Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері
Орындаған: Кажыбаев Алишер 403
Жанама салықтар бүгінде үш түрде көрінеді:
Бұлардың ішіндегі ең бастысы – акциздер. Олар тауар бағаларына немесе қызмет көрсету тарифтеріне қосылады. Әрбір елдің ерекшеліктеріне қарай акциздер халық тұтынатын тауарларға, транспорт, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету түріне салынады. Қазіргі кезде акциздің бір түрі – қосымша құнға салық салу кенінен дамуда. Бұл жағдайда салық тауарды өткізгенен түскен барлық түсімге салынбай, тек осы кезендегі өндірістік қызметтік нәтижесінде қосылған құнға салынады.
Фискалды, монопольды салық мемлекеттің монопольды өндіретін тауарларына салынатын жанама салық. Нақты елдердің ерекшеліктеріне қарай олардың қатарына темекі бұйымдары, алкогольдік ішімдіктер, сусындар, тұз және т.б. басқа болуы мүмкін. Фискалды, монопольды түсімдері әдетте мемлекеттік бюджетке, біраз бөлігі жергілікті үкметтің бюджетіне түседі.
Жанама салықтың қатарына кеден, баж алымдары жатады. Олар тауарларды мемлекеттік шекарадан әрі-бері алып өткенде төленетін салықтар. Қазіргі кезеңде, әсіресе шет елдер тауарларынан алынатын кеден салығының маңызы зор. Кеден салығының механизмі арқылы мемлекет белгілі тауарлардың шеттен әкелінуін тежеп, өзінің ішкі рыногын шетелдік бәсекеден қорғайды. Қазіргі мемлекеттердің финанс жүйесінде маңызды рөлді орталық үкіметтің салықтарымен қатар жетгілікті жерлердің салықтары да атқарады. Олардың ішіндегі ең бастылары: меншік салықтары, әр түрлі жанама салықтар.
Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес заңдылық актілеріне негізделеді. Оның арқасында салықтың құрылуының және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтың элементтері белгіленеді:
салық төлеу міндеті артылған адам. Бірақ, салықтың ауыртпашылығы бағалар механизмі арқылы, басқа тұлғаға жүктелуі мүмкін, сондықтан арнайы салық төлеу қызметін атқарушы – салықты ақиқат төлейтін тұлға белгіленеді;
салық есептелетін табыс немесе мүлік (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүліктер т.б. )
салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі (табыстардың ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.).
табыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.
салық объектісіне , оның жіктелуіне байланысты болмай, біркелкі проценттік қатынаста салынады.
табыстың өсіп отыруына байланысты прогрессивтік салықтың орташа ставкасы өсіп отырады. Салық салудың прогрессивтік ставкасы бойынша, салық төлеуші табыстың үлкен абсолюттік көлемін төлеп қоймайды, ол оның үлкен үлесін төлейді.Прогрессивтік салықтардың зардабын үлкен табысы бар адамдар тартады.
табыстың өсіп отыруына сәйкес регрессивтік салықтың орташа ставкасы төмендейді. Регрессивтік салықтар үлкен табыстары барларға пайдалы, ал табыстары көп емес физикалық және заңды тұлғалар үшін өте ауыр келеді.
табыстың көзі – есебінен салық төленетін табыс;
Қазақстан Республикасының салықтары екі түрге бөлінеді. Олар: жергілікті және мемлекеттік. Салықтар: жанама салығы, корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, әлеуметтік салық, меншікке салынатын салық, жер салығы, мүлікке салынатын салықтар,.
жоғарыда атап өткеніміздей, бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекттің фискалды мүдделерін білдіреді. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін.
бюджет түсімдерінде едәуір орын алады.(23,2%) Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекттік мекемелерді қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент-заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерден табыс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар төлейді.
Бұл төлем бойынша қаражаттардың түсімі (2001 жылға дейін – жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) барлық салық төлемдерінің 9% алады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесінде табиғи ресурстарды, пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты бірқатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғи ресурстар үшін төленетін төлемдер ретінде бір топқа біріктіруге болады. Оларға үстеме пайдаға салынатын салық, жер қойнауын пайдаланушылардйң арнаулы төлемдері, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланғаны үшін төлем (орман табысы) және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады, өйткені олардың пайда болуы мен мөлшерлемелерінің шамасы шығарылатын және шаруашылық қызметте пайдаланылатын материалды, шикізатты, минералды ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады.
мемлекетке алынатын салықтардың бірі. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеументтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізлген. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорның 28% мөлшерінде белгіленді, ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылды.
тура нақтылы салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.
1.А.Д.Байдүйсенов. // Қаржы және қаражат // 2001, №4, 32-36-беттер.
2.Ә.Е.Өтембаев. “Экономикалық өсімге кепіл болатын құжат” // Егемен Қазақстан // 2001, 22 қараша 2-бет.
3.Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү.Байжомартов. //Нарықтық экономика негіздері// Алматы, 2000 ж.
4.Б.Медешов. //Нарықтық экономика теориясына кіріспе // Алматы, 1998 ж.
5.Г.Д.Митюгина. “Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша жеңілдіктер ” // Бухгалтер бюллетені // 2000 ж., №47 қараша 6-7-беттер.
6.Е.Б.Жатқанбаев. //Аралас экономика негіздері// Алматы, 2000 ж.
7.Е.Смайлов. “Салық мәдениеті – салықты дұрыс төлеп, адал өмір сүру” //Егемен Қазақстан // 2002 ж., 7 маусым 3-бет.