Loading…
Transcript

Дипломдық жұмысты рәсімдеу

  • Дипломдық жұмыс (жоба) компьютер мен принтер арқылы А4 қағазының бір жақ бетінде бір интервал арқылы басылып шығарылады. Қаріп – Times New Roman, қалыпты, 14 кегль.

  • Дипломдық жұмыс (жоба) мәтінін шығару кезінде парақ шеттері келесідегідей болу керек: сол жақ – 30мм, жоғарғысы – 20мм, оң жақ – 10мм және төменгісі – 25мм.

  • Терминдер, формулалар, теоремаларға көңіл аудару мақсатымен әртүрлі қаріптерді қолдану арқылы компьютерлік мүмкіндіктерді пайдалануға рұқсат беріледі.

Негізгі ереже

2

  • Дипломдық жұмысты (жобаны) басып шығару әдісіне қарамастан жазылған мәтіннің, иллюстрациялардың, кестелердің, суреттердің сапасы олардың анық жазылуына қойылатын талаптарға сәйкес келу керек.

  • Дипломдық жұмыстың (жобаның) жазылу барысында кеткен қателіктер, жаңылыстар және графикалық дәлсіздіктерді тазалап немесе ақ түсті бояумен бояп, машиналық немесе жазбаша әдіспен (қара сиямен) түзетілген мәтінді қайта жазуға болады.

  • Фамилиялар, мекемелердің, ұйымдардың, фирмалардың, өнімдердің аттары және т.б. жалқы есімдер өз тілінде жазылу керек.Жалқы есімдер мен ұйымдардың атын транслитерация арқылы дипломдық жұмыс (жоба) тілінде келтіруге рұқсат етіледі.

3

  • Тараулар мен бөлімдердің аттарын абзацтан және бас әріптен бастап жазу керек.Егер атау екі сөйлемнен тұрса, онда оларды нүктемен бөледі.

  • Дипломдық жұмыстың (жобаның) беттерін араб цифрларымен номерлеу керек.Беттер санын төменгі жақтың ортасына нүктесіз орналастыру керек.

  • Титул парағы жалпы номерлеуге кіреді. Титулдық бетте бет санын көрсетпейді.

  • Басқа беттерде жеке орналасқан иллюстрациялар мен кестелерді дипломдық жұмыстың (жобаның) жалпы номерлеуіне қосады.

4

Дипломдық жұмыста (жобада) көрсетілген сызбалар,графиктер, диаграммлар,

схемалар, иллюстрациялар Конструкторлық құжаттамалардыңбірынғай жүйесінің мемлекеттік стандартына сай келуі керек.

Көрсеткіштердің көрнекілігі мен салыстыру мүмкіндігін жақсарту үшін кестелер қолданылады. Кестенің аталуы оның мағынасын толық ашып, нақты және қысқа болу керек.Кестенің аты кестеден жоғары «кесте» сөзінен кейінгі жолда абзацтан бастап жазылу керек

Ескертпелер дипломдық жұмыста (жобада) мәтін мазмұнын, кестені немесе

графикалық материалды түсіндіру үшін немесе анықтамалық мәліметтер қажет жағдайда келтіріледі

Пайдаланылған әдебиеттерге жасалатын сілтемелерді төртбұрышты жақшада

келтіру керек.Қосымшаларды дипломдық жұмыстың (жобаның) жалғасы ретінде соңғы беттерде рәсімделеді,дипломдық жұмыс (жоба) беттерінің

номерлерін жалғастырады

Бұл топта:

Жолдас Ақылбек

Рыстанбек Ерасыл

Мухамадиев Жарқын

Топ мүшелері

Рахмеет!