Салыстырмалы тәсіл нарықтық құнды бағалауды жақында болған сатулар бағасын немесе анықталған айырмашылықтарға түзетілген бағалау күніне дейін бағаланатын объекті нарығынан орын алған, бағаланатын объектілерге ұқсас объектілермен салыстырылатын объектілерді сату бойынша ұсыныстардың бағасын талдау негізінде орындауға мүмкіндік береді.
Салыстырмалы тәсіл жылжымайтын мүлікті бағалау үшін қолданылады, онда бағалау үшін жеткілікті мәмілелердің белгілі бағалары және (немесе) ұсыныстары бар ұқсас объектілер санын іріктеуге болады.
Салыстыру бірлігін таңдағаннан кейін бағалау тәжірибесімен әзірленген тәртіппен салыстырылатын объектілердің ұсыныстар (сату) бағасын түзету жасалады, бұл ретте алғашқы бес түзету қатаң тәртіппен, қалғандары еркін тәртіппен орындалады:
1) берілген мүліктік құқықтарға түзету – мүліктік құқықтардың (иемдену, пайдалану, билік ету, сервитуттардың және тағы басқалардың болуы) жиынтықты айырмасы ескеріледі;
2) саудаға түзету – есептесулер үшін нақты мәмілелердің емес, ұсыныстардың бағасы пайдаланылатын жағдайда алғашқы бағаға жеңілдік ескеріледі;
3) қаржылық жағдайларға түзету – төлем жағдайындағы айырма ескеріледі (ұсыныстар бағасын талдау кезінде қолданылмайды);
4) сату жағдайларына түзету – сатушы мен сатып алушының өзара байланысы және мәміленің нарықтық емес сипатының мүмкіндігі ескеріледі (ұсыныстар бағасын талдау кезінде қолданылмайды);
5) сату уақытына түзету – уақыт кезеңінде нарықтағы бағалардың өзгеруі ескеріледі;
6) орналасқан орнына түзету – орналасқан орнына байланысты бағалар айырмашылығы ескеріледі;
7) физикалық сипаттамаларына түзету – объектілердің физикалық сипаттамасындағы айырма ескеріледі;
8) жылжымайтын мүліктің мақсатты пайдаланылуына түзету – мақсатты пайдаланылудың ауытқулары ескеріледі;
9) бағалаушының қалауы бойынша өзге түзетулер.