау" мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің болуы
- жоғары экономикалық және (немесе) техникалық білімі бар тұлғалар үшін зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау бойынша тағылымдамадан өту
- бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өту
- наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің болмауы
- соттылықтың болмауы
Заңды тұлғалар үшін:
- Заңды тұлғаның директорын қоса алғанда, штатта зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар кемінде екі қызметкердің болуы
Пайдаланылған әдебиеттер
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z000000109_