Loading…
Transcript

Task 1

Task 2

Күні бойы ағамның артынан қалмаймын. Не істесе соның бәрін анама жеткіземін. «Тілің ұзын екен» деп ренжіді бір күні ағам. Онысына сенбедім.

Кенет көзім самауырдағы суретіме түсті. Тілімді шығарып, үңілдім.

Шынында тілім ұп-ұзын.

Сөйткенше тілім тыз ете түсті. Самауыр қайнап тұрған екен. Ағам айтқандай тілімнің ұзын екенін сонда білдім. Содан бері аз сөйлейтін болдым. 54

1. Ағасы інісіне нені ұзын деді?

2. Бала Самаурыннан не көрді?

3. Неліктен тілі тыз ете түсті?

4. Баланың тілі ұзын екеніне қалай көзі жетті?

Task 3

Task 4

Күн, Ай және Жұлдыз үшеуі келе жатып, жолдың жиегінде отырған баланы көреді.

Иә, балақай, кімді күтіп отырсың? - деп сұрайды үшеуі.

Ешкімді күтіп отырған жоқпын, - дейді бала. - Аяғыма тікен кіріп, жүре алмай отырмын.

Бұлар баланы аяп кетеді. Алдымен көмекке Жұлдыз ұмтылады. Бірақ оның көмескі жарығына тікен көрінбейді. Енді Ай кіріседі. Ол да тікенді ала алмайды.

Кезегі келгенде Күн айналаны жарқыратып жібереді. «Таптым!» деп бала тікенді өзі-ақ суырып алады. Риза болған бала үшеуіне де алғысын білдіреді. 75

1. Баланы кімдер көрді?

2. Бала неліктен жүре алмай отыр?

3. Бірінші болып балаға кім көмектеседі?

4. Бала тікенді қалай тауып алады?

Task 5

Task 6

Теңізшілер жаңа жерлерді іздеп шарлады. Оларға көп қауіп-қатер төнді. Бәрінен де қорқыныштысы керқұлақ (цинга) ауруы болатын. Қатқан нан мен тұздалған етті бір-екі ай қорек еткеннен кейін олардың тістері түсіп қалды. Бұдан кейін теңізшілер лимон жеуді әдетке айналдырды. Жүзу сапарларына лимон алып шығатын болды. Өйткені керқұлақ ауруының себебі - С дәруменінің яғни аскорбин қышқылының жетіспеушілігі екені анықталды. С дәрумені лимоннан басқа қарақатта, итмұрында және тәтті бұрышта көп кездеседі. 68

1. Жаңа жерлерді шарлауға кімдер шықты?

2. Олар қандай аурумен кездесті?

3. Олар сапарға қай жемісті алып шығатын болды?

4. С дәрумені қай жеміс-жидектерде бар екен?

Task 7

Task 8

Task 9

Task 10

Бір күні жолбарыс сырқаттанып қалады. Әміршінің көңілін сұрау үшін оның үйіне барлық аңдар жиналады. Тек түлкі ғана келмейді. Мұны байқап қалған қасқыр жолбарысқа жүгіріп келіп, түлкінің сыртынан өсек айтады.

Ашуланған жолбарыс күжілдеп, дереу түлкініалып келуді бұйырады.

Бұл хабарды естіген түлкі жолбарысқа өзі жүгіріп келеді.

- О, құдіреті күштім! Сіздің мені көргіңіз келген екен, міне, алдыңызға келіп тұрмын! - дейді.

Әй! - деп күжілдейді жолбарыс. - Барлық аңкеліп, менің көңілімді сұрады, ал сен?..

Е, құдіреттім! Сіздің науқас екеніңізді менбарлығынан бұрын білдім. Содан сізге дәрі іздеп кеттім, - дейді түлкі.

- Ә, солай ма? - деп жолбарыс сабасына түседі. 90

1. Жолбарыснеге барлық аңдарды жинады?

2. Жиналысқа кім келмеді?

3. Қасқыр нені байқап қалды?

4. Түлкінің жиналысқа келмеуінің себебі қандай екен?