Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Патофизиологиялық белгілерге дене тұлғасының ассиметриясы және соған сәйкес бұлшық ет белсенділігінің ассиметриясы мен партаға отырған кезде немесе верстакта жұмыс істеген кезде дененің кеуде бөлігінің еңкіштігі жатады.
Сүйек-бұлшық ет жүйесінің шартты түрдегі ыңғайсыздығы организмде қажу дамуын жеделдетіп, соған байланысты әр түрлі өзгерістерге (дене тұлғаның еңкіштігі, сколиоздар, иық пен жауырынның ассиметриясы т.с.с.) дамуына әкеліп соғады.
Психофизиологиялық белгілерге дене тұлғасының құймшақ маңайы және санның артқы бөлігімен субъективті байланысы, ұзақ уақыт мазасыздыққа, көру жұмысы кезінде көзден жұмыс бетіне дейінгі қолайлылық жпғдайына баға беру жатады. Оқу процесінде техникалық оқу құралдарын пайдалануға байланысты психофиологиялық белгілердің маңызы арта бастады.
Баланың сабақ кезінде толға дұрыс отыруы, баланың басының, столдың жазық бетіне еңкеюінен пайда болады, мұнда еңкею бұрышы 25-510, кеуде жағы 41-620, бүкіл дене 85-1000 болуы керек. Ол үшін мектеп жиһаздарының негізіг бөліктерінің - стол мен орындықтың биіктіктерінің қатынасының дұрыстығы міндетті түрде сақталуы қажет.
Бұл қатынастар дифференция, орындық арқалығының ара қашықтығы және орындықтың ара қашықтығы көлемдері арқылы анықталады
Дифференция - столдың артқы қырынан (тігінен алғандағы) орындыққа дейінгі ара қашықтық. Бұл аралық иықтың шынтаққа дейінгі ұзындығына 5-6см қосқанға тең болуы керек. Дифференцияның 2см өзгеруі мүмкін. Одан жоғары болуы оқушы жазу жазғанда оң жақ иығы көтеріліп тұруына, соған байланысты дене ассиметриясы дамып, омыртқа бағанының қисаюына жағдай жасайды. Одан төмен болуы дененің еңкіштенуіне, көздің дәптер немесе кітаптан дұрыс ара қашықтығының бұзылуына әкеліп соғады.
Орындық арқалығының ара қашықтығы - столдың артқы қырынан (көлденеңінен) орындық арқалығына дейінгі аралық, бұл аралық көкірек қүысының алдыңғы-артқы диаметрінен 5см жоғары болмауы керек. Орындық арқалығының ара қашықтығы жоғары болса оқушы орындықтың арқалығын, қосымша тірек ретінде пайдалана алмайтындықтан ауырлық орталығы алдыға қарай ауысады, төмен болса стол беті көкірек қуысына тіреліп, тыныс алу, қан айналу қызметі бұзылып, жұмыстағы дене тұлғасы қолайсыз болып, статикалық жүктеме жоғарылап, қажудың басталуы жеделдеп, қызмет қабілеті төмендейді.
Орындықтың дистанциясы - столдың артқы қыры мен (көлденеңінен) орындықтың алдыңғы қырының аралығы. Орындықтың дистанциясы - теріс болуы керек, яғни орындықтың отырғышы столдың астына 4-8см кіріп тұруы керек; «Нөлдікң, әсіресе «оңң дистанцияда, оқушы столға қарай еңкейіп, алдына қарай созылып отыруға мәжбүр болады. Жұмыстағы дене тұлғасы қолайсыздыққа ұшырап, статикалық жүктеме жоғарылап, қажудың дамуы жеделдейді. «оңң дистанция оқушы орнынан тұрып, столдан шығуы үшін ғана қажет. «Терісң дистанцияның «оңң дистанцияға ауысуы стол қақпағын ашу немесе орындықты жылжыту арқылы жасалады.
Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы 2002.344б.
Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.,