Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды ауылында дүниеге келген. Әкеден 8 жаста, шешеден 13 жасында айырылып жетім қалады. 1932-33 жылдары аштықты басынан өткерген. Соғыс басталғанда он сегізге толар-толмаста болған М. Әлімбаевтың педучилищені енді бітірген кезі еді. 1941 жылдың желтоқсанында соғысқа шақырылып, Павлодардан Семейге, Семейден Талғарға келіп, бір ай саяси жауынгерлер бригадасының 120 мм миномет дивизионына барды. Үш жарым айдай қатардағы жауынгер, сосын саяси жұмыстар жөніндегі жетекшінің орынбасары болды. (замполитрук) Калинин майданында Ржевтің түбінде 1942 жылдың қарашасынан ұрысқа кірісіпті, 1943-тің шілдесіне дейін соғысты. Сол кезде саяси қызметкерлер институтын жойып, жауынгер командир етіп даярланып, танк батареясының командирі болды. Соғыс біткесін Мұзафар Әлімбаевты Шығыс Германия жерінде әскери қызметке алып қалып, одан елге … 1948 жылы оралады.
2019