1. Сот- сараптамасын жасау.
2. Сот сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
1) сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3) сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
4) сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
5) сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
6) сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін әзірлеу және бекіту;
7) сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтерін әзірлеу және бекіту;
8) сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
9) сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері мен әдістемелері валидациясының қағидаларын әзірлеу және бекіту;
10) сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
11) Қазақстан Республикасы Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
12) Қазақстан Республикасы Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;
13) сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды әзірлеу және бекіту;
14) сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларын әзірлеу және бекіту;
15) сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
16) сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту;
17) сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау;
18) сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
19) сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту;
20) сот сарапшыларын аттестаттау;
21) сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
22) Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
23) Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
24) сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту;
25) сот-сараптама қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
26) Сот сарапшысының әдеп кодексін әзірлеу және бекіту;
27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер жатады.
Сот сараптамасы заңдарына сәйкес шет мемлекеттердің сот сараптама қызметін жүзеге асыратын заңдармен және қызметтерімен бірлескен ғылыми-зерттеулер жүргізу, ғылыми және әдістемелік ақпараттар алмасу, сот сарапшыларын даярлау мақсатымен халықаралық байланыстар орнатуға хақылы.
Шет мемлекет мемлекеттік органының тапсыруы бойынша сот сараптамасын жүргізу дегеніміз – бұл сот сараптамасы Қазақстан Республикасы тиісті халықаралық келісім жасасқан шет мемлекет мемлекеттік органының тапсырыс бойынша жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда, егер халықаралық келісімде өзгеше көзделмесе Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады.
Шет мемлекеттің сот сарапшыларын тарта отырып, сот сараптамасын жүргізу
1. Қылмыстық, азаматтық не әкімшілік процесс жүргізуші орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шет мемлекеттің сот сараптамасы саласындағы мамандарын тартуға хақылы.
2. Сот сараптамасы органы басшысының сараптаманы тағайындаған органның келісуі бойынша жүзеге асырылатын шет мемлекет сот сарапшысын тарту құқығы болады.
Шет мемлекет сот сарапшысының қатысуымен сот сараптамасын жүргізу Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңдарына не әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.