Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Саңырауқұлақтар тірі ағзалардың арасында ерекше топқа жатады. Көп жылдар бойы саңырауқұлақарды төменгі сатыдағы өсімдіктер қатарына жатқызып келді. Өсімдікке ұқсас болғанымен, нағыз жапырағы, сабағы және тамыры жоқ.
Саңырауқұлақтар
Ашытқы
Зең
Қалпақшалы
Ерекше саңырауқұлақтар тобына зең және ашытқы саңырауқұлақтары жатады. Бұларды тек қана микроскоппен көруге болады.
Шаруашылықта дәрі-дәрмек, дәрумен, қышқылсүт өнімдерін, сыр және т.б. заттарды алуға пайдаланады. Мысалы, ашытқы саңырауқұлағын өнеркәсібінде тамақ өнеркәсібінде нан пісіруде, сүт ұйытқысы ретінде пайдаланылады. Кейбір саңырауқұлақтар халықшаруашылығына зиян келтіреді. Азық-түліктердің, құрылыс материалдардың, жасалған өнімдердің бұзылуына әсер етеді.
Саңырауқұлақтар өсімдіктердің қалдығын қалдығын ыдыратып, қарашіріктің түзілуінде маңызды рөл атқарады.Ормандарда саңырауқұлақтар жерге түскен жапырақтарды шірітіп, өсімдіктерге қажетті минералды заттарды өндіреді. Өсімдіктер оны қайтадан бойына сіңіріп, тіршілігін жалғастыра береді. Олар ағаштардың қурап қалуына да себепші болуы мүмкін.
Бактериялар - хлорофилі жоқ, біржасушалы.
Бактерияны грек тілінен аударсақ, "таяқша"дегенді білдіреді. Пішіні алуан түрлі болып келеді. Жасушасының пішініне қарай, шар тәрізді - кокктар, таяқша немесе цилиндр тәрізділер; иірімді; шиыршықталған бактериялар болып бөлінеді.
Бактериялар адам мен жануарлардың асқорыту жүйесінде белсенді әрекет жасап, олардың тіршілігіне жағымды ықпалын тигізетін қасиеттері бар. Сөйте тұра, бактериялардың арасында адам мен жануарларға жұқпалы ауру таратушыларды да жетерлік (оба, сібір жарасы, бруцеллез, сіреспе,іріңді жара, ішек инфекциясы).
1. Өздеріңе таныс саңырауқұлақтарды дәптерге жазыңдар.
2. Саңырауқұлақтарды тергенде қандай ережені сақтау керек?