Loading content…
Loading…
Transcript

Цифрлық технология - кемел келешектің бастамасы

Сен де - бір кірпіш, дүниеге

Кетігін тап та бар қалан!

Мамандық таңдау - өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек.

Мамандық таңдаудағы басты факторлар

1. Сіздің қызығушылығыңыз

2.Сіздің қабілетіңіз

3.Сіздің бейімділігіңіз

4.Сіздің қалауыңыз

Таңдайтын мамандығың өзіңе, қоғамға қажетті, әрі қолыңнан келетін, көңіліңнен шығатын жұмыс болуы керек. Жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындыққа кездеседі. Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай мамандық таңдауы тиіс.

Мамандықты қашан таңдаған жөн?

Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз

Бағдарламалау - бұл логикаға негізделген шығармашылық

Бағдарламашы дегеніміз кім?

Бағдарламашы – арнайы математикалық модельдеудің көмегімен компьютерлік бағдарламаларды және алгоритмдерді құрастыратын маман.

Үздік бағдарламашы

"... ІТ саласына деген қызығушылығым лицейде оқып жүрген кезімде - ақ ашылған болатын. Ынтамның бар екендігін сезіп, қабілетімді одан әрі жетілдіре түстім. Лицейден соң оқуымды Назарбаев университетінде жалғастырдым. Жоғары білімімнің арқасында қазір алпауыт Facebook компаниясында жұмыс істеудемін. ІТ - бұл әлемнің болашағы. Сондықтан да жастарға осы саланы таңдауға кеңес беремін..."

Хасенова Райхан

№10 "Қазақ - Түрік" лицейінің 2013 жылғы түлегі

QamQor.Care

Жобаның басты мақсаты - ақшалай көмекке мұқтаж адамдарға жәрдем беру. Дәлірек айтқанда, оларға киім-кешек, аяқ-киім мен ойыншықтарды тарату.

Бірақ та барлық адам бірдей киімге зәрулік танытпайды, мысалы, 1-қыркүйек күніне орай оларға кеңсе тауарлары мен аязды күндері жылу өте қажет.