Рүстем Ұлпан
Кулмаганбетова Дина
Табылганова Гаухар
А.А.Роденің анықтамасы бойынша: Топырақ түзілуі процесі дегеніміз оның қабатында өтіп жататын заттармен энергияның өзгеру және жылжу құбылыстарының жиынтығы.
Топырақтың құралу және даму құбылыстары жер шарында өтіп жататын әр түрлі күрделі заттар және энергия айналымдарына араласып, қатынасады. Ол айналымдардың бастылары геологиялық, биологиялық және биогеохимиялық.
Геологиялық зат айнылымы үлкен кеңістікте байқалатын және ұзақ уақытқа созылатын ауқымды құбылыс. Топырақтану ғылымы тұрғысынан алғанда академик В.А.Ковда : «геологиялық зат айналымы дегеніміз, жер қыртысының, магмалық және шөгінді тау жыныстарымен минералдардың, жер қыртысының қабаттарға бөлініп, үгілу қабатының, жер бедерінің пайда болу құбылыстарының және үгіліп-мүжілудің, сұйық, қатты және химиялық өнімдері ағымының құралуы, жер үсті, жер асты суларымен, желмен олардың шоғырланып шөгу құбылыстарының жиынтығы». Геологиялық зат айналымы арқылы тау жыныстары үгіліп, шөгіп топырақ түзілуіне қолайлы жағдай туады.
Биологиялық зат айналымы дегеніміз қоршаған орта және өсімдіктер мен жан-жануарлар арасындағы қайталанып отыратын заттар және энергия алмасуы. Биологиялық зат айналымның өзіне тән ерекшеліктері бар және олар топырақ түзілуге үлкен ықпал жасайды.
Біріншіден, биологиялық зат айналымы кезінде тірі ағзалар алғашқыда тау жынысынан, кейіннен топырақтан қоректік заттарды іріктеп сіңіреді. Одан соң ол заттар биологиялық өнім құрамына енеді. Кейін, ағзалардың қалдықтары жер бетіне түсіп және топырақ ішінде ыдырағанда қоректік заттар топыраққа қайтадан оралады. Екіншіден, осы айналымның нәтижесінде топырақтың жоғарғы қабатында биофильды элементтер шоғырланады.
Биогеохимиялық зат айналымы өзара келісімді жүйе ретінде кеңістікте және белгілі бір уақыт аралығында топырақтың тірі немесе өлі бөлігінде сатылап жүретін заттардың өзгерістерімен жылжу құбылыстары.
Бұл зат айналымның өзгешілігі оның жер бетіне келіп түсетін күн нұры радиациясының жыл мезгілі ішінде өзгеруіне, өсімдік дүниесінің өсіп дамуының кезеңдеріне сәйкес құбылуы, яғни кезеңденіп жүруі.
· тау жыныстарының минералдарының, кейіннен топырақ минералдарының өзгерістерге ұшырауы;
· топырақта органикалық заттардың шоғырлануы және олардың өзгерістерге ұшырауы;
· топырақтағы минералды және органикалық заттардың әрекеттесіп күрделі органикалық-минералды қосылыстар түзуі;
· топырақтың үстіңгі қабатында біршама қоректік заттар мөлшерінің шоғырланып жиналуы;
· топырақ құралуы кезінде пайда болған заттардың ылғалдың әсерімен оның тік бойында және үстіңгі бетінде жылжуы
– топырақ құралуының алғашқы кезеңі;
– топырақтың даму кезеңі;
– топырақтың кемелденіп жетілген кезеңі.
Тау жыныстарына тірі ағзалардың қоныстануынан басталып, топырақ түзілуі факторлардың қатысуымен жүреді. Осы кезеңнің өзінде заттардың биологиялық айналымы қалыптасады. Бірақ көлемі шамалы болады. Өйткені тау жыныстарына ең бірінші қарапайым өсімдіктер, микроағзалар қоныстанады. Осы кезеңде физикалық, физикалық-химиялық, химиялық процестер жүреді. Осы құбылыстардың әсерінен заттардың өзгеруімен қозғалып жылжуы байқалады. Биогеохимиялық зат айналымы әлі қалыптаспаған болады. Алғашқы кезеңі барысында оның қатты бөлігінің көптеген белгілері болмайды, тек топырақ құралуына дайындықтар жүріп жатқан кезең болып есептелінеді.
Осы кезеңде ж/с өсімдіктердің әрекетінің көлемі жоғарылап, биологиялық зат айналымның ұлғаяды. Оның әсерінен топырақта жаңа қосылыстар пайда болады және олар ағзалардың келесі тобына тиімділігі жақсы болады. Осы кезеңде топырақта қоректік заттардың жинақталған қоры түзіледі. Биогеохимиялық зат айналымы қалыптасады. Физикалық қасиеттері өзгеріп, топыраққа тән қасиеттер пайда болып, оның заттық құрамы айқындалады, топырақтардың әр типіне тән қасиеттер де пайда болады. Сөйтіп бұл сатыда топырақ өзіне тән ерекшеліктерінің барлығын өз бойына қалыптастырып, топырақ түзілді деп атай аламыз.
Топырақ бойында түрлі құбылыстар өзара үйлесімді кеңістікте және белгілі бір уақыт аралығында өтіп, заттардың биогеохимиялық айналымын құрайды. Оның әсерінен топырақтардың қасиеттерінің ұдайы толысып отыруы байқалады. Сөйтіп топырақтың қасиеттерінің бір қалыпты, оның экожүйеде қалыптасуының тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
- қарапайым микроүрдістер;
- топырақ түзілуінің құрамды үрдістері;
- жалпы макроүрдістер.
Қарапайым микроүрдістерге қарама-қарсы бағытта жүретін келесідей құбылыстар жатады:
-Тірі организмдердің топырақтан минералды заттарды сіңіруі және органикалық заттарды синтездеуі. Организмдердің
-Органикалық заттардың ыдырауы мен минерализациялануы.
-Қышқылдануы-бейтараптануы;
-Бастапқы минералдарының ыдырауы-Туынды минералдардың және органикалық-минералды кешендердің пайда болуы;
-Коагуляцияға-пептизация;
-Минералды қосылыстардың сумен қосылуы-судан арылуы;
-Тотығу - Тотықсыздану құбылыстары;
-Еріген заттардың топырақтың үстіңгі қабаттарына шоғырлануы-шайылуы;
-Адсорбция-десорбция;
-Топырақтың әр түрлі қабаттарының жіктеліп пайда болуы-бұзылуы.
Қарапайым микроүрдістер топырақтың белгілі ерекше морфологиялық белгілерін, қасиеттерін қалыптастыра алмайды.
Топырақтың пайда болуына басты себебін тигізетін, топырақта үйлесімді, өзара байланысты жүретін биологиялық, химиялық және физикалық құбылыстар. Олар топырақтың басты белгілерін қалыптастыруға қатысады.
И.П.Герасимов, М.А.Глазовская оның 10 түрін атап, оларды үш топқа бөлді:
І топ - топырақтың минералды бөлігінің өзгерістерге ұшырауына қатысты үрдістер;
ІІ топ - топырақтың органикалық бөлігінің өзгерістерге ұшырауына қатысты үрдістер;
ІІІ топ - топырақта пайда болған минералды және органикалық өнімдердің өзгерістерге ұшырауымен жылжуына қатысты үрдістер.
Белгілі бір топырақты (типін, типшесін) қалыптастыруға қатысады. Оларға қара топырақ, күлгін топырақ, кебірлер түзілу үрдістері т.б. жатады. Топырақ типтері (мысалы: қара топырақ, күлгін топырақ немесе кебір) топырақ түзілуінің құрамды үрдістерінің бірнешеуінің қосарлана жүруі әсерінен пайда болады.