Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
3-лекция
Көлікті (Көлік құралдарын) бағалау қазіргі әлемде сұранысқа ие компаниялар мен жеке тұлғалар үшін маңызды қызметтердің бірі болып табылады. Дұрыс орындалған есептеулер және әртүрлі көлік түрлеріне жеке көзқарас оларды пайдалану ерекшеліктерін ескере отырып, объектілердің нақты құнын анықтауға мүмкіндік береді.
Темір жол көлігін бағалау;
Су көлігін бағалау;
Автокөлік (машина, автомобиль) құнын бағалау
Жылжымалы мүлiктiң нарықтық немесе өзге де құнын белгiлеу кiрiстiк, шығындық және салыстырмалы тәсілдерге топтастырылған бағалау әдiстерiн қолдану арқылы жүргiзiледi.
Жылжымалы мүлiктi бағалауға кірістік тәсілі, бағаланатын актив немесе қосымша активтер тобы құратын нақты ақша ағындарын бөлу қолдан келсе қолданылады, мысал үшін, активтердің мұндай тобы нарықта сатылатын өнімдер өндірілетін бірыңғай процесті құрайды. Алайда, ақша ағындарының кейбір элементтері материалдық емес активтермен байланысты және одан жылжымалы мүлік кіргізетін үлесті бөлу қиын.
Машиналар мен жабдықтарды бағалау үшін шығындық тәсіл жылжымалы мүліктің белсенді екінші нарығы болмаған жағдайда, сондай-ақ мамандандырылған мүлікті бағалау кезінде қолданылады. Шығындық тәсіл, объектіні толық қайта жаңартудың қалдық құнын немесе жинақталған тозуды шегере отырып, оның жаңа ретінде ауысу құнын айқындау үшін пайдаланылады.
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800016971