Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Дүниежүзін физикалық-географиялық аудандастыру
• Физикалық-географиялық аудандастыру – жер бетінің беткі бөліктерін табиғатының ортақ белгілері мен ерекшеліктеріне негізделе отырып, түрлі деңгейлердегі аумақтарға бөлу жүйесі.
Тапсырма
4
Жер бетін физикалық-географиялық аймақтарға бөлу –геологиялық құрылым, жер бедері, климаттық ерекшеліктері, топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады.
Физикалық - географиялық аудандастыру
Бүгінгі сабақта: дүниежүзінің тарихи мәдени аудандарға бөлінуі туралы оқып үйренесіңдер.
ХХ ғасырда ағылшын ғалымы А. Тойнби адамзат тарихын жекелеген өркениеттерге жіктеп, олардың қалыптасуына табиғи және әлеуметтік факторлар ықпал ететінін талдаған.
1. Батыс өркениетi; оның түпқазығы Солтүстiк Америка мен Еуропа болып табылады; бұл өркениет қазiргi заманғы ғылымды және оның негiзiнде жоғары дамыған техниканы жасады, нәтижесiнде алғашқы ғылыми-техникалық өркениет аталып отыр.
Қытайда дәстүрлi конфуцийлiк құндылықтар жүйесi коммунистiк идеологиямен үйлесе отырып, қытай халқының рухани бейнесiн анықтап бердi.
ислам елдерiнде дiни сана қоғамдық сананың басты формасы болып табылады, ол адам өмiрiнiң барлық қырларын реттейдi.
бұл өркениеттiң бейбiт, рухани сипаты басым, екiншi бiр ерекшелiгi — қоғамда касталық құрылымның сақталуы.
Адамзат дамуындағы индустриялануға дейiнгi кезеңде қалыптасып, дамыған өркениеттердің басты ерекшеліктері туралы эссе дайында. Бұл тапсырманы орындау үшін өркениетті мына тізімнен таңдап алуыңа болады: — Азияның көшпенді өркениеті — Ежелгі Рим өркениеті — Месопотамиялық өркениет — Ежелгі Грекия өркениеті — Ежелгі үнділік өркениет — Майя өркениеті
Британдық ғалым, саясаткер Хэлфорд Джон Маккиндер (1861-1947) дүниежүзін саяси-географиялық тұрғыда аудандастырудың алғашқы үлгісін жасады.
Қорытынды
Макроаймақтар өз кезегінде мезоаймақтарға, ал олар аймақшаларға жіктеледі.
Макроаймақтар
Олардың қатарына дүние бөліктерін жатқызуға болады. Әрбір макроаймақта жиынтығы, көлемі, аумақтық үйлесуі әркелкі болатын өзіндік табиғат жағдайлары мен ресурстары бар. Аймақтардың шаруашылықты дамыту мүмкіндіктері мен адамның тіршілік жағдайлары да әркелкі болады.
Азияның әлемдегі орнының айрықша. ХХ ғасырдың 80-жылдарының басында үнді тарихшыларының бірі: “Адамдардан Азияны тартып алсаңдар, олар өзінің өткенінен, бүгінгісінен және болашағынан айрылады” деп мәлімдеген болатын. Өйткені табиғат жағдайлары алуан түрлі Азияның кең-байтақ кеңістігінде ежелгі және қазіргі заманғы өркениеттер қалыптасқан. Олардың ерекшеліктері осы кезге дейін белгілі дәрежеде шаруашылық сипаты мен халықтың өзіндік бейнесін анықтайды. Азияның географиялық ерекшелігінің басты белгілеріне аумағының орасан үлкендігі мен алуан түрлілігін, аса бай табиғи-ресурстық әлеуетін жатқызуға болады. Азияда әлем халқының басым бөлігі (60% немесе 4 млрд 437 млн адам) шоғырланған. Азияда діни және адамгершілік-этикалық ілімдер негізінде әлемдік діндер, рухани мәдениет ошақтары қалыптасты.
Қазіргі заманғы Азия қарыштап дамудың үлгісі болып отыр. Ресейлік географ А.П. Кузнецов Азияның экономикасын алып адамға теңеген: оның “аяқтары” қызметін табиғи-ресурстық әлеуеті аса ірі Қытай, Үндістан және Ресей атқарады. Нағыз ми орталығы, көптеген ғылыми-техникалық идеялар өңдеуден өтетін зертхана болып табылатын Жапонияны “Азияның басы” деуге болады. Қазіргі заманғы өнімдерді молынан өндіріп жатқан жаңа индустриялық елдер “қолдарға” айналған. Азия ағзасының “тіршілігі” едәуір дәрежеде мұнай экспорттаушы елдер мен әлемнің жаңа қаржы орталықтарына (Сянган, Сингапур, Бахрейн және т.б.) да тәуелді. Мезоаймақтар
Олардың қатарына дүние бөліктеріндегі табиғаты, тарихи-мәдени даму сипаты және тағы басқа ішкі ерекшеліктері негізінде ажыратылатын аймақтар жатады. Сонымен, Бұл мәселені Азияның мезоаймақтары мысалында қарастырайық.
Дүниенің үш бөлігінің тоғысында жатқан Оңтүстік-Батыс Азияның экономикалық және саяси-географиялық жағдайы айрықша. Оңтүстік-батыс Азияның жер қойнауында әлемдегі мұнай қорының 2/3-і шоғырланған. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері бұл аймақ ғаламшардағы ең кикілжіңі көп аумақтардың бірі болып отыр.
Шығыс Азия орасан зор, табиғаты алуан түрлі аумақты алып жатыр, Қытайдың арқасында халық саны да мол. Мұнда діндердің көптігі және даосизм мен конфуцийлік, буддизм мен ламаизм, синтоизм, католиктік діндердің тығыз ұштасуы тән. Аймақта экономикалық жағынан бір-біріне жақындасып келе жатқан елдер жүйесі қалыптасуда. Ғылыми-техникалық шешімдер мен ең жаңа өнімдер өндірудің көшбасшылары болып табылатын Жапония мен Қытай бұл жүйенің орталықтарына айналған. Аталған шеңберге жаңа индустрия лық елдер де енеді. Биік
Биік таулар, таулы үстірттер мен шөлдер тән болатын Оңтүстік Азияны кейде субконтинент деп те атайды. Мұнда буддизм мен индуизм сияқты ежелгі діндер пайда болды. Аймақша халқы санының көптігі жөнінен ғана емес, салыстырмалы түрде “жас” болуымен және ауылдық өмір салтының (тіпті қаланың өзінде) кең таралуымен ерекшеленеді. Экономикалық орталығы алып Үндістан болып табылады.
Оңтүстік-Шығыс Азия екі ежелгі, қуатты өркениет орталықтардың (Үндістан мен Қытай) аралығында орналасқан. Мұндағы елдер өзінің экономикалық-географиялық орнының артықшылықтарын белсенді пайдалануда. Мәселен, Сингапур жолаушы тасымалының көлемі жағынан ғана емес, оларға аса жайлы жағдайлар жасалуымен ерекшеленетін ірі порт пен әуежайға ие болып отыр. Оңтүстік-Шығыс Азияға халықтың тұрмыс деңгейі күрт айырмашылық жасайды: Мьянмада бұл көрсеткіш ең төмен болса, Сингапурда ең жоғары болып табылады.
Табиғат жағдайларындағы айырмашылықтар, экономикалық және мәдени келбетінің ерекшеліктері аймақтар ішінде дербес, салыстырмалы түрде біртұтас, неғұрлым төменірек сатыдағы аумақтар — аймақшаларды қалыптастырады. Аймақшалардың өзара үлкен айырмашылықтары мен айқын ажыратылатын өзіндік белгілері мынадай факторларға байланысты болды: 1) географиялық орны, яғни ежелден бері аумақтарды бір-бірінен бөліп тұрған табиғи шептердің болуы; 2) табиғат жағдайлары мен ресурстарының әртүрлілігі; 3) тарихи тағдырларының өзіндік ерекшеліктері; 4) айрықша әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерінің болуы; 5) экономикалық даму стратегиясының әркелкілігі.