Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
— Демографиялық көрсеткіштер бойынша графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін көрсетуді үйренесіңдер.
Елдер ең алдымен халық саны бойынша айырмашылық жасайды. Жалпы халық санының өсуі өзіндік қоғамдық-тарихи және аумақтық ерекшеліктер тән күрделі құбылыстар мен процестердің әрекетіне байланысты болады. Ғалымдар дүние жүзіндегі халық санының өсуіне тән маңызды факторлар ретінде
Қазіргі дүниеде халық саны 100 млн адамнан асатын 13 мемлекет бар, халық саны ең аз мемлекеттерге Ватикан, Монако, Сан-Марино т.б жатады.
Population Reference Bureau деректері бойынша, 2017 ж ортасында дүние жүзі халқының саны 7 млрд 536 млн адам болды, халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы километрге 51 адамнан келді. Дәл осы жылы туудың дүние жүзі бойынша орташа көрсеткіші 200/00 болды. Туудың ең төмен көрсеткіш Еуропа елдерінде (100/00 -ден аз), ал ең жоғары көрсеткіш Африкадағы бірқатар елдерде (500/00) байқалды. Дүние жүзі бойынша өлім деңгейі 80/00 -ні құрайды және елдердің топтары бойынша туу көрсеткіші сияқты үлкен айырма жасамайды (дамыған елдерде 80/00, дамушы елдерде — 100/00). Жекелеген елдерде үлкен алшақтықтар байқалады: 3—50/00 -ден 20-300/00-ге дейін. Халықтың өмір жасының ұзақтығы әлем бойынша 2017 жылы
72 жасқа жетті.
Өмір жасының ұзақтығының артуы дүние жүзі халқының құрылымында егде жастағы адамдар үлесінің ұдайы артуына алып келеді. Дүние жүзі бойынша қарт адамдар үлесі 2017 жылдың орта шенінде 9%-ды құрады. Дамыған елдерде жасы 65 жастан асқандар, яғни егде адамдар үлесі артуда (16%): халық қартайып барады. Халықтың жастық құрылымындағы егде адамдар үлесінің елдер бойынша алшақтықтары
кестеде көрсетілген.
Елдерді урбандалу деңгейі бойынша да салыстыруға болады. Урбандалуды сипаттау үшін салыстырмалы көрсеткіштер (халықтың жалпы санындағы қала тұрғындарының үлесі) алынады. Салыстырмалы көрсеткіштер урбандалудың деңгейін нақты көрсетеді. Жеке елдер бойынша бұл көрсеткіштер айырмашылықтар жасайды.