Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Тәрбие басы – тіл.
Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті.
- Ғабиден Мұстафин
Тіл күшіне өлшеу жоқ, тіл көркемдігіне теңеу жоқ. Тіл өлгенді де тірілтеді... Әдебиет әдебиет болғалы тіл қасиетін ешкім сарқа пайдаланған емес..
- Ғабиден Мұстафин
Тілі мәңгі жасаған халық өзі де өлмейді.
- Шыңғыс Айтматов
Өткір тіл – қанжардан да қиғыр.
- Сақып Керелбаев
Елдің көбі – сөйлеуік,Тіл мен жаққа дамыл жоқ.Құрғақ сөзден ой кеуіп,Сезілмейді жалын-жоқ.
— Жарасбай Нұрқанов
Қай тілде қайнап,Қай тілде ойлап,Қай тілмен ақса перзенттік түйсік, өрісің,Сол тілдің үні, сол тілдің қайраткерісің!
— Мұхтар Шаханов
Тіл – халықтың ең басты ділі, ең соңғы қорғаны. Осы соңғы «тас қамал» алынса ұлттың құрығаны.
— Төретайұлы Қабылбек
Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.
— Халел Досмұхамедұлы
Жаманның жалаңдаған тілі жау.
— Шалкиіз Тіленшіұлы
Тіл болмаса, ұлт та болмайды. Яғни ол ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады.
— Ғұмар Қараш
Қазақтың наны тәтті де, тілі жаман ба?! Олай емес, қазақтың нанын жеген адам, тілін де үйренсін!
— Асылы Осман
Тіл- салақ сөйлегеннен бұзылады.
- Ғабит Мүсірепов
Тіліне араб - парсы болдым жетік,Оны да қолданбадым өнер етіп.Көрші елге елшілікке ылғи барып,Мен жүрдім қазағыма қызмет етіп.
— Қожаберген жырау
Ақ қаудың астығы жоқ шайнағанмен,Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен.Көнбейді жаман адам ынтымаққа,Жүрмейді шошқа жөнге айдағанмен.
— Ақан Сері
Адам қандай тілде сөйлесе, сол мәдениетті білдіреді
— Бекболат Тілеухан
« Үш тілді білу - жаһандық өмірге жолдама алу »
— Нұрсұлтан Назарбаев
Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.
— Әлихан Бөкейханов
Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл. Кешегі Ресей тіліміздің дамуына жол бермеді. Ол кезде біздің ұлттық басылымдар шығару құқығымыз жоқ..
— Мұстафа Шоқай