Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Ғаламдық деңгейдегі зерттеулер географиялық қабықтың біртұтастығы туралы заңдылыққа сүйенеді.
Мемлекеттік деңгей ғаламдық проблемалардың шешілуі мемлекет аумағындағы қабылданған шешімдерге тікелей байланысты болады. Жергілікті жерде мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіншіліктеріне, тұрғын халықтың құрылымы мен қоныстану сипатына және т.б. қарай ғаламдық проблемалардың басым бағыттары айқындалады.
Аймақтық деңгейдегі зерттеулер география ғылымындағы “Аймақтықтағы ғаламдық” ұстанымына негізделеді. Бұл ұстанымның екі түрлі мағынасы бар: біріншіден, ғаламдық сипат алған көптеген проблемалар аймақтық деңгейде пайда болады; екіншіден, ғаламдық проблеманың аймақтық ерекшеліктері болады. Мысалы, Арал апатына байланысты туындаған аймақтық экологиялық проблема ғаламдық экологиялық проблеманың қатарынан орын алады, ал оны шешу жергілікті аймақтық ерекшеліктер (табиғи, экономикалық, әлеуметтік) тұрғысында жүргізіледі.
1. Ғаламдану сипаттары күнделікті өмірден қалай көрінеді?
2. Ғаламданудың оң және кері салдарларының Қазақстанға ықпалын көрсететін сызба жасап, түсіндіруге тырыс.