Бағалау жүргізуге қойылатын жалпы талаптар
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы
№ 519 бұйрығына 5-қосымша
"Бизнесті және бизнеске қатысу құқығын бағалау" бағалау стандарты
2. Осы стандарт шеңберінде бизнестер (шаруашылық субъектілері) және (немесе) оларға қатысу құқықтары бағалау объектісі болып табылады. Бизнестің анықтамасы бағалау мақсаттарына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Дегенмен, әдетте, бизнес коммерциялық, өндірістік, сервистік немесе инвестициялық қызметті жүзеге асырады
1) активтерді генерациялайтын топ – олардың иесіне немесе пайдаланушыға табыс әкелетін активтер тобы;
2) ақша ағыны – өзіндік капиталға және бүкіл инвестицияланған капиталға құрылуы мүмкін кәсіпорынның кірістер мен шығыстар арасындағы айырма;
4) акциялардың жеңілдіктері мен сыйлықақылары – акцияларының пакеттерін иеленушілерге тән пайданы және минориторлық пакеттерді иеленушілердің осындай пайдасының болмауын, акциялар пакетінің бағамдалуын және өтімділігін ескеретін акцияларды бағалаған кезде пайдаланылатын ерекше түзетулер;
3) алмастыру құны – бағалау объектісінің тозуын ескере отырып, бағалауды жүргізу күніндегі нарықтық бағалармен бағалау объектісіне ұқсас объектіні құруға шығатын шығындар құны;
Осы стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады
5) бизнесті бағалау тұжырымдамасы – болашақ кәсіпорын туралы базалық ұйғарым, осыған сәйкес бизнес шексіз әрекет ететін қалыптасқан кәсіпорын ретінде ұғынылады. "Қолданыстағы кəсіпорын" тұжырымдамасы жоюдың болжамына балама ретінде қызмет етеді.
6) болжалды мультипликатор – бизнестің немесе акциялардың және қаржы базасының нарықтық бағасы арасындағы қатынасты көрсететін коэффициент;
7) бақылаудың жеткіліксіздігіне жеңілдік – бақылаудың кейбір немесе барлық мүмкіндіктерінің болмауын көрсету мақсатында бизнестің жүз пайыздық қатысу құнынан тепе-тең үлестен шегерілетін сома немесе пайыз;
9) инвестицияланған капитал – кәсіпорынның меншікті қаражатының немесе қарыз капиталының сомасы;
8) жеткіліксіз өтімділікке жеңілдік – акциялар пакеті құнынан немесе оның өтімділігінің жеткіліксіздігін көрсету үшін қатысу үлесінен шегерілетін сома немесе пайыз;
10) кәсiпорынның бухгалтерлiк (баланстық) құны – кәсiпорынның жиынтық активтерi мен жалпы мiндеттемелерi арасындағы бағалау күні немесе бағалау күнiнен өзгеше күн;
12) капиталдандыру коэффиценті – объекті құнындағы таза табысты түрлендіру параметрі;
11) күрделі шығындар – кәсіпорынның негізгі құралдардың құруға бағытталған шығындар (инвестициялар). Олар негізгі құралдың жай-күйін қолдауға немесе кәсіпорынды дамытуға (қуатын ұлғайту, өнімділігі, шығындарды қысқарту және т.б.) бағытталуы мүмкін;
13) капиталдандыру мөлшерлемесі – бағаланатын кәсіпорынның кірісін оның құнына айналдыратын коэффициент;
14) қарыз капиталы – белгілі бір шарттар негізінде нақты мерзіммен кредиттер, қаржылық көмек, кепілмен және басқа сыртқы көздерден алынған сомалар түрінде бөгде жақтан тартылатын борыштық міндеттемелер;
15) қайтарым мөлшерлемесі–осы инвестициялардың пайыздық қатынасында көрсетілген инвестициялардың құнынан кіріс (шығыс) және (немесе) іске асырылған немесе күтілетін өзгеріс сомасы;
18) таза айналым капиталы – ағымдағы активтер ағымдағы міндеттемелерден асатын сома;
17) нарықтық капиталдандыру – акциялары ашық нарықта айналыста болатын кәсiпорындар акцияларының жүз пайыздық құны;
16) меншікті капиталдың құны – кәсіпорынның активтері мен оның міндеттемелерінің құны арасындағы айырма;
19) таза активтер – кәсіпорын активтерінің нарықтық құны мен оның міндеттемелерінің түзетілген құны арасындағы айырмашылық;
2-тарау. Бағалау жүргізуге қойылатын жалпы талаптар
4. Бизнесті бағалау шаруашылық субъектінің немесе оның қызметінің бір бөлігінің қызметін бағалауды білдіреді. Кәсіпорын құны мен ұйымның жекелеген активтерінің немесе осы субъекті міндеттемелерінің құнын ажырата білу маңызды болып табылады
5. Бизнеске тиесілі жекелеген активтерді немесе міндеттемелерді бағалау "Жылжымалы мүліктің құнын бағалау" және (немесе) "Бағалау базалары мен құнның типтері" және (немесе) "Зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң және материалдық емес активтердiң құнын бағалау" стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Бизнесті бағалау және бизнеске қатысу құқығы туралы есепті дайындау процесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды, сондай-ақ мынадай рәсімдерді қамтиды:
1) кәсіпорынның нарықтық (сыртқы) ортасын талдау;
2) кәсіпорынның ішкі ортасын талдау;
3) кәсіпорын басшысының одан арғы қызметі бойынша жоспарларын талдау
6. Бағалаудың мақсаты бағалау қажеттілігінің себептеріне қарай анықталады:
1) құру, қайта ұйымдастыру немесе тарату;
2) сату, сатып алу немесе өзге де иеліктен шығару;
3) банкроттық;
4) акционерлендіру;
5) жекешелендiру;
6) сенімгерлікпен басқаруға беру;
7) жарғылық капиталға, заңды тұлғалардың қаражатына аудару;
8) кепіл заты ретінде беру;
9) мемлекеттік меншіктегі объектілерге байланысты борыштық міндеттемелерді беру;
10) мемлекет мұқтажы үшiн сатып алу немесе өзге де алу;
11) ұлттандыру;
12) сақтандыру;
13) салық салу;
14) бағалы қағаздардың эмиссиясы;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.
2) бизнес қолданыстағы кәсіпорын болып табылмаса және (немесе) оны тарату кезінде оның активтерінің құны оның қолданыстағы кәсіпорын ретіндегі құнынан асып түссе қолданылады.
1) пайда мен (немесе) ақша қаражатының қозғалысы сенімді түрде анықталмағанда, бірақ бизнесті жүргізетін ұйымының активтері мен міндеттемелері туралы шынайы ақпаратқа қол жеткізілсе;
16. Түзетілген таза активтер әдісі кәсіпорынның баланстық баптарын талдауды және түзетуді, активтердің түзетілген құнының жиынтығын және алынған соманың ұзақ мерзімді және ағымдағы қарыздары бөлігінде түзетілген баланстық баптарды шегеруді көздейді. Құндық түзетуді жүзеге асыру үшін әрбір баланстық баптың нарықтық құны есептеледі немесе мұндай түзетудің қажеті жоқ деп негізделген. Осылайша алынатын соңғы құн компанияның меншікті капиталының нарықтық құнын көрсетеді. Есептеулер үшін кәсіпорынның қаржылық есептілігі объектінің құнын айқындау күніне ең жақын күнде пайдаланылады.
17. Егер бизнес жүргізетін ұйымды таратудың алғышарттары болған жағдайда, бағалау объектісінің құны активтерді сатумен және бизнесті жүргізетін ұйым қызметін тоқтатуға байланысты қолданыстағы борыштар мен шығындардың өтелуін ескере отырып, осындай ұйымның активтері сатылғаннан кейін алынған таза түсім ретінде анықталады.
18. Активтер мен міндеттемелерді, оның ішінде сатуға арналған ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалау, Қазақстан Республикасының аумағында есепті күні қолданыстағы бағалау стандарттарымен реттелетін жылжымайтын мүлік (жылжымалы және жылжымайтын мүлік) және материалдық емес активтер үшін бағалау әдістерін пайдаланады.
19. Бағаланатын кəсіпорынның (еншілес кәсіпорындардағы қатысу үлестері, акциялар пакеттері) инвестициялық активтері болып табылатын кəсіпорындардағы қатысу үлесін бағалау осы стандартпен реттелетін тәсілдер мен тиісті əдістер шеңберінде жүзеге асырылады.
20. Төмендегі жағдайлар болған жағдайда салыстырмалы тәсіл қолданылады:
2) қарастырылып отырған актив немесе ұқсас активтер нарықта белсенді сатылады;
1) қолданыстағы бағалау базасына сәйкес назарға алынуы мүмкін мәміледе жақында қарастырылған актив сатылды;
3) осындай активтермен жасалатын және (немесе) жақында жасалған мәмілелер жиі кездеседі.
21. Бағалаудың жабық ақпарат көздері мен ақылы ресурстардың пайдаланылуы бағалаушыға осындай көздердегі ақпараттардың сенімділігін қамтамасыз ету арқылы мүмкін болады.
22. Салыстырмалы тәсілдің әдістері:
1) капитал нарығының әдісі.
Капитал нарығының әдісі қор нарықтарындағы ұқсас компаниялардың акциялары үшін төленген база ретінде нақты бағаларды пайдалануды болжайды. Бұл әдісті қолдану шарттары мыналар болып табылады:
2) Мәмілелер әдісі (кәсіпорынның ұқсас әдісі).
Мәмілелер әдісі (ұқсас кәсіпорын әдісі) тұтастай алғанда кәсіпорынның немесе оның бақылау пакетін сатып алу туралы тарихи деректерге негізделген.
Осы әдісті қолдану шарты ұқсас салыстырмалы кәсіпорындардың бақылау пакетін немесе акциялардың толық пакетін сату бойынша мәмілелердің нәтижесі туралы ашық көздерде сенімді ақпараттың болуы болып табылады.
3) Салалық коэффициенттер әдісі.
Сала коэффициенттері әдісі кәсіпорындардың бағасы мен белгілі бір қаржылық өлшемшарттар арасындағы қатынастарды статистикалық зерттеуге негізделген.
Әдістің қолданылуының талаптары – тиісті тәуелділікті белгілеу үшін бағалаушы қолданатын ашық нарықтағы тиісті зерттеудің болуы болып табылады.
23. Кіріс әдісі болашақ ақша ағынын жалпы ағымдағы құнға айналдыру арқылы құндылықты қамтамасыз етеді.
24. Кірістік тәсіл активтің кіріс әкелу мүмкіндігі болған кезде қолданылады, ол қатысушының көзқарасында оның құнына әсер ететін маңызды фактор болып табылады және (немесе) қарастырылып отырған активке қатысты болашақ кірісті алудың сомасы мен мерзімдерінің перспективалы болжамына қолжетімді.
25. Табысқа негізделген әдістерді қолданудың негізгі шарты – нарықтық немесе басқа да іскерлік құндылықтарды есептеу үшін қажетті шынайы ақпараттың болуы болып табылады.
26. Сыртқы және (немесе) ішкі ақпарат ақпарат көздері ретінде пайдаланылады, бұл ретте ақпарат сыртқы жалпыға ортақ ақпарат көздеріне негізделеді. Осындай көздердің мысалдары бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, статистика, веб-беттердегі деректер, талдамалық зерттеулер және жалпыға ортақ қол жетімді ұйымдастырылған қаржы нарығындағы деректер болып табылады.
27. Кіріс тәсілдерінің әдістері:
28. Кез-келген негізделген әдіс дисконттау мөлшерлемесін есептеу үшін пайдаланылады, оның ішінде:
29. Бизнес құнын есептеу үшін меншікті капиталға немесе инвестицияланған капиталға арналған ақшалай қаражат ағынына пайдалануға болады. Осы ағындардың негізгі айырмашылығы мынада, барлық салынған капиталдың ағымы компанияға, оның ішінде қарыз капиталына салынған барлық қаражаттар компанияның өздерінікі сияқты болжамқа сүйене отырып саналатынында. Бұл ретте, пайыздық төлемдер мен несиелерді өтеу ақша қаражатын айналдыру ретінде қарастырылмайды және инвестицияланған капитал үшін ақша ағындарын есептеу кезінде есепке алынбайды. Сондықтан да инвестицияланған капиталға ақша ағымы борышсыз ақша ағыны деп аталады.
30. Егер болжанатын ақша ағыны номиналды түрде ұсынылса, инфляция немесе дефляция салдарынан болашақтағы бағаның өзгеруін күтуді ескеретін дисконттау мөлшерлемесін пайдаланған жөн. Егер болжамды ақша ағыны нақты жағдайда ұсынылса, инфляцияға немесе дефляцияға байланысты бағалардың өзгеруін күтуді ескермейтін дисконттау мөлшерлемесін пайдаланған жөн.
31. Инфляциялық күтулер жалпыға бірдей қолжетімді немесе ақылы ақпарат көздерінде (мемлекеттік органдар, халықаралық қаржы институттары, рейтингтік агенттіктердің болжамдары және т.б.) қамтылған болжамдар
32. Бизнестермен және оған қатысу құқықтарымен байланысты кірістер мен ақша ағындары салықтарды төлегенге дейінгідей салықтарды төлегеннен кейінгі негізге де негізделеді. Бұл ретте, пайдаланылған капиталдандыру немесе дисконттау кірістердің қолданылатын типіне немесе ақша ағынына сәйкес келуі тиіс