Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Pedagogikalyq qaqtyg'ystardy basqary'dy jobalay'

Сақтағанов Ғалымжан

Шаймардан Ибраимхан

Құлданов Тойлыбай

date

Педагогикалық басқару

Педагогикалық ғылымды жəне тəжірибені түсіну үшін көбісі біртұтас педагогикалық үдерісті басқарманың ғылымның айқындамаларынан байқауға тырысады жəне оған тиянақты қатал сипат береді. Өзге жəне өз еліміздің зерттеушілерінің айтуы бойынша, басқару тек техникалық, өндірістік процесс жəне қиын əллеуметтік жүйе саласында ғана керек емес, ол педагогика саласында да өте маңызды болып табылады. Жалпы басқару, ол айқындалған ақпаратқа негізделе отырып, талдау жасау, бақылау, нысананы мақсатқа жетуі үшін реттеу жəне дұрыс шешім қабылдау.

Түсінік

Мектепішілік басқару

Жалпы мектептік білім бұл динамикалық əлеуметтік жүйе сияқты мектепішілік басқарудың нысаны болып табылады. Осыған байланысты мектепті басқару жəне олардың компоненттерін, бөліктерін жəне басқа да қатысушы жүйелерін жалпымектептік білім жүйесі деп қарастырсақ болады. Бұл жүйеге жалпы педагогикалық процесс, сынып оқыту жүйесі, мектеп жұмысын тəрбиелеу жүйесі, қатысушының эстетикалық тəрбие жүйесі кіреді. Мектепішілік басқару өз алдына мақсатқа жету, педагогикалық жүйені жалпылама танып білу, нысана заңдылықтарын қарастыру арқылы барынша оңтайлы шешім қабылдау болып табылады.

Педагогикалық процестегі қатысушылардың атқаратын қызметтері тізбегі

Реттеу

Педагогикалық талдау

Ұйымдастыру

Жоспарлау

Бақылау

Жалпылама басқарудың ерекшеліктері

Басқарудың ерекшелігі

Ұстаздар, оқушылар құрамы, ата-ана жəне халық. Олардың басшылыққа қатыса алуы осы мектептегі ұжымның қарым-қатынасының оң болуы жəне психологиялық климаттың оң болуына əсерін тигізеді. Мектептегі білім басқармасының беделді қызметтерінің бірі — мектеп кеңесі. Мектептің жоғарғы басқарушы органы конференция, ол жылына кем дегенде бір рет өткізілуі тиіс. Конференцияның атқаратын рөлі өте маңызды: жалпымектептік конференцияда Мектеп кеңесі, оның Кеңесшісі жəне олардың қызметі мен атқаратын уақыты тағайындалады. Əр мектеп өз конференциясында «Оқу орны жарлығын» қабылдайды, ол олардың қазіргі жағдайын, əдіс- тəсілдерін, болашақ даму көздерін қарастырады. Осыған байланысты əр мектептің өз жарлығы болуы жəне олардың бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін, бірақ олардың басты бағыты «Жалпы мектептік оқу орындарының мемлекеттік уақытша жарлығымен» анықталады. Мектеп кеңесі осы мектептің даму бағытын, сапалы тəрбиенің болуын жəне қандай тілде оқытатынын таңдайды. Мектеп кеңесі уақытша жəне тұрақты комиссия, басқа түрлі бағыттары бойынша кеңес штабтар тағайындайды жəне олардың құқықтары, қызметінің шектерін анықтайды. Ұжымның жиналысында конференция делегаттарының 1, 2-сатылардағы қатысушылары тағайындалады, олар: ұстаз, мектептің басқа да қызметкерлері, ата- ана болуы мүмкін. Конференция аралықтарында жоғарғы басшылықтың орнын Мектеп кеңесі атқарады

Пед. жүйені басқарудың негізгі қағидалары

Негізгі қағидалар

Басқару қағидаларына анықталған, тұрақтандырылған басқару заңдылықтары жатады. Менеджмент жəне мектепішілік басқарудың негізгі заңдылықтары, ол оқу-тəрбие жұмыстарын басқару, реттеу, сапасын қадағалау. Мектепішілік менеджменттің заңдылықтарына талдау, мақсатқа жету, басқарудағы еркіндік жəне мұғалімдердің түрлі басқару жұмыстарына дайын болуы жатады. Осы заңдылықтарға негізделген, басқарудың негізгі қағидалары болып келесі ұстаным жатады: ол басшылықты, директорды, менеджерді атқаратын қызметіне тағайындау. Ал негізгі қағидаларына мыналар жатады: педагогикалық жүйені басқарудың еркіндігі; басқарудағы жүйелілік жəне орталықтандыру; бірігушілік жəне ұжымның оң қарым-қатынасы; педагогикалық жүйені басқаруды ақпараттың толықтылығы мен шынайылығы. Мектептегі басшылықтың өзгеруі жəне оның конкурстар арқылы тағайындалуы, мектептегі өмірдің еркіндігінің бастамасы.

Педагогикалық жүйенің жүйе қалыптастырушы факторлары

Action Plan

Педагогикалық жүйеде ең маңызды жүйе қалыптастырушы фактор болып ұстаз бен қатысушылардың, баланың жеке басының өсуіне, өзін-өзі тануы мен дамуына негізделген. Мектеп мақсаты — бастамалық тəрбиенің негізін қалыптастыру, яғни ол өз ішіне интеллектуалды, эстетикалық, еңбектік, экологиялық, құқықтық жəне басқа да тəрбиені кірістіреді. Басқарудың ең тиімді түрі болып мектеп басшыларының, ұстаздардың, оқушылардың ортақ мақсатқа жетуі үшін өз ойларын қосып жəне оның жүзеге асуына ықпал жасау табылады.

Педагогикалық жүйені басқаруда ақпараттың толықтылығы мен жан-жақтылығы

Ақпарат

Педагогикалық жүйені басқарудың тиімділігі көбіне анық жəне қажет ақпаратқа байланысты болады. Ақпараттың толық жəне жан-жақты болуы үшін, оған тексеру жүргізіліп, талдау жасалуы қажет. Əлеуметтік-педагогикалық ғылымда ақпаратты ұстаз бен оқушылардың арасындағы қатынас не қоршаған орта туралы мəлімет болып есептеледі. Басқару жүйесінде көбіне ақпараттың жеткіліксіздігіне байланысты қиындықтар туындайды.

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi