Loading…
Transcript

Task 1

Task 2

Task 3

Бір күні Арыстан ұйықтап жатқан кезде Тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп өтті. Арыстан оянып, тышқанды ұстап алды. Бейшара Тышқан жалына бастады.

- Егер мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасармын, - дейді ол. Арыстан Тышқанның "жақсылық жасармын" деген сөзіне күліп, оны босатып жіберді.

Келесі күні аңшылар Арыстанды ұстан алып, ағашқа таңып тастайды. Тышқан Арыстанның ақырғанын естіп, жүгіріп келіп, арқанды тісімен қырқып: "Есіңде ме, сен менен жақсылық күтпеген едің ғой. Енді, міне, Тышқаннан да қайырымдылық келетінін көрдің", - депті.

70 сөз

1. Арыстан Тышқанды неге ұстап алды?

2. Тышқан Арыстанға не деп жалынды?

3. Арыстанды кімдер ұстап алды?

4. Тышқан Арыстанды қалай босатты?

5. Тышқан Арыстанға неліктен комектесті?

Task 4

Task 5

Жиренше шешен бір күні жолда келе жатып, алдынан кездескен екі баладан: - Дүниеде бәрінен не тәтті, балам? - деп сұрапты

Сонда бала: -Бала тәтті, - деген екен.

-Ал жұмсақта не жұмсақ?

-Мамық жұмсақ.

Бұл баланың жауабын тыңдап тұрған екінші бала:

-Осы сұрақтарға мен жауап беріп көрейін, рұқсат етіңіз, - деп өтінеді.

-Айта ғой, балам, не тәтті? - дейді Жиренше.

-Ананың сүті, - деп жауап беріпті бала.

-Не жұмсақ?

-Ананың алақаны.

Жиренше екі баланың жауабына риза болып, батасын беріпті.

70 сөз

Click to edit text

Task 6

Task 7

Жазғы демалыста Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды.

Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызыл шақа.

Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды.

Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды. 72 сөз

Click to edit text

Task 8

Task 9

Task 10

Бір кішкене қыз көшеде, топты адамның арасында, анасынан адасып қалыпты. Ол шешесін іздеп, бақырып жылапты. Оны көрген адамдар, жұбатып:

-Сен жылама! Біз сені қазір анаңа алып барамыз. Сенің анаң қандай еді? - деп сұрапты. Сонда қыз жылап тұрып:

-Сіз білмеуші ме едіңіз? Менің анам ең жақсы адам. Ол бәрінен де жақсы, -депті.

50 сөз

Click to edit text