Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading content…
Loading…
Transcript

Адамның дүнинге келу мәселесі

Адамның дүниеге келу мәселесі – ғылымдағы ең терең құпиялардың бірі

Адам

Біз оны Дүние, болмыстың өзінің пайда болу мәселесі мен жалпы тіршіліктің жер бетіне келуімен парапар келетін мәселе дер едік.

Адам — Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам – философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика, медицина, т.б. ғылымдардың нысаны болып табылады. Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары – әпсаналардағы (мифологиядағы), діндегі, философиядағы, ғылымдағы ең негізгі мәселе

Адам жерде шамамен осыдан

2 – 3 млн. жыл бұрын пайда болды

Ол бірнеше эволюциялық кезеңдерден (питекантроп, гейдельберг адамы, неандертальдар) өтіп, осыдан 30 – 40 мың жыл бұрын, Homo sapіens (латынша - саналы адам) кейпіне енді де, бірте-бірте қазіргі адамдарға тән биологиялық қасиеттерге (кроманьондар) ие болды

Адамның нәзік болмысына – сезім, ой-өріс, ақыл-ес, түйсік және «мен» деген түсінік жатады

философиялық тұжырымдар

Философия тарихында мыңдаған жылдар бойы кең таралған теологиялық тұжырым адамды Құдайдың жаратқан пендесі ретінде түсінеді.

- Теологиялық

- Мутациялық

- Ғарыштық

Христиан діні тіпті адамды Құдай өз бейнесіне ұқсастырып жаратты деген тұжырым айтады. Сондықтан оның санасы, рухы бар және сол себепті ол табиғаттың әміршісі болуы керек дейді.

Ислам діні Алла тағала адамды саналы етіп жаратқанмен, Ол оған табиғат әміршісі бол демейді, осы фәниде басқа тіршіліктердің арасынан өз орнын табуға шақырады.

Буддизмге келер болсақ, ол адамды тек қана рух ретінде түсініп, олай болса, материалдық құндылықтардан үзілді-кесілді бас тартуға шақырады, өйткені рух – материядан жоғары.

Мутациялық тұжырым

Дүние

Тұжырымның тағы бір түрі - мутациялық тұжырым осыдан 5 млн. жыл бұрын болған шынайы оқиғаға сүйенеді: ол Еуро-Азиялық құрылық пен Африканың бір-біріне соқтығысуы, соның нәтижесінде жердің жоғарғы қабатына радиоактивті заттар шығып, бүкіл тіршілікті өз сәулелерімен улап, тұқым куу механизмдеріне залалын тигізді. Нәтижесінде, бізді тудырған адамға ұқсас маймылдар әлсіз, инстинктері сөнген ұрпақтарды дүниеге әкеле бастайды.

1

оларды:

- Біріншіден, көп жылдар бойы тәрбиелеу керек болды.

- Екіншіден, сөнген инстинктердің орнына олардың миы тез өсіп, сананың пайда болуына әкелді.

2

Жалпы мутация деп - хромосомалардың немесе гендердің кенеттен өзгеруін айтады.

"Мутация" деген терминді 1901 жылы Голландия генетигі Гуго де Фриз "Мутациялық теория" деген еңбегінде енгізді.

МУТАЦИЯ ТҮРЛЕРІ

ГЕНДІК

ГЕНОМДЫҚ

Гендік немесе нүктелік мутация - деп ДНҚ молекуласының белгілі бір бөлігінде нуклеотидтердің қатар тізбегінің өзгеруін айтады.

ХРОМАСОМАЛЫҚ

Геномдық мутация – клеткадағы хромосомалар санының өзгеруі. Оның бірнеше түрі бар:

- ПОЛИПЛОИДИЯ

- АНЕУПЛОИДИЯ

- ГАПЛОИДИЯ

Хромосомалық мутация – микроскоп арқылы көрінетін хромосома құрылымындағы өзгеріс. Бұл өзгеріс хромосоманың кей бөлімінің үзіліп қалуына (делеция), қосарланып кетуіне (дупликация), 180º-қа бұрылуына(инверсия) немесе оның басқа бір бөліміне ауысуына (транслокация) байланысты.

Ғарыштық тұжырым

3

Соңғы тұжырым ол - ғарыштық тұжырым адамды біздің ойлауымыздан да жоғары тұрған ғарыштық зерде жаратты деп айтылады. Бірақ бұл тұжырымды дұрыс деп қабылдауға болмайды, сондықтан да оны жоққа шығарамыз

Ғылыми деректерге негізделген реалистік тұжырымды

Ғылым

Оған алғаш рет жол ашқан ағылшын ғалымы сэр Чарльз Спенсер Дарвин болды. Өзінің дүние жүзілік сапарында көне заманнан қалған адамға ұқсас маймылдың эволюциялық үрдістің нәтижесінде жаратылғаны жөнінде тұжырым айтты. Бірақ оны дамыған теориялық қағидаға айналған

Ф. Энгельс болды.

1

Әрі қарай жетілу үшін әлеуметтік және дүниені идеалды түрде бейнелей алатын сана, рухтың дүниеге келуі қажет болды. Жер бетінде ауа райы өзгеріп, ну ормандар сиреп, ақырында маймылдар жер бетіне түсуге мәжбүр болды. Нәтижесінде, олар артқы екі аяғына тұрып, алдыңғы аяқтарымен жердегі жатқан бұтақты, тасты т.с.с заттарды алып өз пайдаларына қолдана бастайды. Бірте-бірте маймылдың алдыңғы аяқтары адамның қолына ұқсас бола бастады.

Subtopic 1

Бұл өзгерудегі шешуші нәрсе – еңбек құралдарын жасап, оларды өне бойы пайдалануда еді.

Өйткені “ Бірде-бір маймыл ешқашанда бірде-бір еңбек құралын жасап көрген жоқ” – дейді Ф.Энгельс

Кроманьон адамы

Yйірдің руға айналуын түсіну - қоғам тану ғылымдарындағы ең қиын мәселелердің бipi.

Уақытында Фридрих Энгельс “гносеологиялық тұжырымды” ұсынған болатын. Оның ойынша, алғашқы адамдардың сана-сезімі өскен сайын, олар қаны жақын адамдардың жыныстық байланысы жаңа ұрпақтарды әлсірететінін байқап үйірдің iшіндегі жыныстық қатынастарға тыйым салады. Сол себептi үйіp руға айналады.

Антропологтардың пайымдауынша, осыдан 40-50 мың жыл бұрын үлкен секіріс болып, үйір руға айналады, нағыз таза әлеуметтік дүниеге келеді. Міне , осы уақыттан бастап , қазіргі адам толығынан қалыптасқан (кроманьон адамы), оның жер бетіндегі тарихы басталады.

Құпия

Археологтар бір мәнермен өлтірілген адамдарыдың сүйектерін табады. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде өлгендердің бәрі де еркектер екенін көрсетті. Басты себеп ретінде ол әйелдер үшін талас деп тұжырымдалған.

Ежелгі адамдар (архантроптар). 1891 жылы голланд ғалымы Эжен Дюбуа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа қалдықтарының бұдан бұрынғы 1, 9 млн — 650 мың жыл аралығында өмір сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Эйсен Дюбуа питекантроп деп атады. Ол гректің "Pithekos" — маймыл және "anthropos" — адам сөзінен — алынып, маймыладам деген ұғымды білдіреді. Оның бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы артқа қарай жазық тайқы болып келген. Ал шүйде сүйегі артқа қарай шығыңқы. Бұл адамтектес маймылдарға ғана тән белгілер. Оның миының салмағы 900 г, яғни адамтектес маймылдардың миынан біршама үлкен

1

Архантроптардың бір тобы — синантроптар (қытай адамы) Шығыс Азия аймағында тіршілік еткен. Синантроптардың қаңқа қалдығы 1937 жылы Пекин маңындағы үңгірден табылды. Олар аң терілерін киім ретінде пайдаланып, үңгірлерде тұрған және тас құралдарды әрі отты пайдаланған. Көне дәуірде, бұдан 400 мың жылдар бұрын өмір сүрген адам тектерінің бірі. Адамның бұл тегі қазба жұмыстарынан соң белгілі болды

Неандерталь адамы (Homo neanderthalensіs) – қаңқа қалдықтары ғана сақталған ертедегі адамдардың жеке тобы. Неандерталь адамының ең алғашқы қаңқасы 1856 жылы Батыс Германиядағы Дюссельөзенінің Неандерталь аңғарынан табылды. Сондықтан да оны ағылшын геологі Вильям Кинг 1863 жылы “Неандерталь адамы” деп атауды ұсынды. 

Миының салмағы орташа 1400 – 1500 грамм. Олар топ құрып, бір-бірімен жеке сөздерді пайдалану арқылы қарым-қатынас жасаған. Неандерталь адамының екінші тобының маңдайы тіктеу, әрі биік, қабағы онша айқын емес, жақ сүйектері жұқа, иегі жақсы дамымаған. Дене тұрқы бірінші топтағылармен салыстырғанда шағын, миының маңдай бөлігі үлкен. Олар топтанып ірі жануарларды аулаған, отты пайдалана білге

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi