Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Дүниежүзінің саяси картасында елдер мен олардың шегаралары, әкiмшiлiк-аумақтық жiктелуi, астанасы мен iрi қалалары бейнеленедi. Сол себепті онда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің са-яси статусының ауысуы, шегаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының өзге- руі де көрсетіледі. Дүниежүзінің саяси карта- сы мен ондағы заңдылықтарды, өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын тармағы зерттейді.
1. Дүниежүзінің саяси картасынан дербес басқару мәртебесіне ие болмаған, тәуелді аумақтар басым орналасқан аймақтарды тауып, олардың қай елдің қарамағында екендігін анықтаңдар, оның себебін түсіндіріңдер.
2. Таңдау бойынша танылмаған мемлекеттердің біреуіне қосымша ақпарат көз- дерін пайдаланып, қазіргі жағдайы туралы қысқаша бір беттік хабарлама дайындаңдар.
Дүниежүзіндегі елдерді басқару формасы мен мемлекеттік құрылымы бойынша топтастыруға болады. Мұны елдердің саяси типологиясы деп атайды.
Дүниежүзінің халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттерін мемлекетті басқару формасы бойынша монархиялар мен республикаларға бөледі. Монархиялар мемлекетті басқарудың өте ежелгі үлгісі болып табылады, мысал ретінде Ежелгі Рим империясын алуға болады. Монархия жағдайында жоғары өкімет билігі билікті атадан балаға мирас етіп алған билеушінің (император, король, герцог, князь, сұлтан және т.б.) қолында шоғыр- ланған. Әсіресе орта ғасырларда монархиялар саны артты, қазірдің өзінде олар сақталып қалған.
Монархиялардың басым көпшілігі конституциялық болып табылады, мұнда монархтың билігі мемлекеттік конституциямен шектелген. Олардың қатарында жоғары дамыған елдермен қатар (Ұлыбритания, Норвегия, Швеция, Дания, Бельгия, Нидерланд, Жапония), мешеу ел Лесото да бар. Монархиялардың тағы бір түрі — абсолюттік монархиялар . Бұл мемлекеттерде сайланатын парламент мүлде жоқ, атқарушы билік мо- нархтың толық басқаруында болады. Мұндай монархиялар саны көп емес, олар Азияда (БАӘ, Бахрейн, Катар, Кувейт, Оман) орналасқан. Абсолютті монархиялардың айрықша түрі — теократтық монархия . Теократтық (грек. теос — құдай, — билік) монархияларда мемлекет басшысы дінбасы қызметін де атқарады. Мұндай мемлекеттер қатарына Бруней сұлтанаты, Сауд Арабиясы, Ватикан жатады.
Дүниежүзіндегі тәуелсіз елдердің басым көпшілігі республика болып табылады. Республика жағдайында заң шығаратын ең жоғары өкімет билігі сайланатын өкілетті органның (парламент) қолында, ал мемлекет басшысын халық өзі сайлайды. Алғашқы республикалар Еуропадағы буржуазиялық төңкерістер нәтижесінде пайда болды. Қазіргі кезде бүкіл әлем бойынша 166 мемлекет республика болып табылады.
Кез келген елдің мемлекеттік құрылымын әкімшілік-аумақтық құрылымы да сипаттайды. Әкімшілік-аумақтық құрылымның негізгі екі үлгісі бар: унитарлы және федерациялық . Унитарлы мемлекеттер қатарында Қа- зақстан, Италия, Франция сияқты республикалармен қатар, Жапония, Ұлыбритания тәрізді конституциялық монархиялар да бар. Федерациялық (лат. foederatіo — одақ, бірлестік) мемлекетке енетін бірліктерді федерация субъектілері деп атайды. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша 27 федерация бар, олардың көпшілігінің атаулары федерация екендігінен хабар беріп тұр.
Саяси картаның қалыптасу кезеңдері. Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасуын ғалымдар 4 негізгі кезеңге бөледі. Дүниежүзінің қазіргі саяси картасының қалыптасуына ең үлкен ықпал еткен оқиғалар жаңа және ең жаңа кезеңдерде болды. Оған әртүрлі факторлар ықпал етеді. Жаңа және ең жаңа кезеңдерде адамзат тарихындағы аса ірі Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар болды. Бұл елдердің шегараларын өзгертіп, әлемді қайта бөлісуге ықпал етті.
Саяси картадағы сандық және сапалық өзгерістер бір-бірімен өте тығыз байланысты болады. Мысалы, ХХ ғасырдың 80–90-жылдары Еуропаның саяси кар- тасында болған соңғы өзгерістер социалистік жүйенің ыдырауымен байланысты болды. Сонымен дүниежүзінің саяси картасындағы өзгерістер мемлекет пен қоғам дамуы барысында ұдайы жүріп отыратын түбегейлі саяси-әлеуметтік өзгерістерді, әлемдегі елдердің орны мен ауқымын, түр-сипатын бейнелейді