Кіріс әдісі болашақ ақша ағынын жалпы ағымдағы құнға айналдыру арқылы құндылықты қамтамасыз етеді.
Кірістік тәсіл активтің кіріс әкелу мүмкіндігі болған кезде қолданылады, ол қатысушының көзқарасында оның құнына әсер ететін маңызды фактор болып табылады және (немесе) қарастырылып отырған активке қатысты болашақ кірісті алудың сомасы мен мерзімдерінің перспективалы болжамына қолжетімді.
Табысқа негізделген әдістерді қолданудың негізгі шарты – нарықтық немесе басқа да іскерлік құндылықтарды есептеу үшін қажетті шынайы ақпараттың болуы болып табылады.
Сыртқы және (немесе) ішкі ақпарат ақпарат көздері ретінде пайдаланылады, бұл ретте ақпарат сыртқы жалпыға ортақ ақпарат көздеріне негізделеді. Осындай көздердің мысалдары бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, статистика, веб-беттердегі деректер, талдамалық зерттеулер және жалпыға ортақ қол жетімді ұйымдастырылған қаржы нарығындағы деректер болып табылады.
Кіріс тәсілдерінің әдістері:
капиталдандыру әдісі;
ақша ағындарын дисконттау әдісі.
1) капитал активтеріне баға белгілеудің моделі;
2) капиталдың орташа өлшенген шығындары;
3) бақыланатын немесе алынған табыс нормалары;
4) қайтарымның ішкі нормасы;
5) кумулятивтік құрылыс әдісі.
Бизнес құнын есептеу үшін меншікті капиталға немесе инвестицияланған капиталға арналған ақшалай қаражат ағынына пайдалануға болады. Осы ағындардың негізгі айырмашылығы мынада, барлық салынған капиталдың ағымы компанияға, оның ішінде қарыз капиталына салынған барлық қаражаттар компанияның өздерінікі сияқты болжамқа сүйене отырып саналатынында. Бұл ретте, пайыздық төлемдер мен несиелерді өтеу ақша қаражатын айналдыру ретінде қарастырылмайды және инвестицияланған капитал үшін ақша ағындарын есептеу кезінде есепке алынбайды. Сондықтан да инвестицияланған капиталға ақша ағымы борышсыз ақша ағыны деп аталады.
Егер болжанатын ақша ағыны номиналды түрде ұсынылса, инфляция немесе дефляция салдарынан болашақтағы бағаның өзгеруін күтуді ескеретін дисконттау мөлшерлемесін пайдаланған жөн. Егер болжамды ақша ағыны нақты жағдайда ұсынылса, инфляцияға немесе дефляцияға байланысты бағалардың өзгеруін күтуді ескермейтін дисконттау мөлшерлемесін пайдаланған жөн.
Инфляциялық күтулер жалпыға бірдей қолжетімді немесе ақылы ақпарат көздерінде (мемлекеттік органдар, халықаралық қаржы институттары, рейтингтік агенттіктердің болжамдары және т.б.) қамтылған болжамдар негізінде ақша ағыны құрылымында ескеріледі