Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Түркі дәуірі ойшылдарының өмірі мен еңбектері

Ойшылдар

Түркі дәуірі ойшылдары

Әбу Насыр әл-Фараби

Махмұт Қашқари

Қожа Ахмет Иассауи

Мұхаммед Хайдар Дулати

Қадырғали би Қосымұлы Жалайыри

Өмір жолдары

Әбу Насыр (арабша Әл-Фараби Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки) (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет

Махмұт Қашқари

Түркі даласының рухын өзінің құнды еңбектерімен асқақтата білген түркі ғалымы әрі ортағасырлық Шығыс ғалымдарының ішіндегі жарқын жұлдыздарының бірі, ұлы түркі филологы, тарихшы, түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы, энциклопедист-ғалым, атақты «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегінің авторы, ұлы әдебиетші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші, ойшыл-филосов, белгілі саяхатшы, сонымен қатар түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама.

Қожа Ахмет Иассауи (1093-1166) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туысы болып келетін Арыстанбаб болды. Ол өмірден қайтқаннан кейін Ахмет 17 жасында Йасы қаласына келеді. Дәл осы кезден бастап араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде өлеңдер жаза бастайды. Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне ден қойды. Кейін Бұхара қаласында Жүсіп Хамаданидің діни медресесінде оқыды. Оны тәмәмдаған соң сопылық жолдың біраз ащы-тұщысын татып, көптеген қалаларды аралап, туған шаһары Түркістанға қайтып оралады да, Арыстанбаб қалап кеткен дәстүрді жалғастырды. Осында ол ислам дүниесі кең таныған кемеңгерге айналды. Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, яғни қылуетте өткізді. Бұны Ахмет «Пайғамбар жасына жеттім. Маған одан артықтың қажеті жоқ», - деп түсіндіреді. Қанша жыл ғұмыр кешкені жөнінде әр түрлі деректер бар. Бір деректе 73 жыл, келесілерінде 85 жас деп берілген. Ж.Аймауытов ақынның 149-шы хикметіне сүйеніп, Иассауиды 125 жас жасаған дейді.

Мұхаммед Хайдар Дулати

Мұхаммед Хайдар Дулати 1499 жылы Ташкентте туып, 1551 жылы Кашмир қаласында қаза болған. Ғалымның шыққан тегі дулат тайпасы. Бұл тайпа Шағатай ханның кезінде оның қол астында болған. Мұхаммед Хайдар Дулатидің бабалары ханға жақсы қызмет істегендері үшін оларға Маңлай Сүбе деген осы күнгі Қашқар жерін сыйға берген. 1508 жылы әкесі Мұхаммед Хұсайын Мұхаммед Шайбани адамдарының қолынан қаза тапқан. Сөйтіп екі жасында шешесінен, 9 жасында әкесінен айрылып, әпкесі екеуі мүлде жетім қалған. Бұл хабарды естіген Кабулдағы Бабыр Хайдарды өзіне алдырады. Бабыр Хайдарды өте жақсы қарсы алған. Хайдар өзінің жазған күнделігінде қаладан қалаға қашып жүріп көрген қорлығын, есектен шығылып, қолын шығарып алып, оны салуға мүмкіндік болмай бір ай бойы қиналғанын жазады. Бабыр мен Хайдардың екеуінің шешелері Моғол ханы Жүністің қыздары болған. М.Хайдардың шешесі Хуб Нигар ханның кіші қызы болса, Бабырдың шешесі Құтлық Нигар ортаны қызы болатын. Сонда Бабыр мен Хайдар бір-біріне бөе болып келедеі. Бабыр Хайдарға жеке бөлме, тәрбиеші, сабақ беретін ұстаздар бөлген. Серуенге шыққанда өзімен бірге алып жүреді. Алайда, Хайдар мұнда ұзақ тұрақтамайды. Моғол ханы Саид оны өте жақсы көрген. Бабырдан оны Моғол хандығына жіберуін бірнеше рет сұраған. Бабыр рұқсатын беріп, Саид ханға жібереді.

Хан Хайдарға түрлі мемлекеттік жұмыстар тапсырып, олардың орындалуы туралы атақты адамдар алдында есеп беруді үйретеді. Ол 25 жасқа толғада мемлекеттік жұмыстар атқарған,ал 30 жаста хан оған әскер басқаруды тапсырған. Ханның Хайдарға сенетіні соншалық, өзінің қзына үйлендіріп, оған гурган (күйеу) деген атақ берген.

Хайдар өмірінің соңғы он жылында 1540-151 жылдар аралығында Кашмир уәлаятында билік жүргізіп, әділ ел басқарушы болған. 1551 жылы жансыздардың қолынан қаза тапқан Хайдар өзінің артына «Тарих-и Рашиди» атты тарихи еңбегі мен «Жаһаннама» атты поэмасын қалдырған.

Қадырғали би Қосымұлы Жалайыри

1555-1607 жж. Кейінгі орта ғасырларда шыққан ғұлама ғалым, тарихшы, мемлекет қайраткері. Шыққан тегі жалайыр тайпасы. Жазба деректерге қарағанда, ОтырарТүркістан аймағында дүниеге келген.

Қалмақ шапқыншылығы кезінде оның ауылы шапқыншылыққа ұшырап, Тәуекел ханның інісі Ондан сұлтан жау қолынан қаза болады. Ғалым сұлтанның 13 жасар баласы Оразмұхаммедті ауыл-аймағамен көшіріп, Сібір ханы Көшімнің қол астына барады. Қадырғали мұнда да төбе би болып сайланып, Оразмұхаммедті өз тәрбесіне алады.

1588 жылы Қадырғали Оразмұхаммедпен бірге Ертіс өзені бойында қаршыға салып жүргенде, патша кіметінің әскер басшысы Д.Чулков қолға түсіріп, үй іші, туған-туысқандарымен Мәскеуге аманат ретінде аттандырады. Сөйтіп, Мәскеуде 1599 жылғалейін патша сарайында тұрады. Патша Борис Годунов 1602 жылы Оразмұхаммедті Қасым (Керман) хандығының ханы етіп тағайындаған. Қадырғали оның тқрт уәзірінің бірі болып тағайындалған. Мне, осы кезден бастап ол ғылыми іспен айналыса бастаған.

Қадырғали өз ана тіліміен қоса араб, парсы тілдерін де жетік білген. Ол өзінің «Жылнамалар жинағында» : «Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөзге қанық көптеген кітаптар оқыған адаммын» деп жазады. Бұл сөзінен ғалымның шығыстың классикалық озық әдебиеті мен мәдетиетін, ғылымын терең білгенін байқауға болады.

Еңбектері

Еңбектері

Әл-Фараби еңбектері:

“Кемеңгерлік меруерті”

“Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”

“Мәселелердің түп мазмұны”

“Ғалымдардың шығуы”

“Бақытқа жету”

“Азаматтық саясат”

TIMELINE

TIMELINE

TIMELINE

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi