Loading…
Transcript

Жылжымалы мүлікті бағалау практикасы

Қарастырылатын сұрақтар:

1

  • "Жылжымалы мүлік құнын бағалау" ҚР бағалау стандарты;
  • Көлік құралының мысалындағы жылжымалы мүлікті бағалау ретінде бағалау

1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы "Жылжымалы мүліктің құнын бағалау" бағалау стандарты (бұдан әрi – стандарт) "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес әзiрлендi және жылжымалы мүлікті бағалау құнына, бағалау тәсілдері мен әдістеріне қойылатын талаптарды белгiлейдi.

2. Стандарттың күші материалдық жылжымалы мүліктің барлық типтерін бағалауға қолданылады.

Бағалау мақсатында осы стандарт мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелерін, ішкі суда жүзетін кемелерді, "өзен–теңіз" жүзу кемелерін, ғарыш объектілерін бағалауға қолданылады.

2

Жабдықты бағалау мынадай мақсаттар үшін жүргізілуі мүмкін:

сақтандыру

салымды жарғылық капиталға енгізу арқылы жүзеге асырылады

кәсіпорынның теңгеріміне қою

жабдықтарды есептен шығару

жабдықтарды сатып алу-сату

Жылжымалы мүлікті бағалау тәсілдері мен әдiстерi

3

Жылжымалы мүлiктiң нарықтық немесе өзге де құнын белгiлеу кiрiстiк, шығындық және салыстырмалы тәсілдерге топтастырылған бағалау әдiстерiн қолдану арқылы жүргiзiледi.

Кіріс

Жылжымалы мүлiктi бағалауға кірістік тәсілі, бағаланатын актив немесе қосымша активтер тобы құратын нақты ақша ағындарын бөлу қолдан келсе қолданылады, мысал үшін, активтердің мұндай тобы нарықта сатылатын өнімдер өндірілетін бірыңғай процесті құрайды. Алайда, ақша ағындарының кейбір элементтері материалдық емес активтермен байланысты және одан жылжымалы мүлік кіргізетін үлесті бөлу қиын.

Кiрiстiк тәсіл әдiстерi:

1) дисконтталған ақша ағыны әдiсi – коммерциялық мақсатта жылжымалы мүлiктi пайдаланумен байланысты тәуекел дәрежесiне тәуелді ақша ағынының өзгеруінен және бiркелкi түспеуінен құнды айқындау;

2) тiкелей капиталдандыру әдiсi – шектеусiз уақыт кезеңінде кiрiс шамасы тең болғанда бағалау объектiсiн тұрақты пайдалануды сақтаудан құнды айқындау;

3) өсу модельдерi бойынша капиталдандыру әдiсi – шектелмеген немесе шектелген уақыт кезеңiнде кiрiс шамасы тең шамада ұлғайған кезде бағалау объектiсiнің тұрақты пайдаланылуын сақтау шарттарына сүйене отырып, құнын айқындау, тікелей капиталдандыру әдісіне ұқсас, бірақ одан айырмашылығы капиталдандыру коэффициентiнiң мәнi нарықтық деректерден салыстырма тәсілмен табылмайды, капиталға берудiң талап етiлген нормасының базасында есептеледi.

Шығын

ауыстыру құны бағалауды (қазіргі заманғы материалдар мен технологияларды пайдаланумен) жүргізу күніндегі нарықтық бағаларда бағалау объектісіне ұқсас объектіні құруға шыққан шығындардың сомасы

бағалау объектісіндегі жұмыс сапасымен) жасауға шыққан шығындар (ағымдағы бағамен) сомасы

толық қайта өндіру құны бағалау объектісінің дәл көшірмесін (дәл сондай материалдарды, стандарттарды, дизайнды пайдалану

Машиналар мен жабдықтарды бағалау үшін шығындық тәсіл жылжымалы мүліктің белсенді екінші нарығы болмаған жағдайда, сондай-ақ мамандандырылған мүлікті бағалау кезінде қолданылады. Шығындық тәсіл, объектіні толық қайта жаңартудың қалдық құнын немесе жинақталған тозуды шегере отырып, оның жаңа ретінде ауысу құнын айқындау үшін пайдаланылады.

1-топ – шығынды тiкелей айқындау тәсiлдерiне негiзделген әдiстер өз күшімен жасалған жабдық құнын бағалау үшiн қолданылады:

бағалау объектiсiнiң жекелеген элементтерiнiң құнын, пайданы ескерумен оларды сатып алуға, тасымалдауға және жинауға шығындарды сомалаудан тұратын шығындық элемент бойынша есептеу әдiсi;

калькуляцияға кiретiн шығындар бабын (материалдарға, жинақтаушы бұйымдарға, жұмысшылардың еңбекақыларына шығатын шығындар және жанама шығыстар, оларды қазіргі заманғы бағалар деңгейіне келтірумен) экономикалық элементтер бойынша индекстеу жолымен құнын айқындаудан тұратын қолда бар калькуляцияны талдау және индекстеу әдiсi;

өндiрiстiң өнiмдiлiгiн ескерумен өндiрiстiк шығындардың iрiлендірілген нормативтерi бойынша әзiрлеудiң толық өзiндiк құнын есептеу жолымен құнын айқындаудан тұратын өзiндiк құнды iрiлендіріп есептеу әдiсi

2-топ – шығындарды жанама айқындау тәсiлдерiне негiзделген әдiстер машиналар мен жабдықтың құнын бағалау үшiн қолданылады (өз күшімен жасалғандарды қоспағанда):

Алмастыру принципiне негiзделген және пайдалылығы мен функциялары бойынша ұқсас бағаланатын объектiлердi iрiктеуден тұратын алмастыру әдiсi немесе ұқсас-параметрикалық әдiс. Бұл әдiс ұқсас объектiлердiң белгiлi құны мен техникалық-экономикалық сипаттамалары негiзiнде бағаланатын объектiнiң құнын есептеуге мүмкiндiк бередi;

Индекстік әдіс, ол бағалау объектiсінiң базалық құнын (бастапқы теңгерімдік құнын, алдыңғы бағалау бойынша қайта жаңарту құнын) тиісті кезеңдегі жылжымалы мүліктің тиісті тобы бойынша бағалардың өзгерістерінің индексі (немесе индекстер тізбегінің) көмегімен бағалардың заманауи деңгейіне сәйкес келтірумен тұжырымдалады. Бұл ретте, индекстік әдіс егер шығындық тәсілдің басқа әдістерімен, сондай-ақ, салыстырмалы және кірістік тәсілдердің әдістерімен есеп айырысу жүргізу мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданылады;

Үлестiк баға көрсеткiштерiнiң, яғни бас параметрдiң бiрлiгiне (өнiмдiлiкке, қуаттылыққа және тағы басқа), массаға немесе көлемге келетiн баға негiзiнде құнын есептеуден тұратын үлестiк баға көрсеткiштері әдiсi.

Салыстырмалы

Салыстырмалы тәсіл жақында болған сатулар немесе нарықтағы соған ұқсас бағалар туралы жеткілікті мәліметтер табуға арналған бағалау объектілері үшін пайдаланылады және тиісті түзетулер жүргізіледі.

1) нарықтық ақпарат әдiсi – әзiрлеушi зауыттың, дилерлердiң прайс-парақтарында жарияланған сатулар бағасы туралы немесе сатулар бағасы туралы басқа ақпарат көздері туралы ақпаратты пайдалану арқылы жылжымалы мүлiктiң құнын айқындау;

4) корреляциялық модельдер әдiсi – бағаланатын объектiнiң техникалық-экономикалық қасиетiн сипаттайтын және оның құнымен барабар тәуелдiлiкпен байланысты шартты бiрлiктерде орташа салмақты параметрлерiн айқындауға негiзделген жылжымалы мүлiк объектiсiн бағалау тәсiлi

2) салыстырмалы талдау әдiсi – олардың арасындағы айырмашылықтарды ескеретiн тиiстi түзетулердi орындағаннан кейiн жылжымалы мүлiк объектілерінің бағаланатын объектiмен салыстырылатын жақында болған сатулар мен ұсыныс бағасын салыстыру арқылы құнын айқындау;

3) статистикалық модельдеу әдiсi (жалпы бағалау әдiсi) – олар үшін бағасы белгiлi болатын бiртектес объектiлердiң кейбiр жиынтықтарының өкiлi ретiнде бағаланатын жылжымалы мүлiк объектiсiн қарау, алайда, бұл жиынтықта бағалау объектісі үшін дәл ұқсастық жоқ. Оларды түзету жолымен ұқсастардың бағасын бірыңғай талаптарға сәйкес келтіргеннен кейін осындай жиынтыққа кіретін ұқсас объектілер туралы ақпараттың негізінде статистика әдістерінің көмегімен бағаның бір немесе бірнеше параметрлерден тәуелділігінің математикалық моделін әзірлейді;

Бағалау объектісін жасауға арналған шығындарды, яғни бағалау объектісінің "жаңа ретіндегі" жағдайда толық құнын анықтағаннан кейін жылжымалы мүліктің жинақталған тозуын (ескіруін) көрсету мақсатында алынған шаманы түзету қажет. Бұл ретте жылжымалы мүліктің жинақталған тозу шамасы физикалық тозудың жиынтығына тең.

Физикалық тозу жойылатын және жойылмайтын болады.

Жойылатын физикалық тозу машиналар мен жабдықтың ағымдағы жөнделуiне шығатын шығындар сомасына тең.

Жойылмайтын физикалық тозу мынадай әдістермен есептеледі:

1) тиімді жас әдісімен (өмір сүру мерзімі әдісімен);

2) физикалық жағдайын сараптамалық талдаумен;

өнімділігін жоғалту әдісімен;

пайдалылығын жоғалту әдісімен

корреляциялық үлгілер әдісімен;

Көлік құралдарының физикалық тозуын анықтаудың өз

ерекшеліктері бар, оларды есептеу кезінде басқалардан бөлек

көлік құралының қызмет мерзімін қоса алғанда,

бірқатар параметрлері мен жүрген жолы есепке алынады.

Бағалау объектісінің функционалдық ескіруі бағалау күніне нарықта пайда болған жаңа, неғұрлым жетілдірілген ұқсас объектімен тікелей салыстыру әдісінің негізінде айқындалады.

Сыртқы (экономикалық) ескiру машиналар мен жабдыққа сыртқы факторлардың әсер етуiмен байланысты болады. Мұндай тозу экономикалық немесе басқа да сыртқы факторлардың әсерi салдарынан, мысалы, техниканы оңтайлы пайдаланудың өзгерістері, оның құнына кері әсерін тигізген заңнамалық жаңашылдықтар салдарынан, меншiк құқықтарын шектеу немесе акциздердi ұлғайту, мүліктің осы типіне сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасының өзгерістерi салдарынан мүлiктiң пайдалылық дәрежесiнiң төмендеуiнен көрiніс табады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

4

"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы заңы