Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Қызмет көрсету саласы

Қызмет көрсету саласы

1

көлік және байланыс

әлеуметтік қызметтер

қаржы-несие

Видео

2

Қаржы-несие қызметі

1

Қаржы-несие қызметі әлемдік экономи- каның даму қарқынына, әлемдік сауданың дамуына оң ықпал етеді. Әлемдік қаржы нарығының негізгі субъектілеріне жекеменшік бизнес, мемлекеттер, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары жатады. Қазіргі кезде қаржы экспорты мен импортында дамыған елдер басымдылық танытады. Олардың үлесіне әлемдік қаржы экспортының жалпы көлемінің 90%-ға жуығы, қаржы импортының 60%-дан астамы келеді. Қаржы экспортының басты мақсаты — өз еліндегіге қарағанда көбірек табыс табу үшін басқа елдердің экономикасына инвестициялар салу.

1st

Қаржылық қызмет көрсету, негізінен, халықаралық қаржы орталықтары арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі дүниеде аса ірі қаржы орталықтары қатарына Нью- Йорк, Лондон, Токио, Париж, Цюрих, Сингапур, Гонконг, Бахрейн және т.б. жатады. Халықаралық қаржы орталықтарынан басқа, аймақтық қаржы орталықтары қалыптасқан.

2

3

Несие-қарыз

халықаралық

мемлекеттік

жеке

1

қаржы

Халықаралық несие тікелей шетелдік инвестициялар, халықаралық қаржы және банк несиелерін қамтиды.

Мемлекеттік несие несие беруші мемлекеттің мүдделеріне сәйкес, яғни сыртқы саясаттағы басты бағдарлары тұрғысында беріледі.

Жеке несиелер экономикалық табыстабуды көздейді.

Тікелей шетелдік инвестициялар — халықаралық несиенің ең белсенді бөлігі. Тікелей шетелдік инвестициялар ұлттық экономикалардың дамуына серпін береді, өнім көлемі мен табысты ұлғайтады, осы арқылы экономикалық дамуға мүмкіндік береді.

2

Туризм

4

1

Туризм — қазiргi кездегі аса маңызды қызмет көрсету саласы. Туризм ішкі (туристердің өз елі ішінде саяхаттауы) және халық- аралық (басқа елдерге баруы) деп бөлінеді. Туризм үлесiне шамамен дүниежүзiлiк жиынтық iшкi өнiмнiң және жалпы жұмыс iстейтiн ха- лықтың 10%-ы тиесiлi. Туризм күштi дамыған елдерде бұл көрсеткiш одан да жоғары. Дүниежүзілік туристік ұйымының мәліметтері бойынша, 2016 жылы дүниежүзі бойынша 1,186 млрд турист өз елінен басқа елге барды.

2

Қазiргi кезде халықаралық туризмнiң iрi аудандары қалыптасқан. Әлемдегi ең iрi таушаңғы туризмiнiң орталығы Альпiде жылына 60 млн-нан астам туристер демалады. Қамтылатын туристердiң саны жөнiнен теңiз жағалауындағы курорттар жетекшi орын алады. Туристердiң айрықша жиi баратын ауданы — Еуропа, Азия және Африканың Жерорта теңiзi жағалауы. Сонымен қатар Таиланд пен Мұхит аралдарында, Калифорния мен Флориданың құмды жағалауларында, Бразилия мен Мексиканың теңiз курортта- рында демалушылар саны артып келедi.

3

Туристердiң көп баратын нысандарының бiрi — қалалар . Әсіресе тарихи ескерткiштерiмен әйгiлi ежелгi қалаларға туристер легi ағылады. Халықаралық туризмнiң айрықша түрiне қасиеттi дiни орындарға құлшылық ету жатады. Барлық мұсылмандар үшiн Сауд Арабиясындағы Мекке мен Медине қалаларына қажыға бару қасиеттi борыш деп есептеледi. Ал христиан дiнiнiң қасиеттi жәдiгерлерi Иерусалим қаласында шоғырланған. Халықаралық туризмнiң басқа да салыстырмалы түрде аз тараған түрлерi жеткiлiктi.

4

видео

Тапсырмалар

1. Жапония мен Швейцария елдеріндегі қызмет көрсету саласының деңгейін салыстырыңдар.

2. Халықаралық туризм басым дамыған аймақтарға мысал келтіріңдер.

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi